«Құқықбұзушылыққа жол бермейік!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 418
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22641


Жалпы білім беретін Сырым орта мектеп-балабақша кешені

Тақырыбы:

«Құқықбұзушылыққа жол бермейік!»



Дайындаған: М.Е.АХМЕТОВА

Сырым орта мектеп-балабақша кешенінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдіс бірлестігі отырысында қаралып, №5 27.05.2016ж хаттамамен аудандық әдістемелік кабинетке таратылуға ұсынылды.

Бағдарлама авторы: М.Е.Ахметова

Бұл бағдарламада психологиялық тренингтер, ата-аналарға кеңес,
ҚР Конституциясының заңнамалары, жұмыс түрлері, сауалнамасы жинақталған.

Кіріспе
Қымбатты әріптестер!

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз. Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды. Құқық –дегеніміз мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі- оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады. Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілер көрсетілген. Құқықтық нормалар тек қана заңдардан ғана тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілер де көрсетілген. Президент- нормативтік жарлықтар, үкімет-нормативтік қаулылар, министрліктер –нормативтік қаулылар. Министірліктер-нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар-нормативтік шешімдер қабылдайды.
Адам және азаматтардың құқықтары, ерік, бостандықтары терең құрастырылған құжат бұл өзіміз жиі айтатын 1787 жылы қабылданған АҚШ конституциясы Мемлекетіміздің ата-заңының бірінші бабында «Қазақстан -Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның ең басты қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.
Негізгі бөлімі
Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды атамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз –Қазақстан Республикасының конститутциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

1 бап.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдары.

4бап
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық туралы заңдарының кеңістік жағынан қолданылуы

9 бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бал туған сәтінен бастап аты-жөнін, ұлты,азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата-анасына қатысты мән-жағдайларға қарамастан бала тең құқылы.

10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оның тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

11 бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР –ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

12 бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.

18бап
Жеке өмір, жеке бастың және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар.

19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым- қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқылы.

30 бап
Азаматтардың тегін орта білім алуына құқылы.

Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:
 Тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптасыруға ықпал ететін жағдайды жою;
 оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
 оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұй ымдастыру.
 отанды қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа сөз бостандығы мәселелелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу.

Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді .

Құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыс түрлері

Психокоррекциялық сабақ (түзету) түрлері Сабақтың мақсаты Жұмыс түрлері

Топтық тренинг Топтық ынтымақтастық, қарым-қатынастағы кедергілерді жою, еркін қатынас жасау бейімділігін ашу Сергіту жаттығулары, қозғалмалы ойындар, әңгімелер.
Ойындық терапия Тұлғалық даму, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру. Рөлдік және іскерлік ойындар, тренинг жаттығулар.

Іс-шаралар өткізу Оқушылардың құқықбұзушылыққа жол бермеудің алдын-алу Пікірталас, дөңгелек үстел, кездесу кештері.

Психологиялық кеңес жүргізу. Ішкі жағдайды айқындауға және ішкі жағымды келісімділікті бекітуге, болашақты құруға себеп болатын психологиялық әңгімелер Жеке және топтық жұмыс істеу.

Құқық бұзушылықтың алдын алуда жүргізілетін сауалнама. 7 -11 сыныптар

1. Неше жасқа толмаған адам «бала» деп танылады?
А) 7 жас
Ә) 18 жас
Б) 12 жас
В) 25 жас
2. Жеке басыңа қауіп төңген жағдайда кімге шағымданасың?
А) Ата –анаңа
Ә) сынып жетекшіме
Б) Құқық қорғау оргндарына
3. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды?
А) 1991 жыл
Ә) 1989 жыл
Б) 1990 жыл
В) 2000 жыл
4. Қазіргі кезде жастар арасында құқық бұзушылықтың көбеюі неге деп ойлайсың?
ойлайсың ?
А) өз құқын білмегендіктен
Ә) дұрыс қарым-қатынас жасамағандықтан
Б) отбасы тәрбиесіне байланысты
5. Жеке төл құжат неше жастан беріледі?
А) 15 жас
Ә) 14 жас
Б) 16 жас
В) 18 жас
6. «Бопсалау» деген сөзді қалай түсінесіз?
А) Жақсы көру
Ә) Күш көрсету, қорқыту-үркіту.
Б) Ақыл айту
В) Өзгенің затын ұрлап алу.
7. Бала кешкі нешеден кейін жаңғыз өзі жүруге болмайды(ата-анасыз)?
А) 7-кейін
Ә) 8- кейін
Б) 9- кейін
В)10- кейін
8. Құқықтың қандай түрлерін білесің?
А) жеке
Ә) саяси
Б) Әлеуметтік
В) Мәдени

Құқықбұзушылықтың алдын-алуда оқушылармен жүргізілетін психологиялық тренингтер
«Менің адамгершілік қасиеттерім»
Мақсаты:Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынастарын ізгілендіру.
Нұсқау: Сіздерге ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіз аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызға не жазылғанын дауыстап оқып бересіз.
«Ақ ноқат»
Мақсаты: Оқушыларға ақ пен қараны ажытатуға үйрету.
Нұсқау: Ақ парақ беріледі. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (Бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуміз керек.)
«Менің отбасым» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер бойына отырады, әрқайсысына бір парақ қағаз бен қалам беріледі.
Нұсқау: парақтарды екіге бөліп, төмендегі сөйлемдердің жалғасын жазу керек.
1. Мен өз отбасымды жақсы көремін, себебі….
2. Мен құқықбұзушылыққа жол бермеймін, себебі….
Содан соң қатысушылар қағаздарын ұстап, бөлмеде жүреді, үндеемй ғана бір-бірінің қағаздарында жазылғандарды оқиды. Бір-бірімен дауыстап сөйлесуге немесе шетте тұруға болмайды. Барлығы бір-бірінің жазғандарымен танысқан соң, парақтар тақтаға немесе қабырғаға ілініп қойылады.
Мектеп оқушылары арасында құқықтық алдын-алуда құқықтық насихат, ата-аналармен ауылдық, аудандық инспектормен кездесу кештері, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу бойынша іс-шаралар өткізіледі.
.

Ата-аналарға кеңес
Құрметті ата-ана!
Балаларыңызбен жанжалдасу Сіздің түп-тамырымен өзгертуі мүмкін!
 Бұл өзгерістердің отбасыңызға тек қана тиімді болуына ұмтылыңыз.балаңызды құқықбұзушылыққа баруға жол бермеңіз!
 Дау-дамайлы жағдайға түспестен бұрын, осының нәтижесінде неге қол жеткізетініңді ойлаңыз.
 Бұл қорытындының Сізге өте маңыздылығына тағы көз жеткізіңіз.
 Дау-жанжал кезінде өзіңіздің ғана емес,басқалардың да мүдделерін ойлаңыз.
 Дау-дамай болып жатқанда іс-әрекет этикасын сақтаңыз, одан өш алуға тырыспай, проблеманы әділ шешіңіз.
 Балаңызға тұрыс тәлім-тәрбие беруге тырысыңыз!
 Балаңыздың тәрибесіне жеңіл қарамаңыз!

Қолданылған әдебиеттер.

 Қазақстан Республикасының заңнамалары
 Қызықты психология №5,2016ж.
 Қызықты психология №4, 2014ж Тәрбие.орг сайтынан «Құқықбұзушылыққа жол бермейік!» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: М.Е.АХМЕТОВА

Пікірлер: 0

avatar