ТАҚЫРЫБЫ: САН ЕСІМ

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 292
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 08/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20877


Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру.
2. Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіре отырып, сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету. Сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.
3. Адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, талдау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: қима-қағаздар, семантикалық карта, сөзжұмбақ, суреттер.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа керекті құралдарын алғызып назарын сабаққа аудару.
Балалар, бүгін біздің сабағымызға көп қонақтар келіпті. Қонақтар сендердің білімдеріңді көрмекші. Сабақ бойы нақты, толық жауап бере отырып, таза, әрі әдемі жазуға тырысайық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
446-жаттығу
Аңдар аттарын оқыту. Олардың ертегілерде қандай болатынын сұрау
Қасқыр – қорқау және жыртқыш
Түлкі – қу және өтірікші
Қоян – қорқақ және мақтаншақ
2-3 оқушыға оқыту. Осы жануарлар туралы қандай ертегі білетіндерін сұрау.
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау
Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.
Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә» деп, дұрыс емес болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек.
- Сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (иә)
- «Ұқыпты» сөзі етістікке жатады (жоқ, сын есім)
- Зат есімнің сұрақтары қандай? қай? (жоқ, кім? не?)
- «Жазып жатыр» дара етістік (жоқ, күрделі етістік)
- Етістіктің сұрақтары не істеді? не қылды? қайтті? (ия)
- Етістіктер жекеше және көпше болып бөлінеді? (жоқ, дара және күрделі)
- «Кітап» сөзі зат есімге жатады (ия)
- Зат есімнің сұрақтары кім? не? кімдер? нелер? (ия)
- «Тоқыды» сөзі зат есім (жоқ, етістік)
- Қандай? қай? Етістіктің сұрағы (жоқ, сын есімнің)
- «Қатты» сөзі сын есім (ия)
- Заттың сынын, түрін, түсін білдіретін сөздерді зат есім дейміз (жоқ, сын есім)
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
- Балалар жаңа сабағымызды мына сөзжұмбақты шешуден бастайық.
Мен сендерге мақал-мәтелдер оқимын, сендер қалып қойған сөзді тауып айтасыңдар.
1. ............ ауыз сөздің,
Тобықтай түйіні бар.
2. Төртеу түгел болса төбедегі келеді,
........ ала болса, ауыздағы кетеді.
3. ........... саусағынан өнер тамған
4. Ер жігіттің ....... сөйлегені өлгені.
5. ............. қырлы, бір сырлы.
6. ............. атасын білмеген жетесіз.
7. Білікті бірді жығады,
Білімді ........ жығады.
- Балалар, өте жақсы, сөзжұмбақтың тігінен қызыл жолақта қандай сөз шықты?
- Сан есім.
- Дұрыс. Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз сан есім (Тақтаға сан есім деп тақырып жазу).
- Балалар осы сөздер заттың несін білдіріп тұр? Бұл сөздерге қандай сұрақ қойылады?
Қорытынды шығару. Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады.
1. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты
Бб
Балалар б әріпінен басталатын зат есім ойлаңдаршы. Ол қандай сұраққа жауап береді?
Ал енді етістікті ойлаңдаршы. Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
Ал енді сын есімді ойлаңдарды. Қандай сұраққа жауап беріп тұр?
Бүгінгі біздің тқырыбымыз қандай?
Енді сан есімге ойлаңдаршы. Қандай сұраққа жауап беріп тұр?
Балалар осы 5 санына байланысты не білесіңдер?
Абай атамыз өсиет қылып қалдырып кеткен бес алыс іс, бес дұшпанды біле жүр деген екен, соны еске түсірейік.
Бес асыл іс-
Талап ,еңбек, терең ой
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес дұшпан-
Өсек, өтірік, мақтаншақ.
Еріншек, бекер мал шашпақ
Дұрыс балалар.
Яғни 5 нәрсенден қашық болуымыз қажет ал қалған 5 нәрсенң бойымызға сиңіруіміз қажет.
Ал енді оқулықтағы 477-жаттығуға назар аударайық.
Оқулықпен жұмыс.
477 - жаттығу (ауызша)
Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқып, берілген сұрақтарға жауап беру.
Қарамен жазылған сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
Ол сөздер нені білдіреді?
Балалар келесі жеттығуымыз жұмбақ екен.
Жұмбақты оқып, жатқа жазуымыз керек. Сендерге уақыт берем ал қанекей жаттаймыз.
Ал енді кітабымызды жауып жұмбақты жатқа айтайық.
Енді осы жұмбқты хормен айтайық.
Бір оқушыны тақтаға шығартып жұмбақты жазғызу.
448 – жаттығу
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек.
Бұл не екен балалар.
Шешуі: домбыра.
Дұрыс балалар .
Балалар домбыраның не екенің білеміз ба?
Балалар домбыра-қазақ халқының арасында кең тараған екі ішекті музыка аспабы. Домбыра өткен ғасырларда шертер, сыбызғы, қылқобыз, шаңқобыз т.б. аспаптармен қатар дамыды. Көне аспаптардың ішінен ұзақ сақталып келе жатқан да осы домбыра. Қазақтың майталман күйші – композиторлары: Дина Нүрпейісова, Құрманғазы, Дәулеткерей, домбыра қасиетін кейінгі ұрпаққа кең насихаттап кетті. Домбыра тек күй ғана емес, ән орындағанда сүйемелдеу үшін қолданылатын аспаптың бірі.
Балалар енді осы сөзжұмбақтан сан есімді тауып, астын сызамыз. Олар қандай сұрақтарға жауап беріп тұр?
Бұл қандай сөз табы?
Балалар енді осы сан есімдердің қандай сөзбен байланысып тұрғанын табуымыз керек, және оны сызбамен көрсетуіміз керек.
Сөз бен сөздің байланысын не арқылы табамыз?
Қане сұрақ қояйықшы?
Тақтаға оқушыны шығартып байланысын тапқызу.
Сергіту сәті.
1,2,3-ал, қанеки ұш,
4,5,6,7 – мынау ауыл шеті,
8,9,10 ал, қанеки қон.
Енді келесі жаттығуымызды орындайық.
Бізге ребус берілген қане шешейік.
449 - жаттығу. (өз бетімен) Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра. Құраған сөлемді тақтаға жаздыру.
Шешуі: Жүз екі
Оқушыларға қима-қағаздар таратып беру.
450-жаттығу (ауызша)
Берілген сөздердің сан есім екенін дәлелде.
Бес, тоғыз, жетінші, отызыншы.
Бұл-сан есім өйткені заттың санын білдіріп, қанша? нешінші? сұрағына жауап береді.
Тоғыз- заттың санын білдіреді, қанша? сұрағына жауап береді.
V. Жаңа сабақты бекіту
Семантикалық картамен жұмыс

Сөз таптары
Сөздер Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Айгүл, дәптер, оқулық
Төрт, бес, жүз
Жүгір, секір, ойна
Қызыл, қызық, биік
«Ханталапай» ойыны.
Ойының шарты: қоржынға 1-ден 7-ге дейін нөмірленген асықтар салынады. Оқушылар асықты алып,оның нөміріне сәйкес келген сұрақты оқып, оған жауап береді.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Зат есім дегеніміз не?
3. Сын есім дегеніміз не?
4. Етістік дегеніміз не?
5. Зат есім нешеге бөлінеді?
6. Етістік нешеге бөлінеді?
7. Сан есім дегеніміз не?
VІ. Бағалау
Оқушыларды берген жауаптарына қарай бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма
451-жаттығу. Тәрбие.орг сайтынан ТАҚЫРЫБЫ: САН ЕСІМ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исабекова Нұргүл

Тараз қаласы №27 жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar