Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Өткенді қайталау.1-5 сандары, «+», «-» таңбалары
  • 27.12.2016
  • 118 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20701

Мектепалды даярлық «А» сыныбының оқу
іс-әрекетін ұйымдастыру
№22 технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»
Білім беру бөлімі: «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: Өткенді қайталау.1-5 сандары, «+», «-» таңбалары.
Күні: 25.11.2016 ж.
Мақсаты:1. Қосу жәнеазайту амалдарының мағынасын танытып,балалардың білім дағдыларын тиянақтау,қайталау,қалыптасу деңгейін анықтау,мәні 5-ке тең қосынды,оған кері айырымдыастыру.
2. Танымдық белсенділігін арттыру, бастапқы негіздерін үйрету, ой-өрісін,ойлау қабілетін,математикалық тілін дамыту.
3. Мақсатқа жете білуге,еңбек етуге,ұқыпты,таза жаза білуге,сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуді үйрету.
Дамытушылығы: баланың тілін, ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамытып, геометриялық пішіндер арқылы өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: ойын дұрыс айта білуге,шығармашылық еңбек етуге,ұйымшылдыққа,шапшаңдылыққатәрбиелеу.
Міндеті: ойлануға, тыңдауға үйрету,қолының моторикасын дамыту.
Қолданған технологиялар:алгоритммен жұмыс жасау,СТО – технологиясының ой- қозғау элементі, өзін-өзі тану технологиясы.
Қолданған әдіс- тәсілдері:
сұрақ-жауап,әңгімелеу,психотренинг,ойындар,ертегі,санамақ , түсіндіру, құрастыру, парақша арқылы тапсырма орындау,практикалық.
Пәнаралық байланыс: сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, көркем әдебиет, құрастыру,қоршаған ортамен таныстыру.
Сабақ түрі:кіріктірілген сабақ.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: топта жұмыстануға қажетті дидактикалық материалдар.
Қажетті көрнекі құралдар:сан патшасының суреті, үлестірмелер, таяқшалар, суреттер.
Қостілділік компонент:/билингвальный/ Қайырлы таң-добрый день-good-morhing.бір-один-1 – one – [уан], екі-два-2 – two – [ту], үш-три-3 – three – [ фри], төрт-четыре-4 – four – [фо], бес-пять -5 – five – [файв]
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешініңіс-әрекеті Балалардыңіс-әрекеті
Мотивация
лық
қозғаушы Психологиялық жаттығу орындау
Әуенге мән бере отырып,негізгі сабақтың жүйесіне көшу.

I.Ұйымдастыру кезеңі
Әуен ертегі жүйесіне арналған.
Ерте,ерте,ертеде.Ертегілер елінде «Санпатшалығы»өмір сүріпті деп,қысқаша «Сан патшалығына» мінездеме беремін.
Ал,жарлықты орындау үшін көмекшілер сайлау және мақсатқа жету сандығымен таныстыру.
«Сандық» туралы айтып өтемін.
Патшаның оң қолы-тәрбиеші.
Патшаның сол қолы-бүгінгі сабаққа қатысып отырған-ұстаздар.
Патшаның уәзірлері-олар балалар.
Сан патшасының сөзі:
Еске алып сан патшасын,
Орында алтыжарлығын.
Өзіңді өзің тексерші,
Көрсетіп білім жарқының.
Ой шақыру.
1-жарлық: «Өзіңді өзің тексерші»

-Балалар, «Сан патшалығы» сендерге құрқолкелгенжоқ екен.
Мына шарларды ала келіпті .
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Төрт мезгіл. Кәне, атапшығайық
Бұлшарлардыңтүсідесолтөртмезгілдібелгілейді.
Мына шардыңтүсіқандай ?
-Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. Қыста жер қандай болады?
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
-Табиғат көктемде оянып,жербеті жасыл шөпке толады.
Ағаштар бүршік жара бастайды,қай жыл мезгілі?
Қызыл шарды көрсету.
-Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.
-Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Жер беті сары кілемге ұқсайды.
-Күз мезгілі неше айдан тұрады? 3тілде айту

Келесі айымыз қалай аталады?
Желтоқсан айында қандай мереке күндерін білеміз?

-Олай, болса біздің «Сан патшалығы» сабағымыз
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына әзірлік сабағы болсын.
II. Өткенді еске түсіру.

2-жарлық: «Жоғалған санды тап»

1-ден5-ке дейін тура және кері санау. а) Балалардың зейіні көрнекі құралдарға аударылады.
1-один- one – [уан], 2-два- two – [ту], 3-три- three – [ фри], 4-четыре- four – [фо], 5-пять - five – [файв]
-жұп сан-ағылшын тілінде санау
-тақ сан –орыс тілінде санау
-қазата киелі сан-қазақ тілінде
Қазақта 3,5,7,9 киелі сан болып есептелінеді.
1-ден 5-ке дейін санамақ айту «Көңілді шеңбер»
Қайырлы таң-Добрый день-Good-morning
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауадан салайық,
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық!
Деп сабақты бастайық.

Балалар жауабы: ертегі әуен

Балалар мұқият зер салып,орындаймыз деп жауап береді.

Шарларды көрсету арқылы жыл мезгілін анықтау
-қыс, көктем, жаз,күз

-ақ
-қыс
-ақ
-жасыл

-көктем

-жаз

-сары
-күз

-күз мезгілі 3 айдан тұрады.
-қыркүйек-сентябрь-September

-қазан-октябрь- October

-қараша-ноябрь-November

-желтоқсан,қыс айы. December
1-желтоқсан-ҚР Президент күні.
16 желтоқсан-ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл.

-қостілде тура және кері санайды
-2-ту,4-фо
-1-один,3-три,5-пять
-3-үш,5-бес
-балалар өздері білетін санамақтарын айтады.
Іздену ұйымдас-
тырушылық
3-жарлық: «Қара да,сана,айта біл»

-Ал енді,пішіндер туралы айтайық.Сендер оларды танисыңдар ма?Қазір мен олар туралы жұмбақ жасырайын,қане кім табады екен?
1.Атына сай балалар,
Үш бұрышы,үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Бұл – үшбұрыш.Алдыңдағы пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіп,түсін айтамыз.
-Үшбұрыштар неге ұқсайды екен?
2.Төрт бұрышы бар,
Төрт қабырғасы бар,
Бұл қай пішін?Бұл-шаршы.
-Шаршы неге ұқсайды екен?
Алдыңдағы пішіндердің ішінен шаршы көрсетіп,түсін айтамыз.
-Тағы бір жұмбақты жасырайын
3.Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар.Бұл-шеңбер.
-Өте жақсы,балалар.
- Шеңбер неге ұқсайды?
-Ал,енді алдарыңдағы пішіндердің ішінен шеңберді көрсетіндерші,түстерін айтамыз.
-Тағыда қандай пішіндер бар,балалар?
- Сопақша неге ұқсайды екен?
- Тіктөртбұрыш неге ұқсайды екен?

Д/о: «Қандай пішін жетіспейді?»
Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Мазмұны:Сан патшасының жақсы көретін кілемшесін төселмек болғанда,жыртылып қалғанын көріп,көңіл-күйі бұзылып кетті.Сан патшасының көңіл-күйін көтеріп,кілемшені жамауға көмектесу.Ол үшін сәйкес келетін жамау табу керек.Жалпы кілемше туралы сұрап өтемін.
Олай болса,жұмысымызды бастайық.
4-жарлық: «Менің көңілімді көтер»
Сергіту сәті «Rain ,Rain, Go Away»

5-жарлық: «Қатесіз жазып,ұға біл»
Парақшамен жұмыс.
Неше пішін болса,сонша нүкте сал.
Логикалық есептер:
1.Қонжық біреу ,табаны нешеу?
2.Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр,
Кейін келді Айдана.
Қанша болды бар бала?
3.Тал бойында тізіліп,
Бес жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі,
Тұр әлі ілініп,
Жапырақтың нешеуі?
4. Арқа,омыртқасына жазу жұмысы.
«Үндемес ойыны» Баланы тақтаның алдына шығару,артына саусақтың ізімен арқасына бір сан жазылып сызылады.Балалар кеспе санымен үндемей көрсетеді.
5. Дәптермен жұмыс.
32-бет 2-тапсырма.
«+», «-» таңбалары туралы сұрап өтемін.

4-1=3

4+1=5

2-1=1

2+1=3

33-бет 3- тапсырма«Сандар қайда жасырынған?»

Тақтамен жұмыс.Жасырын сандарды жазу.1,2,3,4,5.
Көзге арналған жаттығу.Мақсаты:көру,есту қабілеттерін арттыра отырып,көздерін демалтуға арналған жаттығулар жасауға баулу.
«Көбелек» жаттығуы.
Топта көбелек ұшып жүр.(қиял-елес арқылы)Мен сендерге қай жаққа ұшқаның айтамын,ал сендер көздеріңмен қайталайсыңдар: жоғары-төмен,оңға-солға,айнала ұшып,жақын-алысқа,ұшыпкетті,қолымызбен көзімізді жабамыз.(2-ретқайталау)

6-жарлық: «Кім көп біледі?»
Екі саны қандай сандардан құралған?
Үшсаныныңқұрамықандайсандар?
Төртсандарықандайсандарданқұралған?
Бес саныныңқұрамыната?
Осы сандардан қандай үлкен сандар таба аламыз?
-Дұрыс балалар.Барлық жерлерден көрсетіп жатыр.Теледидар,қала көшелеріңде жарнамалар ілінген.Яғни ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл екен.
№25 мектеп
Сөйлеуді дамытуға арналған тақпақтар мен мақал-мәтелдерін сұрау.



Үшбұрыш

көрсетеді,түстерін айтады
үйдің шатырына,тұмарға

Төрт бұрыш,шаршы

Терезе,жастыққа,тақтаға ұқсайды.

Шеңберге ұқсайды

Допқа,алмаға,күнге ұқсайды.

Сопақша,тіктөртбұрыш
Жұмыртқа,жапырақ
Есік,парта,шкаф т.б.
Пішіндерден кілімше жамауын таба отырып құрастыра бастайды.

Ағылшын тілінде

-5 .....
- 4/2+2=4

-3/ 2+1=3

-5-2=3

Зейін қойып,өздігінен жұмыс жасайды.

Ойын ойнайды.

«+» сандарды қосамыз.
«-» сандарды бір-бірінен азайтамыз.

Өздік жұмыстарын орындайды.

Дамытушылық тапсырманы орындайды.

Ойын ойнайды.

Көзге арналған жаттығуларын балалар есту,көру арқылы жасайды.

1+1=2
2+1=3
3+1=4
4+1=5
25

25
25
Рефлексифті
түзетуші Қорытынды.
Орындап алты жарлықты,
Көрсеттік білім барлықты.
Риза боп көрген балалар,
Айтты патша бізге алғысты.
-Балалар «Сан патшалығы» сендердің білімдеріне риза болып,мына сандықта не бар,соны сендерге беремін дейді.
Белсендібалалардымадақтау.
Хор:Жаса,Қазақстан!


Балалар қуаныш сезіміне бөленеді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ән орындайды.

Күтілетіннәтиже:
Білукерек: 1,2,3,4,5 сандарын, «+», «-» таңбаларынбілуікерек.
Істейбілукерек: 2,3,4,5 сандарыныңқұрамынбілу
Орындайбілу:1,2,3,4,5 сандарын жазаалуыкерек. 2,3,4,5 саны мөлшеріндеқосу, азайтуамалдарынорындайалуытиіс.

Тәрбиеші:Әбеуова А.Н Тәрбие.орг сайтынан Өткенді қайталау.1-5 сандары, «+», «-» таңбалары Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Әбеуова А.Н

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: «-», сандары, Өткенді, «+», Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, таңбалары, қайталау.1-5
Көрсетілім: 118 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar