Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қыстырма сөздер
  • 08.11.2016
  • 485 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19932

Күні: Сыныбы: Пән атауы:
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, қыстырма сөздер, оның жасалу жолдары туралы түсінік беру, сондай –ақ, қыстырма сөз - сөйлемдегі айтылған ойды сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөз екендігін және қыстырма сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтындығы туралы, қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы бөлінетіндігі туралы мағлұмат бере отырып, жалпы шолу жасап, білімдерін шыңдау.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүинетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер
Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөзді қыстырма сөз деп атайды. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалы: Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайсың. Жаңылмасам, сені бір жерден көрдім.
1 – жаттығу. Бағанның екі жағын өзара салыстырып, олардың мағынасынерекшеліктеріне талдау жаса.
1. Меніңше, бұл – өте мықты адам. 1. Бұл – өте мықты адам.
2. Біз бүгін, әрине, күндегіден 2. Біз бүгін күндегіден ертерек
ертерек шығамыз. шығамыз.
3. Бәлкім, бұл жұмысты ертеңге 3. Бұл жұмысты ертеңге қалдырды.
қалдырған шығар.
4. Маған, әйтеуір, Сарыарқадағы 4. Маған Сарыарқадағы Жайлыбай
Жайлыбай жайлауы ұнайды. Жайлауы ұнайды.

2- жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жаз. Қыстырма сөздердің астын сыз.
Бір күні Асан интернаттың ауласынан шығып, орталықтағы ойыншықтар сатылатын дүкен жаққа барды. Қалтасында бір тиын ақшасы жоқ болса да, жай әшейін, қызық үшін бұрыла салып еді. Дүкен ішіндегі әртүрлі ойыншықтарға қатты қызықты. Әсіресе қорабы қызыл, кабинасы сары машинаны айтсаңшы! Шіркін, осы машинаны сатып алса ғой!
- Қыстырма сөз сөйлемге қандай мағына үстеп тұр? Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар аудар.
- Асан неге қызықты?
- Оның арманы не еді? (Оқушылардың жауабы).
ІV. Сергіту сәті:
Ерте тұрып, күнде мен, Айналама қарасам,
Тереземді ашамын. Ғажаптар қаншама,
Сәлем деймін күнге мен Сан жетпейді санасам
Шаттық әнге басамын. Сәлем деймін баршама!
V. Сабақты қорытындылау:
3 – жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қыстырма сөздерді теріп жаз.
Мысалы: Кішкене күшік, шынын айтсам, маған қатты ұнады - Кішкене күшік маған қатты ұнады.
Кішкене күшік, шынын айтсам, маған қатты ұнады. Мәссаған, мұндай да керемет болады екен – ау! Ұмытып барады екем, бүгін жарысқа дайындық жұмысы басталады. Неге екенін кім білсін, қасындағы достарымен де араласпайтын болды. Болашақта аты шыққан әнші болатын шығар, бәлкім?
4- жаттығу. Берілген сөздерді қыстырма сөз ретінде қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Сірә, сіздіңше, оның пікірінше, шындығында, амал қанша.
- Бүгінгі сабақта не өтілді?
- Сабақ несімен ұнады?
(Оқушылардың жауабы)

VІ. Үйге тапсырма: 5 – жаттығу 58бет.
VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Қыстырма сөздер Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бактыбаева Айзат Өмірзаққызы

№35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: 35mektep
Көрсетілім: 485 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar