Тоқылдақ . Дауысты ,дауыссыз дыбыстар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 536
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 31/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20731


Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
«№4 Шонжы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Куджакулова Алмагуль Кенжебековна
№4 Шонжы орта иектеСабақтың тақырыбы: Тоқылдақ . Дауысты ,дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты
а) Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін пысықтау.Тоқылдақ –орман сақшысы туралы түсінік бер.
ә) Сөздік қорын , логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығына қарай ажырата білуге үйрету.
б) Балаларды ұқыпты, білімді болуға және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру,құстарға қамқор болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі:аралас сабақ
Оқыту технолнгиясы: дамыта оқыту
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: құстардың суреттері, слайд,ойындар, үлестірмелер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау - жинақтау
Пәнаралық байланыс: дүниетану,музыка,математика
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы пысықтау, ережелерді еске түсіру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
Өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі
- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?
- Қандай құстар жыл құстарына жатады?

V. Жаңа сабақ
-Балалар, дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
Дауысты дыбыстарды атайық ?
-Дауыссыз дыбыстарды атайық ?

-Оқулығымызға қарайық
Дауысты дыбыс әріптері: а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,(у),ю,я,е,э.

11-жаттығу
Өлеңді оқып, көшіріп жазу
Торғай
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың

Суретке қарап әңгіме құрастыру.

Торғай, жем деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.

12-жаттығу
Әр құс туралы қысқаша айтып өту . Слайдпен жұмыс

Ребусты шеш қарға
Тақтамен жұмыс
Сөздерді қатесіз көшіріп жазу

Суықторғай, қарға ,сауысқан, кекілік, тоқылдақ, шіл, құр, шағала,аққу.

Аққу туралы әңгімелеу.

Аққу – құстың төресі
Ақ мамықтай денесі
Аққу -өте әдемі сұлу құс.

-Құстарға қамқорлық жасау туралы сурет бойынша әңгімелеу, өлеңдер оқып беру.

-Ұя жасап тақтайдан,
Талға апарып байладым.
Жыл құсының шатталған,
Күттім қашан сайрауын.

- Тас атқылап торғайды
Қуалауға баолмайды,
Қамқор болып құстарға,
Барлық адам қорғайды.

-Ағаштан жасалған құстың ұясын көрсете отырып
құстарға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.

2. Сөздердегі дауысты дыбыстарды атау. (Слайд б/ша)

Сергіту сәті
Қыс келді, Құс қайтты.
Қыс қайтты, Құс келді.

(Музыкамен билеу)

«Ағаш дәрігері»- деп аталатын қандай құсты білесіңдер?




-Дәрігірмен орманға
Құрт, шіркей көп ол маңда
Тоқылдатып жатпаймын
Торғайларды баптаймын.

- Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып
Тоқ – тоқ соғады.

Тоқылдақ - орман құсы, Ол орманда өмір сүреді.Тоқылдақ ағаштарды құрттардан,шіруден сақтайды.
Оны – орман дәрігері дейді.

Мәтінді оқу
Тоқылдақ.
Тоқылдақ ағаш діңінде отыр.Ол тұмсығымен діңді тоқылдатады.Ағаш қабығында құрттар, көбелектер, қоңыздар бар.Тоқылдақ сол зиянды жәндіктермен қоректенеді.Олардың жерге түскенін ұсақ құстар теріп жейді.Сондықтан тоқылдақ орман емшісі деп есептелді.

2.Тоқылдақты неліктен «орман емшісі»дейді?

3. Құстардың тағы қандай пайдасы бар?

VI. Жаңа материалды пысықтау
Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс туралы түсіктерін пысықтау

Сөздерден дауысты , дауыссыз дыбыстарды ажыратып атату (Слайд б/ша)

Қыз,саңырауқұлақ,үйшік,ботқа,орындық,гүл,табақ,қонжық,қасық,төсек.

Әріптерден сөз құрату
Налты шаш, еәк юа, ана юа, қожынқ, аақбт,еөкст, ебөлм, қаықс, нрома.

VII. Бекіту кезеңі
Жұмбақ, жаңылтпаштар
Қара түстi қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)

Секектеп бiр тұрмайды;
Өреден құрт ұрлайды. (Сауысқан)

Жем көрсе,
Шықылықтап қалтандайды,
Сескенсе,
Жыпылықтап жалтаңдайды. (Сауысқан)
Қауырсыны көгiлдiр,

Кiшкене құс.
Беткейде өрiп жүр. (Кекiлiк)

Жұдырықтай шұбар құс,
Мекенi қыр,жұпары дүз.
Дыбыс шықса тыпырлап,
Ұшады тез бытырап. (Шiл)

Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегi,
Шабақ iлiп жүредi. (Шағала)

Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)
.
Халықтық болжамдары.
1. Шағала келсе сең бұзылады.
2 Жаңбыр жауар кезде,
3 Қарғалар у-шу болыпе топталып ұшады.
4 Жыл құстары қаптап келсе, күн жылы болады.
- Құстардың тіршілігіне байланысты айтылатын халықтық болжамдарды айтып сабақты аяқтау
VIII. Үйге тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Тоқылдақ . Дауысты ,дауыссыз дыбыстар Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Куджакулова Алмагуль Кенжебековна

Пікірлер: 0

avatar