Туған елге тағзым

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 324
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 17/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21067


Мектептің атауы: № 122 Ақжар жалпы орта мектебі
Сыныбы: 4 «б»

Күні: 29.11.2016 Тәрбие сағаты: Туған елге тағзым Сынып: - 4 «Б»
Мақсаты Қазақстан жолы-2050. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру,оқушыларды желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенін мақтанышпен сезіну, тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға баулу.
Оқытудың нәтижелері Оқушылар барлық Қазақстанның Ата заңын, өз құқықтарымен міндеттерін білуі
Негізгі дерек көздер Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, ҚР туралы слайдтар, көрме, күй ойнап тұрады. шарлар, түрлі жайма қағаздар,оқушылар салған суреттерден галлерея,стендтер,буклеттер
Модульдің кіріктірілуі СТО, АКТ , талантты және дарынды балаларды оқыту , оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту,оқытуды басқару және көшбасшылық

уақыт Мұғалімнің іс әрекеті Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата- бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті. Демократиялық жаңару жолына батыл түскен еліміз әлемдік өркениетке ұмтылып, бүгінде халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайы жақсарған, экономикасы өркендеп дамыған іргелі елге айналды.
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән - деп,бүгінгі сыныптан тыс шарамыздың тақырыбы «Туған елге тағзым» атты тәрбие сағатын ҚР-ның гимінімен бастаймыз.
-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер Оқушылардың іс әрекеті
5 мин Ынтымақтастық атмосферасын құрады
- Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды,жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді.Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.Аудиторияда психологиялық ахуал тудыру Алақандарын күнге қарату бір-біріне жаксы тілектерін білдіреді
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізі әрі нәзік жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым
3 мин Топқа бөлу Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық..Шашыранды әріптер тарату, сондағы шыққан сөздермен топтарға бөлу.Ол сөздер: Отан, Тату, Халық,Тағзым.
4 топқа бөлінді.Ол сөздер: Отан, Тату, Халық,Тағзым
Ой қозғау
2 мин Тақырыпқа байланысты көптеген сұрақтар қою «Миға шабуыл» Әр топ өздерінің шыққан сөздеріндегі әріптеріне тез, сөйлем құруы керек. Мысалы: Отан деген сөзге: Орал тауы асқан нар.
Қысқаша сұрақтар:
Біздің Отанымыз қай жер?
Сен Отаныңа кімсің?
Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Сен қай қалада тұрасың?
Ол қалада не шығарылады?
15 мин Видеоролик-Тәуелсіздік тарихы.
Қазақстан Республикасының Президенті-Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050 стратегиясы: Бір халық- бір ел-бір тағдыр» деп берген. Онда қаншама қиындықты бірге көрген осы жұрттың өз халқым деп, бір аспан аясында өмір сүргендіктен тағдырының да бір екендігі жайында жазған. Осыған орай өзіміздің кішкене Отанымыз Ақжарда тұратын барша халықтыңда тағдырының бір екендігі қарапайым сұрақтың дәлелі болмақ. Оқитын мектебіміз, ішетін суымыз, жейтін нанымыз да, жұтып жатқан аумыз да, осы ауылымыздағы қыбырлаған, жыбырлаған жәндігіде, ұшқан құсыда бәрі бәрі ортақ.
(видео ролик көрсету, алдарына қағаздар таратып беру, татулық, достық, бірлік осы сөздерге сурет салғызу,мақал-мәтел жинақтау- музыка қосып қою)-топтарда орындайды Зейін қойып тыңдады. Сұрақтар қойды
Оқушылардың сөзі

10 мин Топтық жұмыс: «ҚР жайында» Оқушылардың сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты ұшқан күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.

Мұғалім сөзі
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл
ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.
10-оқушы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді. Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)
Ширату:
Кім Отан туралы тақпақ біледі?
Отан деген сөзде көп мағына жатыр?
Кәне өздерің ойланып көріңдер?
О-нені білдіреді? (от, ошақ, отбасы,)
Т-нені білдіреді? (тас, тарих, тату,)
А-нені білдіреді? (адал, адам, азамат)
Н-нені білдіреді? (нағыз, намыс, )
Сонымен қандай сөзің баламасы шықты?
Отбасы, тату, адам, нағыз.-осы сөздерден кім дұрыс сөйлем шығарады?
Отбасындағы татулық-нағыз адамшылық
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә - әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
Оқушылар тапсырмаларын топтарында бірлесіп орындады.
Әр топтан көшбасшы шығып өздерінің жобаларын қорғайды Оқушылардың сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі
Оқушылардың сөзі
1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.
Оқушы
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар»,«Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
1-оқушы
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
4-оқушы
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
6-оқушы
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
7-оқушы
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,
8-оқушы
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің
арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
9-оқушы
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
11-оқушы
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!
Тәуелсіздіктің шыңы
5 мин СЛАЙД-1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2.1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды
3.1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
4.1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды
5.1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
6.1992 жылы 8 мамырда Республика Ұланы құрылды.
7.1992 жылы 4 маусымда қазақстан республикасының жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
8.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
9. 1993 жылы 28 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы – Ата Заңымыз қабылданды
10.1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді
11.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
12.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.
13.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
14.1998 жылы 6 мамыр Астана күні
15.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
16.1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті
17.2000ж. Мәдениет жылы.
18.2002ж. Денсаулық жылы.
19.2003ж. Ауылды дамыту жылы.
20.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.
21.2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды
22.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.
23.2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
24.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.
25.2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты
26.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
27.2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы
28. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
29. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
30. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
31. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
Хормен ;Егемен Қазақстан
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
13-оқушы
Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.
14-оқушы
16-желтоқсан Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн,
Үміті боп елінің.
15-оқушы
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
16-оқушы
Жүрегі толы отпенен
Арманмен өсіп көктеген
Ертеңге нұрлы беттеген
Айналдым сенен Отаным!
17-оқушы
Біздің қазақ мықты ғой,
Тәуелсіз ел атанған.
Желтоқсан деген көтеріліс
Жан аямау Отаннан.
Сескенді бүкіл өктемдік,
Жеңіске сол ғой жеткендік.
Орыс боп кете жаздаған
Кеңестік кезді жек көрдік.
18-оқушы
Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
оқушы
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
оқушы
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
5 мин Топтық бағалау: бағалау критерийді жасауды ұсынады Әр топ өз постерларын дәлелдеп шығады
1-мақал-мәтел
2-эссе
3-сурет салу
4-өлең жазу
Кері байланыс:
«Ыстық лебіз» (әр оқушы өз ойы жазылған қолтаңба қалдырады)
Қазақ халқы діңі берік, ыстық пен суыққа төзімді желдің өтінде ық болар ағашты «Бәйтерек» деген. Сол бәйтерекке тек бір ғана құс ұя салып, жұмыртқа басса керек. Ол құс- Самұрық. Самұрық- өте қырағы, жақсы менен жаманды ажырататын адам бейнелі екі басты құс болған. Сол құс жылына екі ғана балапан басып шығарады екен. Сол балапаны жұмыртқаны жарып шыққанша балапандарына алыс қиырдан тамақ іздеп ұшып кетеді екен. Бірақ қайтар жолда бір ғана тілекпен оралған екен. Ол қандай тілек деп ойлайсыңдар? Ендеше сендер сол құс секілді енді ғана қанатын кеңге жайып келе жатқан мемлекетімізге ыстық лебіздерің мен тілектеріңді жазыңдар.
Мұғалім сөзі
-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде
«Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың
еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.
Хор Қазақстан әні.
Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.

Бүгін мен не білдім?
Сізге не ұнамады, не түсініксіз болды?
Сіздің ұсыныстарыңы Рефлексия:
Осы Отанымыздың келешегі сендер секілді жас бүлдіршіндердің қолында. Ендеше қазір мен сендерге бейбітшілік нышаны көгершіндерді таратып беремін, соған өздеріңнің ойларыңды жазыңдар. Ол көгершіндерді өз қолымызбен ұшырайық.
Сұрақ: Қазақстан 2050 жылы қандай болсын.
Бейбіт елдің болашағының гүлденіп өсу сендер секілді жас бүлдіршіндердің қолында. өз Отандарыңды аялап өтуге, оны асырауға дайынсыңдар ма: ӘРҚАШАНДА ДАЙЫНБЫЗ!!!!!!!!!!!!
Оқушы жазған эссе.
Нұрсұлтан ата! Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады.
Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі. Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы беделіңіз, дүние жүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата! «Бала болашағымыз» деп өзіңіз айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз.
Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол.

29.11.2016 ж Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ишметова С.А Тәрбие.орг сайтынан Туған елге тағзым Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ишметов

Пікірлер: 0

avatar