Төрт түлік

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 727
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 09/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18563


Ана тілі 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр
малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік
қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты
мақал - мәтелдер, әңгімелер, тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыру.
2.Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, ой-өрістерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Төрт түлік малды қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, салыстыру, ізденушілік, сын - тұрғысынан ойлау.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,нақыл сөздер, бүктеме,
тірек-сызба, суреттер төрт – түліктің.
I. Ұйымдастыру
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Жарқырап күн ашылды,
Айнала нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Қазір төрт топқа бөлініп, әр түрлі жұмыстар жасаймыз.
І топ – Ботақандар
ІІ топ – Құлыншақтар
ІІІ топ – Бұзауқандар
ІV топ – Қошақандар
Жаңа сабақ
Ой қозғау
а) Төрт түлікке нелер жатады?
ә) Олардың төлдерін атаңдар.

1. Кіріспе сөз.
- Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мал олардың киімі, тамағы, көлігі. Бір сөзбен айтқанда барлық тіршілігі, күн көруі малға байланысты болған. Сондықтан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп – бағуды көбейтіп, өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасына қажетіне қарай іріктеп сойып жеп отырған. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Халқымыз өздерінің тіршілік шаруашылық өмірін осы мал өсіруімен байланыстыра жасаған. Малдың етін, сүтін, терісін, тіпті мүйізіне, сүйегіне дейін ұқсата білген. Сондықтан қасиетті төрт - түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіспіз.
Дәптермен жұмыс
Жылқы-құлын, түйе-бота, сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі- лақ.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы төрт түлікке әр топ өздері жауап береді
1топ. Қой - төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Сондықтан болар қазақ атамыз өсек - аяң, қулық - сұмдығы жоқ бір қалыпты, сабырлы адамды «қой аузынан шөп алмайтын момын» деп тегін айтпаса екен. Қой малы сонау ежелден халқымыздың несібелі малы болып есептелген. Балалар ауырып қалған кезде осы қойдың құйрық майымен сылап, ішіп жатады.

2топ. Түйе - төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы аз емес. Түйенің сүті - шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті. Ішсе сүт, жесе ет, майы да мол. Түйенің сапалы жүні бар.


3топ. Сиыр - Зеңгі баба тұқымы. Ол адамға серік, әрі ақылды, әрі момын жануар. Біздің ішіп - жейтін тағамдарымыздың барлығы осы - сиыр малының өнімі. Мысалы: құрт, ірімшік, айран, май, қатық.



4топ. Жылқы - жер жүзінің бәріне тараған түлік. Жылқы малы өте төзімді. Ол қыста сары аязда далада жайыла береді, өйткені жылқы малы суыққа тоңбайды. Еті де, сүті де өзгеше. Қазы - қарта, жал - жая жылқыдан алынады.


1топ. Құрт.
Құрт деген ол арғы атасы ақтан болар,
Жарнамасын айта берсең дастан болар,
Аузыңа салып алып,
Ұртыңды бұлтыңдатып,
Ойланып жатсаң бұл,
Денсаулыққа пайдасы бар.

2топ. Сүт.
Сүт, үйіңе келсе құт,
Ішсең ас, ұйтсаң айран.
Шайқасан май,
Қатса тәтті болар шәй.
Ішіп алып терлеп - тепшіп,
Көңілің жай.

3топ. Шұбат.
Бар қызығы жарнаманың шұбатта,
Ішіп алып біраз ойлап тұрақта.
Ауырған жерің басылып
Тыныстарың ашылып,
Сарайыңды ашатын,
Сусыныңды басатын
Бар қызығы шұбатта.

4топ. Қымыз.
Ішіп алсаң қымызды,
Тартқандайсың қымызды.
Қан жүгіріп, бой - бойлап,
Кеткендейсің той - тойлап.
Пай - пай, шіркін, денсаулыққа пайдасы - ай.
Дәрі ішкенмен сайма - сай.

Сергіту сәті:
Атқа жақсы қараймын,
Жал құйрығын тараймын.
Мініп алып сол атқа,
Барып жүрмін қонаққа.

Кіп-кішкене, момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп,
«Қошақаным» өзің деп.

Сайыс. «Кім жылдам»
Топтық жұмыс
1-топ 2-топ

3-топ 4-топ


Тыйым сөздер
1. Малды теппе, ақты төкпе.
2. Малды басынан ұрма.
3. Малға теріс мінбе.

Ән айту. «Қошақаным», «Жазда атамнын ауылында» әндерін хормен айту.
-Жарайсыңдар, балалар.
-Балалар, енді төрт түлік туралы жұмбақтар шеше аласыңдар ма?
Жұмбақтар
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)



-Балалар, жарайсыңдар. Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер?

Қорытынды. «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» деген ата - бабамыз мал атаулының қадір - қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған. Қазақстан жерін малсыз көзге елестету мүмкін емес. Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Бағалау.Жетондар арқылы.
Үйге тапсырма беру: Төрт түліктің пірлерін жаттап келу.

Материал авторы:
Әлімқұлова Назира Икрамқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Сарыағаш ауданы
№17 Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебі Тәрбие.орг сайтынан Төрт түлік Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Әлімқұлова Назира Икрамқызы

Пікірлер: 0

avatar