Тазалық - денсаулық кепілі

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 267
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 23/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22975


Сабақ тақырыбы:
Дені саудың жаны сау
Тазалық – денсаулық кепілі МЕКТЕП: «№41 ЖОББМ»
Күні:
Мұғалімнің есімі: Батырканова К.М
СЫНЫП 1 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсатары) 1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• жеке бас гигиенасы ережелерін үйрену және оның денсаулықты нығайтудағы маңызын түсінy;
Оқушылардың басым бөлігі:
• үйде және мектепте жеке бас гигиенасын сақтауды үйренy.
Кейбір оқушылар:
• үйде және мектепте жеке бас гигиенасын сақтауды үйренy.
Тілдік мақсат Оқушылар: Гигиена – hygiene («гигиена» сөзіне оқушылар ги-ги-е-на деп айтумен қатар 4 рет алақан соғады, 4 буын – 4 рет алақан соғу; «hygienе» сөзіне оқушылар аяқтарын топылдатады: hy-giene, 2 буын – 2 рет топылдату). Тазалық – чистота – сleanliness («тазалық» сөзіне оқушылар қол жуу қозғалысын келтіреді, «чистота» сөзіне – бет жуу қозғалысы, «сleanness» сөзіне – төмен еңкейіп, аяқ жуу қозғалысы). Сонымен қатар жаңа сөздерді үлестірме парақшаларға жазып, сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қоюға болады
• ...(істей) алады
Негізгі сөздер мен тіркестер: гигиена – гигиена – hygiene; тазалық – чистота – cleanliness; жинақылық – опрятность – neatness

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
«Ой бөлісу», «Қара жәшік»
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:
Дәптермен жұмыс
Алдыңғы тақырып Денің сау болсын десең
Жоспар
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескерпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы

3 минут Шаттық шеңбері
Мынау менің жүрегім
Бәрі содан басталған.
Мынау менің басым,
Барін өзі басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
Іс қимылмен жүрегін, басын, қолын көрсетіп, соңында екі қолды соғып шапалақ ұрады.
Топқа бөлу:
1-топ Алма тобы
2 топ Алмұрт тобы
3 топ Апельсин тобы
4 топ Банан тобы
Топ ережесімен таныстыру.
Ортасы

16минут

18 минут

1. «Робот» ойынын
Жұпта орындатыңыз. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір-біріне мұқият қарап, кезек бойынша дене мүшелерін атайды. Содан кейін әр оқушы өз әріптесінің нұсқауын анық орындауы тиіс. Мысалы, екі қолды алға созып, жүрелеп отыру, еңкею, үстелге жақындау, бір парақ қағазды алу және т.б. Тапсырмаларды дұрыс орындау нұсқаудың анық берілуіне байланысты екенін ескертіңіз. Әр оқушы кезектесіп, екі рөлді де орындауы қажет. Оқушылардан дене мүшелерінің негізгі атқаратын қызметін атап беруін сұраңыз
2. «Ой бөлісу»
Біздің ұқсастығымыз неде?
1. Бір-біріңді бақылаңдар.
2. Дене мүшелерін ата.
3. Суретті қара.

Оқушыларға оқулықтағы 1-суретті мұқият қарап, мәтінді оқып шығуға тапсырма беріңіз.
3. «Сөз құрастыр» ойынын өткізіңіз. Оқушылар әріптерден «денсаулық», «спорт», «тазалық», «тамақтану» сөздерін құрастырады. Бұл сөзді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хормен айтқызыңыз. Денсаулықтың маңыздылығы туралы әңгіме өткізіңіз. Оқушылардан денсаулықтың негізгі факторларын атауды сұраңыз.
Жауабы: Дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу, таңертеңгілік жаттығу жасау, спортпен шұғылдану және т.б.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқиды.
Диалог. Оқушылардан ауырып қалған жағдайда не істеу қажет екенін сұраңыз.
Жауабы: Ауырып қалған жағдайда дәрігерге қаралу қажет. Өз бетімен емделуге болмайды.
Бұл тапсырманы
4. «Дәрігердің қабылдауында» рөлдік ойыны түрінде жүргізсе болады. Бір оқушы – дәрігер, ал басқасы – емделуші. Олар дәрігер мен емделуші арасындағы диалогты құрастыруы қажет. Оқушылардың назарын дәрігер қандай ұсыныс беретініне аударыңыз. Оқушыларды өз денсаулығын сақтау маңыздылығын ойлануға жетелеңіз және олардың назарын таңертеңгілік жаттығуға аудартыңыз. Оқушылар тұтастай алғанда ағза үшін дене жаттығуларының пайдасы туралы айтсын.
Сәуленің тамағы ауырды. Ол дәрігердің қабылдауына келді. Сәуле мен дәрігер арасындағы диалогты құр.


5. Жеке бас гигиенасы туралы айту.
«Қара жәшік» ойыны.
Қара жәшік ішінде гигеналық заттар бар оқушыларға сипаттау арқылы жасырамын соны табады.
Заттарды атату.

Дәптермен жұмыс
60 беттегі тапсырмалар.
1. Бос орынға қажетті сөздерді қойып жаз.
2. Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды боя.
Интерактивті тақта, слайд
Плакаттар.

Оқулықтар, слайдтар,

Дәрігердің қажетті заттар жинағы, суреттер.

«Қара жәшік» тіс щеткасы, тіс пастасы, сусабын, сабын, тарақ, орамал, т.б

Дәптер, қалам, қарындаштар.
Аяқталуы
8 минут 6. Себетке пайдалы тағамдарды жинату.
7. «Постер қорғау»
Әр топқа әр түрлі суреттер жинағы таратылып беріледі.
1-топ «Ас- адамның арқауы», денсаулыққа пайдалысын теріп жинақтайды.
2-топ «Спорт –денсаулық кепілі» спорттың денсаулыққа пайдасын қорғап ,жинақтайды.
3-топ «Жеке бас гигиенасы» өзін таза ұстау ережелерін құрады.
4-топ «Күн режимі» ережелерін құрастырады.

Жеміс-жидектің, тағамдардың суреттері, спорт турлерінің суреттері, жеке бас гигиенасына тиісті заттар суреттері, күн режимінің суреттері.
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


• «Жетістік баспалдағы»,
• «Бас бармақ»,
• «Күлегеш» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау әр тапсырма орындалып болған соң жүріп отырады.

Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өзарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жықсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:

2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім Тәрбие.орг сайтынан Тазалық - денсаулық кепілі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Батырканова Камшат Мырзаханкызы

ШҚО Семей қаласы №41 жалпы орта білім беретін мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar