Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қыстырма сөз 61-67 жаттығу
  • 11.01.2017
  • 113 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20933

«Бестөбе орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдраймова Гулзат Айтугановна
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз 61-67 жаттығу
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі;
Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен
қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.
ә) дамытушылығы;
Баланың логикалық ойлау қабілетін жаттығулар орындау арқылы
дамыту. Шығармашылық қабілетін,байқағыштық қабілеттерін,сөздік
қорларын дамыту.
б) тәрбиелігі;
Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,тірек сызба,топпен жұмыс,логикалық тапсырмалар.
Сабақтың құрал- жабдықтары, көрнекілігі:
Интерактивті тақта,тірек сызбалар,түрлі-түсті фишкалар.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың барысы:
I Кіріспе бөлім: а) Ұйымдастыру кезеңі; (Сәлемдесу)
Хормен: Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге
Бас иіп бүгін бәріміз.
ә) Психологиялық дайындық;
б) Сабақтың топтық сайыс түрінде өтетінін хабарлау;
II Үй тапсырмасын сұрау: 60 жаттығу сурет бойынша әңгіме құрау.
1) Ереже сұрау
2) Мысал келтіру,сөйлем құрау.
III Білімдерін жан – жақты тексеру: (Тірек сызба)
Жеке-жеке тоқталып мысал келтіру.
в) Оқулықпен жұмыс 61 жаттығу. Екі бөліктегі сөйлемдерді салыстырып,оқу. Қайсысы сөйлем , қайсысы мәтін ?
- Не байқадың?
Құрамында сөйлем мүшесі емес сөздерді табу.
г) Дәптермен жұмыс 62 жаттығу. Топтық тапсырма:
I топ: 1,2 сөзге сөйлем құрау
II топ: 3,4 сөзге сөйлем құрау
63 жаттығу Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып , көшіріп жаз.

б) Сөзжұмбақты шешу.
1. Ойдың долбармен айтылғанын білдіретін сөз.\БАЙҚАЙМЫН\
2.ойды санамалап дәлелдеу үшін қолданылатын сөз \АҚЫРЫНДА\
3.алдыңғы айтылғандарға қорытынды жасау үшін қолданылатын сөз. \ҚЫСҚАСЫ\ 4.\ АЙТПАҚШЫ \
5. мойындауды білдіретін сөз . \ ШЫНЫНДА\
6. Ойдың шамамен айтылғанын білдіретін сөз\СІ Р Ә\
7. Ойдың сенер - сенбестікпен айтылатынын білдіретін сөз. \МҮ М КІН\
8. Аяушылықты білдіретін сөз. \АМАЛҚАНША\
64 жаттығу Қыстырма сөзі бар сөйлем мен оған сәйкес келетін сызбаны тап . Жауабыңның дұрыстығын дәлелде.
в) « Гүлдер » ойыны. қыстырма сөздің мысалдарынан гүл құрастыру.

IҮ : Пысықтау сұрақтарын беру.
- Қыстырма сөз дегеніміз не?
- Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келеді?
- Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасы өзгере ме?
(мысал келтір)
V Үйге тапсырма беру: Ереже жаттау, 66 жаттығу.
VІ Оқушылар білімін бағалау:
Үш топтағы конверттерден жиналған фишкаларды санау арқылы топтың ұпайын шығару.
Қызыл -5, көк -4, жасыл -3
а) Жеке оқушыларды бағалау.
ә) Топтық сайысқа баға беру,марапаттау.
б) Оқушылар пікірін тыңдау, әрқайсысының қарсылас
тобына талдау жасау.

Тақырыбы: Қыстырма сөздер
Мақсаты: Қыстырма сөз туралы білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу; Сөздік қорларын молайту; өзіндік жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: көркем суреттер, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Үйтапсырмасынтексеру: 65-жаттығу.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Қатты, сабырлы.
ІІІ Оқулықпен жұмыс
а) 68-жаттығуда көп нүктенің орнына тиісті қыстырма сөзді тауып қойып, оны тыныс белгісімен толықтырып жазу.
Біз, шынында, байқамай қалыппыз.
Меніңше, Сара мәреге бірінші боп жетеді.
Мұражайға, сірә, ертең барармыз.
Бәсе, өзім де осылай болар деп ойлап едім
Сірә сөзіне фонетикалық талдау жаса.
б) Сөзжұмбақты шешу.
1. Ойдың долбармен айтылғанын білдіретін сөз.\БАЙҚАЙМЫН\
2.ойды санамалап дәлелдеу үшін қолданылатын сөз \АҚЫРЫНДА\
3.алдыңғы айтылғандарға қорытынды жасау үшін қолданылатын сөз. \ҚЫСҚАСЫ\ 4.\ АЙТПАҚШЫ \
5. мойындауды білдіретін сөз . \ ШЫНЫНДА\
6. Ойдың шамамен айтылғанын білдіретін сөз\СІ Р Ә\
7. Ойдың сенер сенбестікпен айтылатынын білдіретін сөз. \МҮ М КІН\
8. Аяушылықты білдіретін сөз. \АМАЛҚАНША\
в) « Гүлдер » ойыны. қыстырма сөзді табу, гүл құрастыру

леңнің тәрбиелік мәні
Досы үшін арашаға түсу, нағыз дос болу.

Достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «100теңгең болғанша, 100 досың болсың» т.б.
Г) 71-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сен де өз досыңмен сыңға түс. Өз ойыңды жеткізуде менің ойымша қыстырма сөзін пайдалаң.
д)Көркем сурет бойынша қыстырма сөздерді пайдаланыпәңгіме құрап жазу.
ІҮ Бекіту: 1. Жаңа сабақты оқушылардың меңгергендігін тексеру мақсатымен қысқаша сұрап шығу.
Ү. Үйге тапсырма қыстырма сөздерді қатыстырып, «Менің досым» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік
беру.Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: баланың логикалық ойлау қабілетін жаттығулар арқылы дамыту, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын молайту
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, тірек-сызба
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену,
Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу!
ІІ Өткенді еске түсіру
— Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не?
— Бірыңғай мүшелер қалай жазылады?
— Мысал келтір, бірыңғай мүшені тап, дәлелде.
ІV. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты мысалдар арқылы түсіндіру
Мүмкін, ол бүгін келіп қалар. Оның ойынша, Сара ақылды қыз.Ертең, дау жоқ, қансонар болады. Сөйлем мүшесіне талдау.
Тірек – сызба

Оқшау сөздер
Қаратпа сөз Одағай

Қыстырма сөз
V Жаттығулар орындау
59- жаттығу Ауызша орындалады.Қарамен жазылған сөйлемдерге назар аудар. Қарамен жазылған сөздерсіз айтып көр.Сонда не байқадың?
60-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қыстырма сөздердің астын сыз. Олардың сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын сызба көмегімен түсіндір. Қыстырма сөздер сөйлемнің қай жерінде келіп тұрғанына және қандай тыныс белгісі қойылғанына назар аудар
Тірек – сызбамен жұмыс
61- жаттығу Ауызша, терең ойлау тапсырмасы
Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келіп тұрғанын айт. Соған қарай қыстырма сөздің тыныс белгісі қалай қойылатынын өзің тұжырымда.
Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау-басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған!
62-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.Ойыңды дәлелдеп үйрен.
Бұл,қыстырма сөз, ол сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қуанышын
өйткені (ой сипатын, т.б) білдіріп тұр
Ол сөйлем мүшесі бола алмайды
63-жаттығу. 60-жаттығудағы сызбаны пайдаланып, сөзжұмбақты шеш
«Қыстырма сөз» сөзжұмбағын шешу
1.Ойдың долбармен айтылғанын білдіретін сөз.
2.Ойды санамалап дәлелдеу үшін қолданылатын сөз
3,4.Алдыңғы айтылғандарға қорытынды жасауда қолданылатын сөз
5. Мойындауды білдіретін сөз
6. Ойдың шамамен айтылғанын білдіретін сөз
7. Ойдың сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіретін сөз
8 Аяушылықты білдіретін сөз

Сабақты қорытындылау.
Біз не үйрендік ? Пысықтау сұрақтарына жауап алу
1.Өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін қандай сөздер?
а) Қарсы мәндес сөздер
б) Мәндес сөздер
в) Қыстырма сөздер
2. Төмендегі сөйлемнен қыстырма сөзді тап
Бәсе, күні бойы көзге түспеді.
а) бәсе
ә) күні бойы
б) көзге түспеді
3. Қыстырма сөздер қандай тыныс белгісі арқылы жазылады?
А) нүкте
ә) леп белгісі
б) үтір
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Біріншіден, 64- жаттығу, екіншіден,ережені жатқа айту ұсынылады.
Мен айтқан сөйлемде қыстырма сөзді табайық!

Tags:ашық с Тәрбие.орг сайтынан Қыстырма сөз 61-67 жаттығу Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдраймова Гулзат Айтугановна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: жаттығу, Сөз, Қыстырма, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, 61-67
Көрсетілім: 113 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar