Торы құлын

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 524
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 08/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23037


Мынбасова Куляш Тойшыбековна
Қарағанды облысы Теміртау қаласы №17 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Торы құлын
Сабақтың мақсаты:
1. Ауыз әдебиетінің түрлерінің бірі – төрт түлік жырлары туралы түсініктерін молайту. Оқу дағдысын жетілдіру.
2. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, малды күтуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
3. Оқушының танымды іс – әрекетін, ойлауын, тілін және шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақ жоспары: Психологиялық дайындық.
Оқушыларды топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау.
Үй тапсырмасын сұрау:
Төрт түлік жырлары. Қой.
Қазақ халқының тарихы төрт түлікпен тікелей байланысты. Төрт түліктің адамға пайдасы өте көп. Сондықтан халық төрт түлікке жырлар, мақалдар, жұмбақтар арнаған.
I. Қызығушылықты ояту: Түлік төлден өседі.
1. Әр түліктін атын атау және пірлерін дұрыс таба біліп сәйкестендіру.
2. Төрт түлік туралы өлеңдерді еске түсіру.
II. Мағынаны тану:
1 Топпен жұмыс:
1. Қой туралы жырды жатқа айту.
2. Қой туралы әңгімелеу.
3. Топтастыру.
2 Топпен жұмыс:
1. Қой жүнінен жасалатын заттар.
2. Қой терісінен жасалатын заттар.
3. Қой сүтінен әзірленетін тағамдар.
1 топ: Қой туралы жұмбақтар айту.
2 топ: Қой туралы мақалдар айту.
3 топ: Қой туралы жаңылтпаштар айту.
3. Төлді қалай шақырады
4. Жаңа сабақты хабарлау
Жылқы туралы бұрыннын білетіндерін сұрау
5. Торы құлын жырын мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
6. Оқулықпен жұмыс
Тұтас оқу.
Тізбектей оқу.
7. Дәптермен жұмыс
Әр топ өлең мазмұны бойынша құлынды сипаттап жазады.
8. Сергіту сәті:
9. Мақал мәнін түсіндіру
Жасына қарай жылқылардың әр түрлі атауларын таныстыру.
10. Жылқыны пайдалануына қарай үш топқа бөліп суреттер арқылы таныстыру.
11. Топтық жұмыс:
1 - Жылқы туралы бес жол өлең жазу
2 – Топтастыру
3 – Жылқы етінен жасалынатын тағамдар
12. ҚР елтаңбасындағы қанатты тұлпар туралы
13. Қазақтың ұлттық ойындары туралы
14. Ұйқасын табу ойыны
15. Сабақты қорытындылау
16. Үй тапсырмасын беру
17. Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Торы құлын Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мынбасова Куляш Тойшыбековна

Қарағанды облысы Теміртау қаласы №17 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar