Теңестіру

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 510
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22629


Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі: Нормова Мақпал
Тақырыбы: Теңестіру
Мақсаты:
1. Білімділігі: Заттардың санына қарай салыстыру арқылы көп-аз, артық-кем, сонша ұғымдармен таныстыру. Сонша, қанша болса, сонша ұғымдарын игерту, теңестіру.
2. Дамытушылығы: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелігі: Мектепте достарымен, үлкендерімен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: ойыншықтар, көкөністер, плакат
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі күнді ерекше көңіл-күймен өткізу үшін, бәріміз бір-бірімізге қарап, күлейікші. Сонда көңіл-күйіміз көтеріліп, алған білімімізді тез еске сақтаймыз.
- Жақсы балалар, отырыңдар
- Бүгінгі сабақта біз сендермен заттарды салыстырамыз, және оларды теңестіреміз.
- Қолыма ойыншықтарды алып, санату, салыстыру. Теңейту үшін не істеу керек екенін сұрау
- Суреттермен жұмыс. Суретке қарап, заттарды санау. Салыстыру. Теңейту. Тақтаға плакатты ілу
Сергіту сәті
Ал балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Бір отырып, Бір тұрып
Бір тынығып алайық
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Әр балаға тапсырманы үлестіріп беремін. Ол тапсырманы өз бетімен орындау керек.

Қорытынды:
- Балалар, біз бүгін сабақта не істедік?
- Қандай ұғымдарды қайталадық?
- Сабақ аяқталды, сау болыңдар Тәрбие.орг сайтынан Теңестіру Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нормова Мақпал

Пікірлер: 0

avatar