«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР»

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 1135
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 10/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18971


Сабақтың тақырыбы: «ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР»
Сабақтың мақсаты: Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: қайталау, ойын сабақ
Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: қысқы ойындар, дидактикалық үлестірмелер, фигуралар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру, күнделікті өмірмен.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
1)Уа халайық , халайық,
Бәріңе жар салайық.
2)Бүгінгі кеш төрінде
Математика тілінде,
3)Есеп шешіп жарысып
Шабыт тасып, шалқысып
4)Жұмбақ шешіп аңдысып,
Есеппен ән салысып,
5)Көңілді кеш жасайық.
Жұмбақ бәріне шашайық.
6)Мұнда қызық табылар,
Мақал, жұмбақ бәрі бар.
Құрметті ұстаздар « Қызықты математикалық тапсырмалар» атты ашық сабағымызға хош келдіңіздер.Жақсы ,балалар,орындарыңа отыра қойыңдар.Сендерге сәттілік тілеймін.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін математикаға берелік,
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік- деп сабағымызды бастайық.
1.
1) Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан өзі шығады)
2) Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)
3) Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)
4) Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)
5) 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)
6) 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)
7) Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
-Балалар, біздер бірнеше қыста ойналатын ойын түрлері туралы білеміз.
-Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы ойын түрлерін бізде сабақ үстінде ойнайтын боламыз. Әр ойынның бізге әкелген тапсырмасы бар. Біз сол тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, ойынды ойнаған болып есептелеміз.
— Қыста ойналатын қандай балалар ойындарын білесіңдер? (Оқушылар жауабы)
Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық

1 тапсырма. Аққала соғу (топпен жұмыс 4-топ) Амалдарды орында.
1-топ. (34+20)/6
(30+42) /8
2-топ. (85-15) *9
90/10+9
3-топ. (35-27)*4
(81-75)*3
4-топ. (64-56) *2
(54-45)*3

2 тапсырма. Коньки тебу. Тақтамен жұмыс. Жасырынған ойынды ашу
Х : 4 = 9
8 * х = 56
7 * а = 49
А : 8 = 5

3 тапсырма.Шаңғы тебу. №3 есеп.Кестемен жұмыс
а 2 4 6 8 9
а*9

а 21 70 49 56 63
а/7

Сергіту жаттығуы.
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)

4 тапсырма. Хоккей ойыны. Өздік жұмыс. Дәптермен жұмыс
а) Тік төртбұрыштың ауданын табу?
ә) Шаршының периметрін табу?
Балаларға қиылған тіктөртбұрыш және шаршының кескіндері беріледі.

5 тапсырма. Мәнерлеп сырғанау. Тиынға азық жинау

6 тапсырма. Логикалық есеп
1. 5ондықты 3есе арттыр
2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан
3. 3 ондықтан 2 есе артық сан
4. 1дм-де неше см бар?
5. 30 бен 50-дің қосындысы
1.1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?
2. Бір сағатта неше минут бар?
3.Бір аптада неше күн бар?
4.Бір жылда неше ай бар?
5.Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?
VІ… Білімді бағалау.
Екі қатар оқушыларын бағалау.
VІІ.Сабақ қорытындысы:
- — Бүгінгі матема тика сабағында нені үйрендік?
— Өткен тақырыптарды қайталадық.
— ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.
— Есептер шығардық.
— Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.
-Ия, балалар, олай болса математика бізге керек деп мына өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймын:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым соған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан. Тәрбие.орг сайтынан «ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарыева Анаргул Ержановна

С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar