Тасбақа

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 542
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 23/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19518


Жамбыл облысы
Талас ауданы
Талапты ауылы
Дания балабақшасы
Алсеева Жазира Сарқытбаевна
Тәрбиеші

Білім беру саласы:Таным
Оқу іс-әрекеті: Құрастыру, Сенсорикалық тәрбие.
Тақырыбы: Тасбақа.
Мақсаты:
Балаларға тасбақа туралы толық түсіндіру.Тасбақаны бау, сыдырма, түйме қолдану арқылы құрастыру жәше саусақ моторикасын дамыту.Іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Тасбақаның суреті жәнемакеті, слайд.
Билингвистикалық компанент:Тасбақа-черепаха, су-вода, жер-земля.
Инклюзивті әлеумет: Баяу балалармен жұмыс жасау.
Оқу іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Кейіпкердің іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Салеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай?
Балалар, орнымыздан тұрып ,өлең айтып көңілімізді көтерейікші.

Күн нұрына бөленіп,
Шуағына қол созып.
Қараймын, жатамын,
Күн нұрына қуанып

Күн нұрына бөленіп,
Досыма мен қараймын.
Қараймын, жатамын,
Күн нұрына қуанып.

-Балалар , өлең қай мезгіл туралы айтылған?
-Жаз мезгілінің қай айы?
-Бір аптада неше күн бар?
-Қанекей, олай болса апта күндерін атап шығайықшы .

Жарайсыңдар!



-Жақсы

Балалар іс-әрекет арқылы қыймыл жасайды.

-Жаз

-Тамыз

-Жеті күн

-Балалар апта күндерін атап шығады.

Ізденіс ұйымдастырушы
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырсам
жауабын табасыңдар ма?

Жұмбақ:
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар.

Дұрыс айтасыңдар!
-Балалардың алдына тасбақаны әкеліп қоямын. Балалар, 1-2 минут тасбақаныбақылайды.
- Бұл не?
-Тасбақаның қандай дене мүшелері бар?

-Балалар, тасбақаның сүйекті сауыты болады. Оның басы,аяғы, құйрығы болады екен.
Балалар, тасбақаны қолымызбен ұстап сипаттап беріңдерші.

Сұрақ- жауап кезеңі:
-Балалар ,тасбақаның сауыты қатты ма, әлде жұмсақ па?
-Тасбақаның басы мен аяқтары жуан ба, әлде жіңешке ма?
-Қатты сауытының арасынан нелер шығады?

Мәлімет беру:
(Тәрбиеші слайд арқылы түсіндіреді)
- Тасбақа қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап сүйекті сауытына тығылады. Тасбақа шөптің арасында далада өмір сүреді. Шөппен, қырыққабатпен, сәбізбен, алмамен қоректенеді. Қыста ол тамақ жемейді. Тасбақа екі түрлі болады. Жерде және суда өмір сүретін болып.Сол себепті оларды қосмекенді деп айтамыз.
Билингвитикалық компанент:
-Сонымен балалар,
Тасбақа-черепаха, су- вода, жер-земля дейміз.

(Осы кезде есік ашылып ішке Диего кіреді)

-Сәлеметсің бе, Диего!
Балалар, сендер Диегоны
таныйсыңдар ма?

-Диего, қайдан келе жатырсың?

-Қандай қызық!

-Балалар , Диего мен тасбақаны іздеуге, саяхатқа барасыңдар ма?

Ал енді саяхатқа аттанайық!

-Диего, мынау не қорап болды екен?

-Қане,әкел жылдам оқиын.
Хат
Саяхатты жалғастыру үшін, мына үш орталықтағы тапсырманы , пішіндерді қолданып ұқыпты орындап шығыңдар, сосын саяхатты жалғастырасыңдар

-Балалар, менің қолымнан қандай пішіндерді және түстерді көріп тұрсыңдар?
.

-Осы пішіндерді таратып беремін, сол арқылы өз орталықтарынды табыңдар.

Дамыту орталығы:
1- орталық:
Тасбақаның сауытын бау арқылы біріктіру.
2-орталық:
Тасбақаның сауытын сыдырма арқылы біріктіру.
3-орталық:
Тасбақаның сауытын түйме арқылы біріктіру.

-Ия, саяхатты жалғастырамыз.

Сергіту сәті:

(Сергіту сәтін саяхат арқылы жасату)
1-Жапырақтар(үстін басып өту)
2-Көлден тасбақаны іздеу(қолдарын артқа қойып еңкею)
3-Тастардың арасынан таспақаны іздеу(отырғызу)

-Балалар ,сендерге саяхаттаған ұнады ма?

Дидактикалық ойын:
"Пазыл"
Шарты: Суретте бейнеленген тасбақаның суретін құрастыру.

-Балалар, Диегомен қоштасайықшы.

-Ия

-Тасбақа

-Тасбақа

-Басы, аузы, көзі, денесі, аяқтары.

Балалар тасбақаны сипаттап береді.

-Қатты

-Жуан

-Басы, аяғы, құйрығы.

Балалар, орысша сөздерді бірнеше рет қайталайды.

-Сәлеметсіңдер ме?

-Ия

-Әрине

Балалар, қосылып айтады.

Балалар ,тоқтап жерде жатқан қорапқа қарайды.

-Қызыл-шеңбер, сары-үшбұрыш, көк-төртбұрыш.

Балалар, дамыту орталығында жұмыс жасайды.

-Алақай-алақай.

(Балалар, саяхат арқылы жаттығу жасайды)

Балалар, тасбақаны тастың арасынан тауып алды.

-Ия

Жеке-жеке жұмыс жасайды.

-Сау болыңыз!

Диего:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар?

Диего:
-Мен көптеген жерді аралап, тасбақаны іздеп жүрмін.

-Әрине саяхаттаған өте қызық. Балалар менімен бірге саяхаттқа барасыңдар ма?
.

Диего:
Менімен бірге мына өлеңді айтыңдар.

Біз саяхатшы баламыз,
Саяхатқа шығамыз.
Тасбақаны көруге,
Асығатын боламыз.
Озімізді қоршаған ,
Табиғатты қорғаймыз!

-Қазір ішін ашып көрейін.Ішінде хат бар екен.

Диего:
-Балаларға көмектесемін

Диего:
-Жарайсыңдар балалар. Енді саяхатты жалғастыруға болады ма?

Диего:
-Кеттік балалар.

.

Диего:
-Жарайсыңдар, балалар.
Енді, келген жолымызбен тобымызға оралайық.

Диего:
-Балалар, тасбақаны табуға көмектескендерің үшін мына сыйлық сендерге.

Диего:
- Балаларға көмктеседі.

Диего:
-Балалар, мен сендерді қимай тұрмын бірақ тасбақаны тамақтандыруым керек. Сау болыңдар!
Рефлексивті түзету. Балалар бүгінгі ашық оқу іс-әректінде не үйрендіңдер,не көрдіңдер,нені білдіңдер.
Тасбақа неге ұқсайды?
Тасбақа қайда мекендейді?
Тасбақа немен қоректенеді?

Орысша жаңа сөздерді қайталайықшы.

Тасқа

Жерде, суда

Шөп, қырыққабат, сәбіз, алмамен

Қайталайды.

Күтілетін нәтиже:
Не білді?Тасбақа жерде, суда мекендейтінін, тасқа ұқсайтынын.
Не игерді?Тасбақаны бау,сыдырма, түйме арқылы құрастыруды.
Не істеді?Тасбақаның суретін құрастырды.



Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Дәния» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ұйымдастырылған ашық оқу іс- әрекеті

Тобы: «Айналайын» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс-әрекеті: «Құрастыру», «Сенсорикалық тәрбие»
Тақырыбы:«Тасбақа»


Тәрбиеші: Алсеева.Ж

Талапты ауылы
2016жыл Тәрбие.орг сайтынан Тасбақа Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алсеева Жазира Сарқытбаевна

Пікірлер: 0

avatar