Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тұрлаулы мүшелер. Қазақ тілі. 3-сынып
  • 21.02.2016
  • 858 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16500

Сембаева Бейбитгуль Сатымбаевна Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер. Сабақтың мақсаты: 1. 1.Оқушыларға тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру. Бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қоя білуді үйрету. 2.Сөздік қорларын молайта отырып, тіл байлықтарын арттыру, дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.3. Ұйымшылдыққа ,бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар.
Әдістер-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтық ,ойын,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа даярлау. Оқушылардың оқу-құралдарын дайындатып, сабаққа назарын аудару,түгендеу.
-Балалар,бізде қай сабақ?
-қазақ тілі туралы не білеміз?
Қазақ тілім –өз тілім ,анам тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым ,бақытым ,дара тілім.
Міне ,балалар, ғұлама, кемеңгер, ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағына қонақтар келіп отыр. Ендеше, сабағымызға бәріміз жақсы қатысып,білімдерімізді көрсетейік.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сабақ мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
Ү.Жаңа сабақ.Тұрлаулы мүшелер
Қызығушылықтарын ояту.
Балалар, біз қазір жаңа сабақты өтпес бұрын сіздерменен «Бәйге» ойынын ойнасақ
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
3. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
4. Қандай сөйлем мүшелерін білеміз?
5. Бастауыш дегеніміз не?
6. Баяндауыш дегеніміз не?

Күн ретін жазу .Көркем жазу.Оқулықпен жұмыс
№1слайд . Шығармашылық диктант
Мәди жиналған отынның арасынан бір дыбыс естіді.Ол жақын барып қарады. Бір құс қуысқа қысылып қалыпты.Құс қанатымен отынды сабалайды. Мәди құсты үйіне алып
келді.
Кім? не? не істеді?не қылды?қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді алып тастап сөйлемдерді оқыту. 1) нәтижесінде сөздердің мағынасыз тізбегі ғана қалды
№2,3слайдтар
1 жаттығу. Мәтінді оқы. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тауып жаз.
Балалар шықты.Көше бағдаршам тұр. Машина.Олар күтті.Шам жанды. Балалар өтті.
Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын бұл сөздерді сөйлем деп айтуға болады ма?
2).сөйлемдік дәрежесін сақтай алмайды
3).Кім?не? не қылды?қайтті? деген сұраққа жауап беретін сөздер сөйлемнің негізін құрайды.
Ережемен таныстыру. Хормен оқу .
Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілері мынандай:
Тұрлаулы мүшелер өздігінен сөйлем жасай алады. Оқушылар келді.Марат көмектесті.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері кім?не?не қылды?қайтті? деген сұраққа жауап беретін сөздер Ол тамашалады.
Бір ғана тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлемдерде болады. Қыс. Түн..
Сергіту сәті
Жаза ,жаза қолымыз,
Талып кетті көзіміз.
Бір,екі,үш-бойға жина күш
Тағы қалам аламыз,
Таза етіп жазамыз.
ҮІ .Түсінгендерін тексеру.
№3 слайд
2-жаттығу.Мәтінді оқы. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап. Баяндауышы зат есім болып тұрған сөйлемдерді көшіріп жаз.
Аю
Аю-орман қожасы.Ең көп тараған түрі- қоңыр аю.Азығы-өсімдік
3-жаттығу. Сұрақтаға жауап жаз.Жауабыңдағы бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.
Өздік жұмыс. Дарынды оқушылармен жұмыс . Аю туралы не білеміз?Балықтар туралы не білеміз? Маймылдар туралы не білеміз?Әрқайсысының өз ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталу
Аю қайда ұйықтайды? Балықтар қайда жүзеді? Маймылдар қайда мекендейді?
Аю қыстай апанында ұйықтайды.Балықтар суда жүзеді. Маймылдар орманда мекендейді.
ҮІІ. Сабақты қорыту.Біз не білдік?
Дидактикалық ойын: «Толықтыр»
Ойынның шарты: көп нүктенің орнына кім? не істеді?не қылды?сұрақтарына жауап беретінсөздерді қойып,сөйлемдерді толықтыру.
............айнадай жарқырайды.Ақбөкендер ен даланы ...............Есік алдында ...........жайқалып өсіп тұр.Жаңбыр түнімен..........

ҮІІ1.Үйге тапсырма беру: 1. Ережені жаттау .5- жаттығу.
2. Оқушыларды бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Тұрлаулы мүшелер. Қазақ тілі. 3-сынып Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сембаева Бейбитгуль Сатымбаевна

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы Ы.Атынсарин атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: sembaeva_1976
Көрсетілім: 858 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar