Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Зат есімнің септелуі.
  • 24.02.2016
  • 396 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16620

Сынып:4 а Пән:қазақ тілі Тақырыбы:Зат есімнің септелуі Мақсаты: зат есім туралы алған білімдерін нақтылау, жинақтау. Септіктерді қайталай отырып, теорияны практикада қолдана білу дағдыларын тексеру. Зат есімге тән категорияларын табу Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; Ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу • І. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру • Қазақ тілі туралы ой-түйінділер. Мысалы: бір оқушы «қазақ тілі – қазақ халқының жаны мен тәні» Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару. ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау Салыстырып оқыту. Ертегі : «Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті . Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» - деп егіледі. Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып,кімді ғана қарғайын?» - дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? - деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі. Жаттығу орындау-оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу 104-105бет 2 жаттығу. Кестенің астында керекті сөздер: тауда, аспаздықты, балуанның, батырға, айтыста, балмұздақты, бақшада, бәйгеде, дойбышыға, ертегіні, ақынмен, қарияның, жерден, таудан, аяздан, көлікпен, трактормен, инемен 3 жаттығу ауызша Сергіту сәті «Қайталай ғой» ойыны ойналады. Зерттеу жұмысы Әр балаға сөз беру, оқушылар септеп жазады, 2 оқушы тақтада орындайды. Қарлығаш, оқушы, ауыл, суретші, ағаш, қар, күн, емен, терек, кітап, дәптер, мектеп, бала, жаңбыр, аспан, көше, бота, жылқы. А.с қарлығаш І.с қарлығаштың Б.с қарлығашқа Т.с қарлығашты Ж.с қарлығашта Ш.с қарлығаштан К.с қарлығашпен Білім парақшасына бағаларын қояды. «Ұйқасын тап» ойыны Қорытынды бөлім Сабақты бекіту Кубизм әдісін қолдану: 1. Адам сөзін септе(ауызша) 2. Қай септіктің жалғауы жоқ(І.с) 3. Кіммен?немен? қай септіктің сұрағы(К.с) 4. «Қалам» сөзін септе 5. Ға,ге, қа, ке – қай септіктің жалғауы 6. Қазақ тілінде неше септік бар? Бағалау Рефлексия Оқушылар бір-бірін бағалауға үйренеді Үйге тапсырма Әр септікке үш мысалдан құрастыр. Тәрбие.орг сайтынан Зат есімнің септелуі. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кузембаева Арайлым Бакибайқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 396 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar