Тәрбие сағаты "Менің Отаным"

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 216
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 22/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23577


Менің Отаным
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер.
Сабақтың барысы:
I. Д. к. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
СЛАЙД №1
-Балалар! Бүгін өзін-өзі тану сабағынан ашық сабақ.Бүгінгі күн бәрімізге құтты болсын.
Оқушы: Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным»..слайд.

–Қазағымыз «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» дейді.
Отан деген жанымызға – жақын, жүрегімізге – жылы сөз.

Оқушы:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін суйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдыретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған отан деп сыбырлаған.
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
- Бұл өлең қалай аталады және авторы кім?
СЛАЙД №6
- Ал, енді, осы «Отан» сөзінің әр әрпіне ұйқасатын сөз тауып көріңдерші.
О-отбасы
СЛАЙД №7
«Отан отбасынан басталады». Әрбір отбасы өзінше бір Отан. Өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана,жылы ұямыз. Оның қамқоршысы, тіреуі- әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешеді, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады.Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Отбасына деген сағыныш әр адамның жүрегінен орын алады.
Т-тәуелсіздік
СЛАЙД №8
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінгі күні Қазақстан елі дүниежүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан, әлемге танымал елге айналды.
А-Атамекен
СЛАЙД №9
Әр адамға туған жері, отаны, туып өскен өлкесі қымбат. Егер біз басқа жерге кетсек,тіпті бір күн болмай жатып, Атамекенінді сағынасын. Бұл барлық адамда болатын сезім.Атамекенің- алтын ұяң.
Н-Н.Ә.Назарбаев
СЛАЙД №10
Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы Алматы облысында дүниеге келген.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен айтуға болады.
СЛАЙД №11
О –Отбасы
Т –Тәуелсіздік
А – Атамекен
Н – Нұрсұлтан Назарбаев
- «Егеменді болмай ел болмас, тәулесіз болмай жер болмас»- демекші, егеменді ел , тәуелсіз мемлекет болдық. Әр тәуелсіз мемлекеттердің өз рәміздері мен Конституциясы бар.
-Ал, Конституция дегеніміз не?
Оқушы:Конституция- елдің басты құжаты. Бұл – мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы. Онда азаматтардың құқығы мен міндеттері жазылған. 1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Мұғалім: Конституцияда құқықтар ғана емес, сонымен бірге міндеттер де жазылған. Сен жақсы оқуға, білімді азамат болуға, өзіңнің жақындарыңды және Отаныңды сүюге міндеттісің. Отанды сүйетін, қорғайтын адамды кім дейміз? /патриот- яғни нағыз азамат. Ал, азамат қандай болады оны синквейн арқылы көрсетейік.
Рефлексия:(синквейн)-Азамат
Адал, ержүрек
Сүйеді, қорғайды,еңбектенеді
Елің - панаң, жерің – анаң.
Қазақстандық.
(Балалар алдын ала дайындап қойған түрлі түсті гүлдерін алып, Тәуелсіз елімізге тілек білдіріп тақтағы орналастырады. )
- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер.

[size=14][color=blue] Тәрбие.орг сайтынан Тәрбие сағаты "Менің Отаным" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Багдатова Сымбат Муратовна

Астана қаласы №79 мектеп-лицейі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar