Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Зат есим.
  • 27.06.2016
  • 437 Көрсетілім
  • 1 пікірлер
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19253

Қазақ тілі 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Сөз таптарының бірі зат есім жайлы түсіндіру. Тапсырмаларда берілген сөздердің зат есім екенін дәлелдеуді, тіл дамыту жаттығуы арқылы шағын әңгіме құрауды, оқушылардың өздеріне ереже құрастыруды үйрету.
Мақалдардың мағынасын түсіндіре отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, шешендікке, батырлыққа, білімді болуға тәрбиелеу.
СТО әдістерін пайдалана отырып, оқушыларды жан-жақты, терең ойлауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға қалыптастыру
Күтілетін нәтиже: Сөз таптарының бірі зат есім жайлы түсінеді.
Тапсырмаларда берілген сөздердің зат есім екенін дәлелдеуді, тіл дамыту жаттығуы арқылы шағын әңгіме құрауды, оқушылардың өздеріне ереже құрастыруды үйренеді.
Оқушылар жан-жақты, терең ойлауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға қалыптасады.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: топтастыру, ойындар, ребус шешу,сөзжұмбақ, суретпен жұмыс,топтық бағалау.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, ребус, сөзжұмбақ, оқулық
Пәнаралық байланыс: сурет, ана тілі, дүниетану, еңбек
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2.Оқушыларды топқа бөлу.Алтын ереже құру.Топты геометриялық фигуралармен бағалау. Топтық бағалау.
ІІ.Үй тапсырмасын бекіту:
Берілген тапсырманы тексеру.
Сөйлемдерді оқу. Заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді тап.
ІІІ.Ой қозғау.
«Қоянға көмек» ойыны
Сұрақтары:
1. Сөз дегеніміз не?
2.Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін не дейміз?
4.Қосымша нешеге бөлінеді?
5. Жұрнақ деген не?
6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
7. Қосымшаның қай түрі бұрын жалғанады?
8. Сөз таптарын ата.
Сөз таптары Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
ІҮ.Жаңа сабақ
Ребус шешу.
Суреттегі заттардың атына сұрақ қою арқылы оқушылардың өздеріне ереже шығарту
Нәзік-кім? Ат-не? Есік-не? Мысық- не?
Оқушы –кім? Жүргізуші – кім? Дәрігер – кім?
Ү. Жаңа сабақ. .Дәптермен жұмыс.Танымдық жаттығулар
1-жаттығу Сөзжұмбақты шеш. Сол сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер тобын не деп атайды?
2-жаттығу Мақалдарды көшіріп жаз. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
1-топ: Ақыл-тозбайтын тон,
Білім –таусылмайтын кен.
2-топ: Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар
3-топ Білекті – бірді жығар,
Білімді-мыңды жығар.
Топтастыру әдісі.
3-жаттығу
1.Суретпен жұмыс.Заттардың атын білдіретін сөздерді топтап жазу.
2.Не? сұрағына жауап болатын сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
3.Сөйлемді аяқта.
... үреді. ұлиды. қарқылдайды. шақырады.
Сергіту жаттығуы.Музыкалық ырғақ.
ҮІ.Жаңа сабақты бекіту. Топтық жұмыс. «Кілем тоқу»
Гүлдерден кілем тоқу.
1-топ 2-топ 3-топ
Кім?-сатушы, дәрігер, ата, ұста, ақын, әнші, бөбек, әже
Не?-кітап, парта, дөңгелек, түлкі, ағаш, қарға , көбелек,қозы, дән, , мұз
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
Тест тапсырмалары.
1.Заттың атын білдіретін сөздерді тап:
А) күн ә) биле б) суық
2. Кім? деген сұраққа ауап беретін сөзді көрсет.
А) ән ә) күц б) әнші
3. Не? Сұрағына жауап беретін сөзді көрсет.
А) ақын ә) жер б) адам
4. Жан-жануарға қойылатын сұрақты көрсет.
А) кім? ә) не? Б) кімдер?
5. Адамға қойылатын сұрақты көрсет.
А) не? ә) кім? б) нелер?
ҮІІІ.Рефлекция.
ІХ.Үйге тапсырма: Зат есімнің ережелесін түсініп жаттау. 5-Жаттығу.
Х.Бағалау Топтық бағалау.

ОҚ облысы, Мақтаарал ауданы
«Қ. Аманжолов» ЖОМ
Амирова Саудагул Туралиевна. Тәрбие.орг сайтынан Зат есим. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Амирова Саудагул Туралиевна

ОҚ облысы, Мақтаарал ауданы «Қ. Аманжолов» ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: zauremaksutova70
Көрсетілім: 437 | Жүктеулер: 0 | Пікірлер: 1
Барлық пікірлер: 1
avatar
1
Жақсы. Сабақтарыңыз әрдайым  қызықты өтсін!
avatar