ЗАТ ЕСІМ

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 470
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 11/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22584


Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы Зат есімді қайталау
Жалпы мақсаты Зат есім туралы түсініктерін кеңейту, адамдарға кім? жануарлар мен заттарға не? сұрақтары қойылатынын байқату. Зат есімдерге сұрақ қоя білуге дағдыландыру
Оқыту нәтижесі Зат есім туралы түсініктері кеңейеді, адамдарға кім? жануарлар мен заттарға не? сұрақтары қойылатынын біледі. Зат есімдерге сұрақ қоя алады

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру

1 мин Қайырлы таң, достым,
Қайырлы күн болсын!
Аптаның әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын! Оқушылар өлеңді қайталайды
Қызығушылықты ояту

2 мин Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу
1. Сөйлем неден құралады?
2. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылатын сөйлемнің түрі?
3. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі?
4. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемнің түрі?
5. Түбірге қосылған бөлшек қалай аталады?
6. л,р,м,н,ң.й,у қандай дауыссыз дыбыстар?
7. Сөйлемдерден не құралады?
Мағынаны тану
«Алтын балық» әдісі
Суретпен жұмыс
Тақтада берілген суреттерге сұрақ қою
- Не байқадың?
- Адамдарға кім? заттар мен жануарларға не? деген сұрақ қойылады
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу.
Өлеңді оқып, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ата
Кім? Іні, әпке, аға
Не? машина, арба, шана
2-жаттығу. Жұппен жұмыс
Сөздерді оқып, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі топқа бөліп, әрқайсысына сөйлемдер құрастырып жазу.
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау
Ата, кірпіш, шыны, апа, сағат, ағатай, қант, інішек, тауық, кептер
3-жаттығу. Ауызша
Жаңылтпашты жатқа айтып, зат есімдерді тауып, сұрақ қою
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
Берілген сөздерді жұмбақтап айту. Әже, ағаш, бесік, дәрігер, құрылысшы, кітапхана. Оқушылар сөздерді табады

4-жаттығу. Тақтамен жұмыс
Сұрақтардың орнына зат есімдерді тауып жазу
«Бағдаршам» әдісімен бағалау

Шығармашылық тапсырма
Сурет бойынша мақал-мәтелдер айту.


Ой толғаныс
Интерактивті тақтада тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасы
5-жаттығу Күнделіктеріне жазады
Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан не үйрендің?
Тағы не білгің келеді?
Бағалау
1 мин Мұғалімнің бағалауы Тәрбие.орг сайтынан ЗАТ ЕСІМ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жайжигитова Назгүл Жонысқызы

Ақтөбе қаласы №48 жалпы білім беретін орта мектеп Бастауыш класс мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar