Қырдың жас түлегі Сапарғали Бегалин

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 264
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 17/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20561


Пәні:Әдебиеттік оқу
Сыныбы:4 «А»
Пән мұғалімі: Қараманова Қиғаш

Сабақтың аты Қырдың жас түлегі Сапарғали Бегалин
Сілтеме Әдебиеттік оқу әдістемесі
Жалпы мақсаты 1. Сапарғали Бегалиннің өмірі мен «Қырдың жас түлегі» әңгімесі туралы білу
2. «Қырдың жас түлегі» әңгімесінің мазмұнын түсіну.
3. Қорқарың бар қораға кірме» деген мақалдың мағынасын
аша отырып, қорқақтықтан аулақ болуға үйрену.
Күтілетін нәтиже 1. Сапарғали Бегалиннің өмірі мен «Қырдың жас түлегі» мәңгімесі туралы біледі.
2. «Қырдың жас түлегі» әңгімесінің мазмұнын түсінеді..
3. Қорқарың бар қораға кірме» деген мақалдың мағынасын
аша отырып, қорқақтықтан аулақ болуға үйренеді.
Негізгі идеясы Ғылым,білімге ұмтылу.
Туған жерге сүйіспеншілік.
Тапсырмалар Үй тапсырмасы «Аяқталмаған тезис» әдісі бойынша
Ой қозғау (Бейнежазба арқылы)
Топтық жұмыс (ДЖИГСО әдісі бойынша)
Жұптық жұмыс «Кейіпкерлерге мінездеме беру»
( шығармашылық тапсырма)
Жеке жұмыс. «Сызбамен жұмыс» (кестені толтыр)
Қорытынды. (Аудиожазба арқылы)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
Кіріспе бөлім
1.Ұйымдастыру
2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Армысың, жарық күнім,
Шуағымен берген білім.
Ертегі, өлең үйрететін
Құрметтейтін ана тілін.
Көңіл-күйім ашылады,
Өзіңдей боп жарқырайды.
Бүгін бізде мол дайындық,
Қабыл алшы жарық күнім!
(Балалар бір-біріне жүрегінен шыққан жылы лебіздерін білдіреді)
Үй тапсырмасына шолу» «Аяқталмаған тезис» әдісі бойынша
Шоқан Уәлиханов .......... (ағартушы, географ, этнограф)
........... жылдары өмір сүрді? (1835-1865)
Тауқымет - ......... ( бейнет, азап, ауыртпалық)
Қазақ жеріне қалмақтар мен ......... шабуыл жасады. (башқұрттар)
1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы......... ( Қалдан Серен)
Қонтайшы - ............. (жоңғар ханы)
Абылай ............. баласы Әділді басшы етіп қойды? (1774ж)
Абылай ..... жылы, ........ жерленді? ( 1781ж, Йасауи кесенесінде)
Тұсаукесер бөлімі .
Ой қозғау. (Шоқан туралы бейнежазба көрсету)
Оқушылардың ойларын тыңдау.
Ендеше, бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы Сапарғали Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» Шоқан туралы болмақ.
Интерактивті тақтадан Сапарғали Бегалиннің бейнежазбасын көрсете отырып,өмірбаянымен таныстыру.
Сапарғали Бегалин (1895-1983) 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген.Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі 1915 жылы Семей қаласындағы орыс қырғыз (қазақ) училищесін бітірген.
Шығармалары: 1914 ж. «Қазақ бозбалаларына», «Қыран кегі» (1943ж), «Цимлян теңізі» (1953), «Таңдамалы» (1956ж), «Сырлы қайнар» (1963) т.б.



Оқушыларға табыс критерийлерін ұсынамын:
1. Сапарғали Бегалиннің өмірі мен «Қырдың жас түлегі» мәңгімесі туралы білемін.
2. «Қырдың жас түлегі» әңгімесінің мазмұнын түсіндіре аламын.
3. «Қорқарың бар қораға кірме» деген мақалдың мағынасын аша отырып, қорқақтықтан
аулақ болып, шыншыл болуды үйренемін.
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс
Қамау көше – тұйық көше
Кадет корпусы – патша үкіметі заманындағы әскери оқу орны Жатақ - жатақхана
Негізгі бөлім. Топтық жұмыс (ДЖИКСО әдісі бойынша мәтінді талдау)
1,2,3 деп оқушыларды санату арқылы жаңа топқа біріктіріп, мәтінді үш бөлікке бөліп беру арқылы талдау жұмысы жүргізіледі. Оқушылар мәтіннің бөліктерін оқып, топтарында талқылайды. Сөйтіп, өз топтарына қайта келіп, жалпы мәтінді талқылап, әр топ баяндамашысы мәтіннің мазмұнын айтып береді.
Әр топқа қарсылас тобына 3 сұрақ дайындау тапсырылады. Баяндамашылар топ жұмыстарын қорғайды.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы формативті бағалау жүзеге асырылады.
Сергіту сәті: «Туған күн»
Жұптық жұмыс. Кейіпкерлерге мінездеме беру ( Шығармашылық тапсырма)
Офицер Анатолий Шоқан
Ашушаң,айқайшыл,қатаң,мазасыз Сужүрек, қорқақ, тентек, әдепсіз Білімді, адал, ұқыпты, әділетті
Дайын үлгі жауап арқылы формативті бағалау жүзеге асады.
Жеке жұмыс.» Сызбамен жұмыс» Үлгілік сызбаға сүйеніп, Ш. Уәлиханов туралы жаз





Шоқан Уәлиханов – ағартушы, географ, этнограф, тарихшы, шығыстанушы, ұлы ғалым
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Күнтимес ордасы
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры, «Березинге хат», «Тәңірі құдай», « Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Көкетай ханның ертегісі» жыры
Абылай ханның шөбересі, Достоевскийдің досы, П.С. Семенов – Тян-Шанский бірге оқыған.12 жасында кадет корпусына барды.
Дескриптор арқылы бағалау жүзеге асады.
IV. Қорытынды:
Аудиожазба арқылы Е.Ибраһимнің «Аққан жұлдыз» өлеңін тыңдату
Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қаранғыда тұңғиық,
Тамғандай-ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған,
Аққан жұлдыз,
Лапылдаған от-арман,
Аққан жұлдыз,
Ағып өткен найзағай,
Саналардың сағыныш тауын қопарған.
Сабақ рефлексиясы (ұнады, қиын болды, тілегім)
Үйге тапсырма: «Қырдың жас түлегі» әңгімесін оқып, мазмұнын айту Тәрбие.орг сайтынан Қырдың жас түлегі Сапарғали Бегалин Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қараманова Қиғаш Тулеуовна

Қызылорда қаласы №235 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar