Ы ы дыбысы және әрпі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 571
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22631


Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі: Абильдаева Айман
Сабақтың тақырыбы: Ы ы дыбысы және әрпі
Пәні: Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Ы ы дыбысы және әрпі.
Мақсаты:
1.Білімділігі : Жаңа Ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; Ы дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту.
2.Дамытушылығы : Оқушылардың ойлауын, тілін дамыту.
3.Тәрбиелігі : Тазалыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға оқу құралдарын алғызып, сабаққа дайындалту.
II. Өткен дыбыстарды қайталау.
"Кім білгіш?" ойыны арқылы өтілген дыбыстарды қайталау.
Ойын шарты: Мен дауысты дыбысты атасам, екі қолдарынды жоғары көтеріп шапалақтайсыңдар, ал дауыссыз дыбысты атасам, еңкейіп тізелерінді шапалақтайсыңдар.
III. Жаңа сабақ.
Сюжетті суретке қарап әңгіме құрау.
Бұл — ас бөлмесі. Айжан үстелдің үстін жинады. Ол шыны, қасық, тәрелкелер жуды.
- Балалар, енді шыны, қасық, тәрелке, шайнектерді бір сөзбен қалай айтуға болады.
-Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?
Міне, мынау — әріп таңбасы, - деп үлкен, кіші ы әрпін көрсетіледі.
-Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?
-Демек, ы дыбысы — жуан дауысты дыбыс. Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Ы дыбысы қызыл текшемен, д дыбысын көк, ы дыбысын қызыл, с дауыссыз дыбысын көк текшемен белгіленеді.
Алдарындағы текшелерге қарап, осы сөзде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін кім айтады?
-Ыдыс сөзі неше буыннан тұрады?
Кеспе әріппен ыдыс сөзін буынға бөліп жазып көрсету.
Ы-ДЫС
V. Сергіту сәті
Теңселеді ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай бөбектер
Үп-үлкен боп өседі.
VI. Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу. Оқушыларға балық, қайық, мысық, қайшы, домбыра суреттері таратылады.
Оқушы әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек. Балық суда жүзіп жүр. Мысық мияулады. Айнұр домбыра тартты. Әжемде қайшы бар. Сұрақтар қою.
-Әр сөйлемде неше сөз бар?
VIII. Қорыту.
"Сөз ойла, тез ойла" ойынын ойнату.
Оқушылардың отыруларына қарай үш командаға бөлу. Ы дыбысына қай команда көп сөз ойласа, сол команда жеңеді. Тәрбие.орг сайтынан Ы ы дыбысы және әрпі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абильдаева Айман

Пікірлер: 0

avatar