Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Зат есім"
  • 25.10.2016
  • 209 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19803

Сыныбы: 3 «б»
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік
Оқушыларға зат есім туралы айтып, білімдерін тиянақтау, пысықтау
ә)дамытушылық
Сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру, ойлау қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру
б) тәрбиелік
Сауатты да, көркем жазуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: сабақ презентация
Көрнекіліктер: слайд, «Дара мен Диего»
Сабақ әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, келген қонақтарды ескеру
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
- Балалар, ыңғайланып еркін отыра ғойыңдар.
- Осындай жақсы ниетпен сабағымызды бастайық.
ІІ.Үй тапсырмасы
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Өткен тақырыпты еске түсірейік
- Балалар, тақтаға назар аударыңдаршы. Бүгін бізге сендердің достарың қонаққа келген сияқты, иә?! Олар кімдер?
- Иә, Дара мен Диего. Балалар, олар сендерден көмек сұрай келіпті. Достарын мына вагондарға отырғызу керек екен. Ал, оған Дара мен Диегоның шамалары келмей тұр екен.Көмектесеміз бе? Олай болса іске сәт!
(әр жануар артында сұрақтар бар!
1. Сөз таптарын ата
2. Етістік нені білдіреді? Сұрақтары қандай
3. Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары
4. Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары
5. Берілген сөздердің қай сөз табына жататынын анықта: биледі, әдепті, жеті, үлкен, оқыды
- Балалар, өте жақсы. Дара мен Диего сендердің көмектеріңнің, білімдеріңнің арқасында достарын вагондарға аман – есен отырғызды. Сендерге үлкен алғыс білдіруде.
ІІІ.Жаңа сабақ
- Балалар,бүгінгі жаңа сабағымызды бастамас бұрын,мынандай өлең жолдарын оқып берейін.

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңі сені
Болашағым,бақытым дара тілім.
-Балалар,тақтаға назар аударыңдаршы.
Білесіңдер Кім?Не? сұрағын
Сөйлемде ой иесі боламын
Не істейді?сұрағымен
Көркейемін толамын.
(зат есім)
Толықтыр

Оқулықпен жұмыс
-Балалар,енді оқулығымыздың 146-бетін ашайық. 1-жаттығудың тапсырмасын кім оқимын дейді.
Бұл не? Құс
2-жаттығу
Суретке қарап,зат есімдерді тауып айт. Сурет,ұл,қыз,қарбыз,алма,жүзім,пышақ,нан,кесе,тақтай,үстел.
(сұрақтарын қойдыру)
Сергіту сәті.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына
Қойды допты орнына.
Оңға қарады, солға қарады
Үлкен тау деп ойлады.
Көкем жазу.
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
3-жаттығу.
Көшіріп жазамыз. Зат есімнің астын сызып алыңдар.
(Бірден тексеріп алу)
6-жаттығу.
Мәтіндегі зат есімдердерді тауып,екі бағанға көшіріп жаз.
-Балалар,міне тақтада үлгі тұр.
Кім? Не?
ол үміт
..... ........

ІV. Жаңа сабақты тиянақтау
«Адасқан сөздер»
-Балалар, не көріп тұрсыңдар? (үйшіктер)
- Балалар, әр сөзге сұрақ қоя отырып, белгілі өз үйшігіне кіргізейік.


(мысалы, қандай? – ала
не? – бал)
V. Қорытынды
Рефлексия
1. Не білдім?
2. Не білемін
3. Білгім келеді?
VІ. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық
4,5 – жаттығу, 147-бет
VІІ. Бағалау
5 болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.
Сау болыңда!

Ахмер орта мектебі

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары

Зат есім
3 «б» сыныбы

Өткізген:


2012 ж. Тәрбие.орг сайтынан "Зат есім" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джамбулова Назгуль Маратовна

ШҚО Өскемен қаласы " №26 орта мектебі" Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 209 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar