Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Табиғат сыйы
  • 07.01.2017
  • 42 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20843

Тақырыбы:Табиғат сыйы.
Мақсаты:Оқушылардың табиғатқа деген қамқорлығын кеңейте түсу.
Білімділік:Табиғат пен адам өміріндегі үйлесімділігі,оның маңызы.
Дамытушылық:Табиғатқа қамқор бола білу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік:Табиғатқа,өсімдіктерге күтіммен қарауға тәрбиелеу.
Түрі:
Әдісі:
Көр:
Барысы:
I.Ұйымдастыру
II.Тыныштық сәті.
III.Мұғалімдер сөзі
IV.Әңгімелесу.
Сурет бойынша әңгімелеу.
- «Табиғат сыйы» деп нені айтамыз?
-Табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар?
-Суретке қарап, табиғат сыйы туралы не айтуға болады?
V.Түйіндеу.
-Иә балалар табиғат дегеніміз-ақ,құс,өсімдік,тай,тас,өзен,көлт.б олардығ барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.Бүгін біз табиғат ананың бізге тату еткен сыйының бірі-«қанатты достар»-құстар туралы әңгімелесеміз.
VI.Мәтінмен жұмыс.Өлеңді оқу әңгімелеу.
Адамның артықшылығы Қ.Мырза Әли
-Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?
VII.Түйіндеу.
Дұрыс айтасыңдар, балалар, табиғаттан жүруге,жүзуге және ең бастысы әдемілікті,сұлулықты үйренеді.
VIII.Жаңа ақпарат.
Табиғат дегеніміз-ақ, құс, өсімдік, тай, тас, өзен, көл, ауа, жер ....біздің тіршілік ортамыз.Барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау,оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.
IX.Тапсырма.
Қазір қай мезгіл? -көктем
Осы мезгілде аспан көгіндегі құс жолы белдеуімен қанатты достарымыз бізге адаспай ұшып жетуіне септігін тигізетін жарық жолдар салу үшін мына тапмырманы орындайық
Сол құстың жақсы қасиеттерін жазасың
-Аққудың жақсы қасиеті- адалдығы;
-Қарлығаштың жақсы қасиеті-адаммен достығы;
-Қыранның жақсы қасиеті- батылдығы;
-Тотықұстың жақсы қасиеті-ағашқа қамқорлығы;
-Сауысқанның жақсы қасиеті-сақтығы
-Тотының жақсы қасиеті-әдемілігі
-Бұлбұлдың жақсы қасиеті-ән сыйлауы
- Жарайсыңдар, балалар, сендер түн ішінде жарқырап тұратын құс жолын бұрынғысынан да жарқыратып жібердіңдер.Ал құс жолын жарқыратқан құстардағы жақсы қасиеттері екенін ұмытпаңдар.
X.Сахналау
Құс ұясын бұзбайық!
Ө.Тұрманжанов
Табиғат ана балаларға неліктен өтініш айтты деп ойлайсындар?
-Сендер осы өтінішіне қалай жауап берер едіңдер? Неліктен?
XI.Әңгіме құрастыру
XI1.Дәйексөз
Табиғатым-ақ құсыммен ажарлы
Р.Сәтімбеков
XIII.Дәптермен жұмыс!
1тапсырма.
Қанатты достар сыйлаған табиғат анаға қандай сүйіспеншілік қолын ұсынасыңдар?
Алақан ортасына табиғатқа деген сүйіспеншіліктерінді білдіріңдер.
2 тапсырма.
Әріптерді орнына дұрыс қойғанда,құстардың бізге айтқан өтінішін оқуға болады.
XIV.Мәтінмен жұмыс.
Наурызгүл.
Ел аузынан жазып алған С.Байшуаққызы.
-Қызды наурызгүлдің қандай қасиеті емдеді деп ойлайсыңдар?
-Осы гүлді табиғат сыйы деуге болама? Неліктен?
-Наурызгүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?
XV.Түйіндеу
-Иә,балалар, бұл да табиғат сыйы.Өйткені табиғат-ана адамдардың қыстан шаршап көктемді сағынғанын біліп,қар ерімей жатқан шақта-ақ Наурызгүлді сыйға тартады.Суықтан қажыған ел қарды жарып шығып,суыққа шыдап тұрған қайсарлы гүлді көргенде қуаттанып,қайраттанып қалады.
XVI.Дәйексөз
«Табиғаттың әдемілігі - адам жанының тазалығы»
В.А.Сухомлинский
XVII.Тапсырма.
«Табиғатпен тілдесейік» әңгімелеу.
XVIII.Шығармашылық жұмыс.
Жер,су,ауа,өсімдік адамға тигізер пайдасы,адаменың оларға тигізер пайдасын әңгімелеу.

XIХ.Үйге. Дәптермен жұмыс
XХ.Қорыту.
Адам табиғаттан сұлулықт, әдемілікті үйренеді.Ол үшін адамға табиғатты тану,сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну қажет.Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен,сырлы өлеңмен,ғажап суреттермен жеткізе алады.
Балалар,табиғат-ана барлығына ортақ.Ол адамдарды,айналасындағыларды жаман-жақсы деп талғамайды.Өзінің сыйын бәріне бірдей береді. Тәрбие.орг сайтынан Табиғат сыйы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Өтесін Алмажай

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: сыйы, табиғат, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба
Көрсетілім: 42 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar