Зат есім

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 248
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 06/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21530


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Зат есім
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Зат есім туралы түсініктерін кеңейту; зат есім болатын сөздерді мағынасына, грамматикалық белгісіне қарай талдау; сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу.
Сабақтың әдісі: Топтастыру.
Көрнекіліктер: Оқулық. Әдістемелік нұсқау, слайд, интерактивтік тақта.
Психологиялық ахуал
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Сан есім
Екі қалам
бір сызғыш.
Бес дәптер
Өткен сабақты пысықтау.
Сөз таптары
Зат есім
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Етістік
Не қылды? Не істеді? Қайтті?
Сан есім
Неше? Қанша? Нешінші?
Сын есім
Қандай? Қай?
Сергіту сәті Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
«Домино» ойыны
1. Сөз таптарын ата
2. Зат есім сұрағын ата
3. Сын есім деген не?
4. Заттың қимылын білдіретін сөз табын ата
5. Қанша? Қай сөз табының сұрағы.
«Кім жылдам ойыны
Атауы ---- Зат есім ----- Сын есім ----- Сан есім ----- Етістік
Алма
Келді
Әдемі
Бес
Отыр
Сұлу
1. Зат есім нені білдіреді?
а) заттың санын
ә) заттың қимылын
б) заттың атын

2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) Жандос
ә) дәрі
б) күлді
3. Аспан деген сөзді қайталайтын сұрақты тап
а) не істеді?
ә) не?
б) кім?
4. Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
а) Дәрігерлер, дәрілер
ә) күшік, әнші
б) қыс, торғай
5. Кім? Не? Қай сөз табының сұрағы?
а) етістік
ә) зат есім
б) сан есім.
Күннің шуағы пайда болады.
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Зат есім Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шенгелбай Айбану Крыкбайқызы

С.Сейфуллин атындағы №74 Жалпы білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar