Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 559
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22627


Сынып: 1
Пәні: сауат ашу Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№ 188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Байзыханова Баян Слямхановна
Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1Әріпті тану ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін/буындап,оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу, теріп оқу /қолдану
Сабақтың мақсаттары Мәтінді тұтас дұрыс оқиды.
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды
Жетістік критерийлері Әріпті таниды, ажыратады және дыбыспен сәйкестендіреді, жоларалық кеңістікті сақтай отырып жазады
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, дүниетану, математика ,көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Жасыл- зеленый- Green,жақсы –хорошо-Good,жаңбыр-дождь- Rain
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру

Сабақтың басы
Біз бақытты баламыз
Ойнап, күліп аламыз
Сауат ашу пәнінде
Оқып, жазу жазамыз
Сынып іші тап-таза
Борда дайын тақтада
Ойымызды жинақтап
Отырайық партаға
Бір,екі,үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз

- Сәлеметсіңдер ме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа
апайлар келіп отыр.


Балаларды топқа бөлу
Үстел басынан әріп таңбаларын алып түстеріне қарай орналасу.
Топ басшыларын сайлап аламыз


Шаттық шебері

Сабақтың ортасы


1. Балалар ң дыбысы қандай дыбыс ? Қандай сөздер білеміз?
2. З дыбысы қандай дыбыс? Қандай сөздер білеміз?
3. Ө дыбысы қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде кездеседі?
4. Ә дыбысы қандай дыбыс? Қандай сөздер білеміз?
Әр топқа сұрақтар қою:
1 топ
Дыбыс деген не?
- Әріп дегеніміз не?
2 топ
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Олар қандай дыбыстар ?
3топ
-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
4 топ
- Олар қандай дауыссыз дыбыстар ?
- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Сендер соны шешіп көріңдерші
1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
2. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді. (Жаңбыр)
3. Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
4. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)
Осы сөздердің барлығы қай дыбыстан басталып тұр?
-Ж дыбысынан.
–Бүгін ендеше Ж дыбысы және әрпімен танысады екенбіз.
-Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-Қандай дыбыс екен? -Дауыссыз ұяң дыбыс. Қалай айтылып тұр?
Топ басшыларына мынандай сұрақ :
1. Ж дыбысын көк текшемен белгілеп қойдық .
Қалай ойлайсың неліктен ?
Біз қазір қандай бөлімді оқып жатырмыз?
/Саяхат бөлімін/
2. Біз қайда саяхат жасадық? Орманға, табиғатқа саяхат жасадық.
Табиғат деген не ?
Табиғат нешеге бөлінеді?
3. Тірі табиғатқа не жатады ?
4. Өлі табиғатқа ше?

Оқулықтағы суретпен жұмыс .Суретте не бейнелеген? Балалар не істеп жүр?

Жақсы мынау қандай сан ?
Жеті сөзіне дыбыстық талдау жасау Жеті саны қандай сан?
№1 Оқылым .
Бағандағы сөздердің мағынасын оқып түсіндіру.

1-топ Хормен оқу
2-топ Тізбектей оқиды
3-топ Жолбарыс – сөзінен сөздер шығару
4-топ Қарама-қарсы сөзді тауып оқу

Мәтінді оқып беру. Жарыс

1-топ Мәтінді тізбектей оқиды.
2-топ Бір буынды сөздерді теріп оқиды.
3-топ Жарыс сөзіне дыбыстық талдау жасау. Жарыс сөзі бар сөйлемді тауып оқу.
4-топ Мәтінді мазмұндап түсінгендерін айтады.
Келесі тапсырмаға көшеміз.
1. Жайлау сөзін топтастырады / постер арқылы/
2.Жайлауда сөзін буынға бөлу.Семантикалық картаны толтырады
3. Жүзімді мүсіндеу
4. Жаңбыр тамшыларынан сөздер құрау
Қарамен берілген сөздердің мағынасын ажырат.

Таныстырылым,





Оқулықпен

Қызықты тапсырма

Аяқталуы

Келесі тапсырма әр топқа
1. «Адасқан әріптер» ойыны Т, Р,А, Ш,С, О,Л,Ы, Н,
2. Жасыл сөзін буынға бөліп ,буын схемасын сызады
3. Жаңбыр сөзіне сөйлем құрап, сөйлем схемасын сызу
4. Кеспе әріптерден жақсы сөзін жазады,дыбыстық талдау жасайды.

Жазылым
Жоларалық кеңістікті сақтай отырып дәптердегі үлгілер жолдарын жазу

дәптерлер.
Сабақтың соңы
Кері байланыс
1. Ж дыбысы қандай дыбыс?
2. Ждыбысы бар қандай сөздерді білеміз?
3. Ж дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
4. Ж дыбысы қалай айтылады?


Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру

Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие) Тәрбие.орг сайтынан Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байзыханова Баян Слямхановна

Пікірлер: 0

avatar