Тура және тура емес теңдіктер

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 1308
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 22/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23020


Қысқа мерзімді жоспар
Пән:
Сынып: 1 «А» Мектеп: № 14 Алыбай батыр ж.о.м
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Арапова Г
Сабақтыңтақырыбы: Тура және тура емес теңдіктер Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты 1.2.2.1 .теңдік және теңсіздікті, теңдеуді тану/ тура және тура емес теңдікті айыра білу
Сабақ мақсаттары Барлығы: Теңдіктерді біледі
Көпшілігі: Тура және тура емес теңдікті ажыратады
Кейбіреуі: «=», «≠», «<», «>», «+», «-» таңбаларын, белгісіз сан таңбасын қолдана біледі
Бағалау критерилері Теңдік, теңсіздік және теңдеуді ажыратады
Тура және тура емес теңдіктерді анықтайды
Сөздік қор
Тура теңдік, тура емес теңдік
Құндылықтарды дарыту
Топта ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Алған білімдерін тәжірибеде қолдануға дағдыландыру
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану, дүниетану, сауат ашу
Алдыңғы меңгерілген білім
Теңдік пен теңсіздік туралы біледі.
Теңдік пен теңсздікті жаза алады
Сабақ барысы
Сабақтыңжоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Шаттық шеңбері.
Ән салуға барамыз (балалар шеңбер бойымен жүреді)
Досымызды табамыз (жүріп келіп тоқтайды)
Сәлемет пе! Міне , мен! (қолдарын екі жаққа сермейді)
Доспын енді сенімен. (бір-бірімен қол алысады)
Математикалық фигуралар арқылы топқа бөлу. Қосу және азайту амалдарымен берілген санды өрнектерді салыстыруды үйренеміз, салыстыру нәтижесін арнайы белгілер арқылы белгілеуді үйренеміз.
Математикалық фигуралар.
Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек
Сабақ ортасы

« Сиқырлы шеңбер» ойынын ойнату. Санды өрнектер және салыстыру белгілері бар парақшаларды дайындап, санды өрнектер жазылған парақшаларды шеңбер бойымен орналастырамын. Шеңбердің ортасына нұсқар тілді орнатамын. Оқушылар нұсқар тілді 2 рет айналдырып, қандай санды өрнек терді салыстыратынын анықтап сол сандарды салыстырады
(М Т) Өрнектерді салыстыру нәтижесін теңдік түрінде жазуға болады. Тура және тура емес теңдіктер болады. Мысалы, 5-3= 4-2 – бұл тура теңдік; 6+4= 2+7- бұл тура есес теңдік
Топпен жұмыс .
І-топ. Суретпен жұмыс.
1) Әр топта неше бала бар? Санды өрнектерді салыстыр. Тур және тура емес теңдіктерді ата.
2)
II- топ. Өрнектерді берілген ұғымдармен сәйкестендір.
0+19<20 18-х= 4 10+20=30

Теңдік теңдеу Теңсіздік

III- топ Шығарып көр. Оқулықпен жұмыс
Санды өрнектерді салыстыр. Оларды үш топқа жікте.
Теңдік теңсіздік теңдеу


Әр топ орындап болған тапсырмаларын басқа топтармен ауысып тексереді.
Жеке жұмыс. « Сыр сандық» ойыны.
Әр оқушы сандықтан бір-бір тапсырма алып өз бетінше орындайды.
Мысалы:
1)Салыстыр. 2)Тиісті белгіні қой
12+17 13+15; 10+15 13+12
14-5 19-8; 11+12 15+10
16-7 19-9; 13+10 30-14

1. Жұптық жұмыс. « Конверт сұрақ»

Кэролл диограммасы.

Балбалаға теңдктерді ажыратуға көмектес.

5=5; 3+4=7; 2=3: 16-6=10; 8+2=9; 10-1=9

Тура теңдіктер Тура емес теңдіктер


2. Орындап көр.
Сары және көк түсті жолдың ұзындығын табу үшін санды өрнек құрастыр және салыстыру арқылы тиісті белгі қой. Не шықты теңдңк пе әлде теңсіздік пе?

Жұптар бір-бірінің жұмысын тексереді.
Сергіту сәті.
Шеңбер бойына тұрып «Жүзік салу» ойынын ойнайды. Бірінші оқушының айтқан санынан екінші бала екі сан артық айтып келесі балағажүзікті тапсырады. Ойын солай жалғасын табады.
Дәптермен жұмыс
Шытырманнан жүріп өт. (25- жұмыс парағы)
Құрастыр және салыстыр ( 26- жұмыс парағы)
ноутбук, тақырып мазмұнына байланысты суреттер, қалам.
Сабақтың соңы «Кубизм» ойыны.
Бірліктерден құралған қосу және азайту амалдарымен орындалатын есептерді ойша тез салыстырып тура немесе тура емес теңдік екенін айтады. Қай сан жазылған беті түссе сол сұраққа жауап беру арқылы сол ұпайды иеленеді.
Кері байланыс.
«Бас бармақ» әдісі
Бағдаршам
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
1) Сәйкестендір. Суретпен жұмыс

2) Логикалық есеп
Кәмила бір пакетке 2 кг алмұрт және 3 кг өрік, ал екіншісіне 4 кг алма және 1 кг шие салды. Қай пакет ауы?

-Тура және тура емес теңдікті анықтайды және тиісті бағанға жазады;
- Сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты ( =, < , >) анықтайды

Оқу құралдарын сақтықпен қолдану.
Жол қауіпсіздік ережелерін сақтау
Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Тәрбие.орг сайтынан Тура және тура емес теңдіктер Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Арапова Гулмира Бектураевна

ОҚО Сарыағаш ауданы №14 Алыбай батыр жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar