Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тамсандырған дала
  • 04.01.2017
  • 130 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20774

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: Тамсандырған дала.
Мақсаты: 1Оқушыларға әртүрлі әдіс-тәсіл арқылы мәтінді өздігінен оқып, түсініп, талдауға мүмкіндік беру.
2. туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Туған елдің байлығын, табиғатын тереңірек танып білу, топпен жұмыс істеуге баулу.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, кәрзеңке, бағалау кестесі, портрет.
Әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.»Үш бақытым» өлеңін жатқа 3-4 бала жатқа айтады, «Менің бақытым» тақырыбына шағын эссе жазу, 2-3 бала оқиды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Психологиялық ахуал. Тыныштық сәті. Музыка ойнап тұрады.Қазақстанның табиғатын суреттейтін мәтін оқимын.
- Көз алдарыңа не елестеді?
1. Қызығушылықты ояту. Тақырыпты жариялау. «Тамсандырған дала»
Ойлар себеті: -Бұл әңгіме не туралы болуы мүмкін? (Оқушылар өз ойын стикерге жазып ойлар себетіне жапсырады)
-Біз Қазақстанның далаларының атауы бойынша топқа бөлініп отырайық.
1 топ- Сыр елі 4 топ – Кереку елі
2 топ – Сарыарқа елі 5 топ – Алтай елі
3 топ – Жетісу елі
-Бұл өңірлер несімен мақтана алады екен? Мына мәтіндерді оқып шығыңдар - деп әр өңір туралы қысқаша мәтін беремін. (Оқушылар мәтінмен танысып, бұл өңірлер қазақстанның қай тұстары екенін анықтайды, яғни, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
2. мағынаны тану. Әр топ мәтіннің өзіне берілген бөлімін оқып шығады. Әр топтан бір оқушы шығып сол бөлімді мазмұндап береді.
Әлемді шарлау. Әр топ өзінің оқыған бөлімінің суретін салады. Дайын суреттерді топтар бір-бірін бағалайды.
Бағалау парағы.
Мысалы Кереку өңірінің бағалау парағы
№ критерилері Сарыарқа Сыр елі Алтай елі Жетісу елі
иә жоқ иә жоқ иә жоқ иә жоқ
1 Сурет пен мәтіннің байланысы
2 Әр өңірді сәйкес суреттеген
3 Суреттің әсемдігі
4 Түстердің қолданылуы
5 Суреттердің орналасуы
Әр топтан бір оқушы шығып жалпы бағаны шығарып, келісетінін не келіспейтінін айтады. Суретте нені көрсеткендерін айтады.
-Ал осы әңгіме кімдердің арасында болған әңгіме?
- Ендеше тақтаға Қаныш пен Михаил Антонович туралы не білдік, жазып шығайық. (интербелсенді тақтаға жазады) Венн Диаграммасы арқылы салыстырады. Ортақ белгілері екеуі де « ғалым» деп жазады.
- Осы ғалым сөзін үш тілде айтқызу.
- Енді манағы ойлар себетіне қайта келейік. Оқушылардың жазғанын оқып шығып, болжамдарының дұрыстығын, бұрыстығын анықтау, қорытындылау.
3. Ой толғау. Алты түсті ойлау қалпағы. Алты оқушы киеді. Бүгінгі сабақ, мәтіннің мазмұны бойынша өз сезімдерін, жақсы және нашар ойын, алған ақпаратын, тілегін және өз ойын айтып шығады.
4. Қорытындылау үшін «Қазақстанның табиғаты» деген бейнефильм көреді.
- Қазақстанның табиғаты расында да адамды тамсандырғандай көркем, сұлу, жері шұрайлы т.б деп қорытындылайды.
ІV. Үйге тапсырма. Үшінші топ Апақ Байжановтың кім екенін айтты, бірақ Қосым Пішенбаевтың кім екенін біле алмады. Ендеше, Қосым Пішенбаев кім? –біліп, мәлімет жазып келеміз.
- Әр өңірдің жер асты байлықтары жайлы біліп келеміз.
- Мәтінді тағы қайталап оқу.
V. Бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін қалай бағалағанын оқып шығады, мұғалім өз бағасын қойып, ортақ баға шығарылады.

Жетписбаева Бакытжан Каратаевна
№ 7 мектеп – лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Щучинск қаласы Тәрбие.орг сайтынан Тамсандырған дала Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жетписбаева Бакытжан Каратаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, Тамсандырған, Дала
Көрсетілім: 130 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar