Табыс септік

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 163
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 07/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21560


Сабақтың тақырыбы:Табыс септік.
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту.Табыс септік туралы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: Білімділікке,сауаттылыққа , шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап , түсіндіру, ойын, шығармашылық тапсырма, ребус,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
42-жаттығу.
1. Зат есімнің септелуі деген не?
2. Атау септігінің жалғауы бар ма?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Зат есім септеледі жеті түрде
Бір-бірімен шатастырып алып жүрме
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой
Жатта соны, ойнап күлме, босқа жүрме.
Оқушылар септіктерді еске түсіріп бір қайталап айтып шығады.
ІV. а) Шығармашылық тапсырма.
Ана...(ны) сыйлап өтейік.
Сәуле...(ні) оқыту керек.
Орындық...(ты) қозғау керек. Тәрбие.орг сайтынан Табыс септік Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ықлас Айгүл Жазықбайқызы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 11 жалпы білім беру орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar