Тәрбие сағаты "Нағыз ана әже екен"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 66
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 22/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23574


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Тәрбие сағаты: «Нағыз ана әже екен»
Жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, оқушылар! Міне, көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күні де келіп
жетті. Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, раушан гүлді, хош иісті, айнадай таза, сәуледей жарқыраған, сымбатты арулар!
Жиналыппыз 8-наурыз күні бәріміз
Үлкен-кіші, жасымыз да, кәріміз
Төрлетіңдер қадірменді қонақтар
Гүл жайнаған біздің мына төріміз.
Бүгінгі «Нағыз ана – әже екен» атты ертеңгілік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын мен сіздерді әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Мектебіміздің оқу ісінің орынбасары
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі
3. Әдістемелік бірлестік жетекшісі
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып,
Маған сақтап жүреді
Тәттіні де жасырып.
Тасып тәтті дәмдіні
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін
Біздің үйде осындай әжетайым бар менің! - дей келе әжемізді немересімен ортаға шақырамыз.
Мың бұралған арулар билеп, басып,
Келді міне әжелер толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің!
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Өнер қуып халқымыз өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Бәске түскен әже мен немерелер,
Таныстырып өздерін өтер деймін,
Таныстырсын өздерін,
Тамылжытып сөздерін!
І-ші «Таныстыру» атты бөлімінде әжелер мен немерелер өздерін таныстырып өтеді. (Киім киісі, өзін ұстауы, сәлем беруі)
ІІ-ші «Менің ертекшіл әжем» атты бөлімінде әжеміз басынан өткен, бізге үлгі болатындай бір әңгімесін айтып береді.
ІІІ-ші «Әжем – ұстазым» атты бөлімінде «Білімдіге бес сауал» деп сұрақтар қоямыз.
Әжелерімізге сұрақтар:
1-сұрақ. Балаңыз дүкеннен бір затты алып бер деп қиғылық салды. Сіз не істер едіңіз?
2-сұрақ. Жаңа жыл мерекесі кезінде, балаңыз кейіпкер бейнесіндегі адамнан шошынып қалды. Сіз қалай қабылдайсыз?
3-сұрақ. Бесік жырын білесіз бе? Үзінді айтып беріңіз.
4-сұрақ. Немереңізге қандай ертегілер айтасыз?
5-сұрақ. Бата деген не? Бата бере аласыз ба?
6-сұрақ. Қандай қонақ түрлерін білесіз?
Ал, балалар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Раушан гүлін үзіп ал, қымсынбай келіп,
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар!
IV-ші «Немерем әрі қолғанатым» атты бөлімінде балалар келіп, раушан гүлдерін бір-бірден алып, сол гүлдегі номер бойынша сұраққа жауап береді.
Балаларға сұрақтар:
1-сұрақ. Сенің қолыңда көп қарындаш. Қасындағы досың қарындашын сындырып алып, жылап отыр. Сен не істер едің?
2-сұрақ. Жет атаңды білесің бе?
3-сұрақ. Бесіктегі бауырың жылап жатыр, анаң далаға шығып кетті. Сен қайтер едің?
4-сұрақ. Жамау жамай білесің бе?
5-сұрақ. Ана туралы мақал-мәтел немес тақпақ білесің бе?
6-сұрақ. Сен анаңмен автобус орындығында отырғанда, автобусқа бір әже мінді. Бос орын жоқ, сен не істер едің?
V-ші «Ата салтымызды ұмытпайық» атты бөлімінде «Шебердің қолы ортақ» деп әжелерімізді ою оюға ортаға шақырайық.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты?
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайысымызда бәйге алуға
Әжелер аянбай-ақ жан салыпты.
VI-ші «Немереміз, әжеміз – өнерліміз бәріміз» атты бөлімінде әжесі немересімен өз өнерлерін көрсетеді.
Аналар жоқ-ау баласын оңай өсірген,
Мехнат тартып, бәрі де азап кешірген.
Тереңдеп сызған әжім басқан ақ бетін
Қадір тұт, балам, шығарма әсте есіңнен! – дей келе тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де гүлі аналар
Ана деп бас иеді күллі халық,- дей келе отырып, ата-аналарға сөз кезегін берейік. Тәрбие.орг сайтынан Тәрбие сағаты "Нағыз ана әже екен" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Багдатова Сымбат Муратовна

Астана қаласы №79 мектеп-лицейі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar