Тапқырлар тартысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 494
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22628


Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№ 188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі:Джандыбаева Салтанат Шопановна
Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: Тапқырлар тартысы
Мақсаты:
Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тиянақтау,ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. .
Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлік презентация.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау
Қазір біз, балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік
Төртке дейін санау арқылы топқа бөлу.

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.

І-кезең « Бәйге»
ІІ-кезең «Тіл – өнер»
III-кезең «Кім көп біледі?»
IV-кезең »Сиқырлы дөңгелек»
V-кезең «Жорға»

Енді сайысымызды бағалау үшін құрылған әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.:
1-кезең «Бәйге»
Әр топқа сегіз сұрақтан беріледі.(топ мүшелері жылдам жауап беру керек)
1.Еліміз қашан тәуелсіздік алды? 1991ж.16 желтоқсан)
2. Түбірге жалғанған бөлік не деп аталады?
3.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
4.Мемлекеттік тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков
5.Тұңғыш Президент күні қашан? 1 желтоқсан
6. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында- 9-шы орында
7.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері?- Тұрлаулы
8.Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем?- жалаң
1.Сөздің түбірге жалғанған бөлігі- қосымша
2.Дауысты дыбыс түрлері нешеу?-2
3.Шаршының қабырғасының ұзындығы- 7см. Периметрі қанша ? 28см
4.8-дің квадраты нешеге тең? 64
5. Заттың бағасы мен саны белгілі болса, құнын қалай табамыз? Б*С
6.Елтаңбаның авторлары кімдер? Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шота Уәлиханов.
.7.»Халыққа жеткіз күйімді»мәтіні кім туралы? Құрманғазы мен Дина
8. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
1.Заттың атын білдіретін сөздер?- Зат есім.
2.Тұрлаусыз мүшелерден басқа сөйлем мүшелері?- тұрлаулы.
3.Дауыссыз дыбыс түрлері нешеу?-3
4.6-ның квадраты нешеге тең? 36
5.100-35 мәні? 65
6.25-тің 5-тен 1 бөлігін тап. 5
7.16-ның жартысы қанша?
8«Бала Тұрар» мәтініндегі Тұрар дәптеріне қандай сөздер жазды? Аспара, Қызыл жебе, көке.
1 Гимнін авторлары кімдер? Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов
2 Халық кегінің күйшісі атанған кім? Құрманғазы
3 3тің кубы ншеге тең? 27
4 Сын есім дегеніміз не?
5Бастауыш дгеніміз не және сұрақтары? Кім?кімдер?не? нелер? кімі?несі?
6 Интернат қоймасы»мәтіні кім туралы? Тұрар Рысқұлов
7Текшенің неше қыры бар? 12
8 Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім?
(Абылай хан).

«Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.»
ІІ кезең. «Тіл-өнер»
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!-
келесі сайысымыз- «Тіл-өнер» деп аталады. .
1Жұт . . . ағайынды / Жеті- семь- seven/
2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам-ручка-pen/
3. Екі қолға . . . күрек /бір-один -one/
1......... баласы болма,
Адамның баласы бол /атаның – дедушка – grandfather/
2. Өнер алды .......тіл? /ќызыл – красный- red/
3. Мысыққа ойын керек,
. . . өлім керек /тышқан – мышь – mоuse/
Тілі бар, үні жоќ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен /кітап – книга - book/
2. Жылт – жылт етеді
Жылғадан...... өтеді /су – вода – water/
3 .Батыр туса – ел ырысы,
. . . жауса жер ырысы. /жаңбыр – дождь – rain/
1 ... оттан да ыстыќ. (Отан-родина-.country)....
2.Отансыз .........-.ормансыз бұлбұл. (Адам-.человек-.people.)..
3.Туған жердіњ ...... де ыстық, , түні де ыстыќ. (Күн-солнце-..sun).......

III кезең.Кім көп біледі?
Әр топтан топ басшысы шығып конверт таңдап алады,ішінен жасырынған сөзді оқып,сол бойынша топ мүшелері постер арқылы қорғап шығады.
ІV кезең. “Сиқырлы дөңгелек”
Шарты. Бұл бөлімде дөңгелектегі жазылған сегіз әріптен мағыналы сөздер құрайды. Әріпті екі реттен қолдануға болады. Сөз сандары есептелінеді
V кезең. « Ыстық орындық» әдісі бойынша бір топтын топ басшысы шығады қалған 3 топтын мүшелері бір сұрақтан қояды.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз! Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз! Осымен сайысымыз аяқталды
Марапаттау! Тәрбие.орг сайтынан Тапқырлар тартысы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джандыбаева Салтанат Шопановна

Пікірлер: 0

avatar