ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖЕКЕШЕ ЖӘНЕ КӨПШЕ ТҮРІ

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 246
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 05/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22509


Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
КММ « Ильичевка орта мектебі»


Ашық сабақ
Қазақ тілі. 2-сынып
Тақырыбы:Зат есімнің жекеше және көпше түрі.



Өткізген: Атетова Кенжегуль Амангельдиевна.


Сабақтың тақырыбы:Зат есімінің жекеше және көпше түрі
Сабақтың мақсаты:1)Зат есімнің жекеше және көпше түрлерімен таныстыру.
Зат есімнің көпше түрінің көптік жалғау арқылы жасалуын
түсіндіру.Мәтінмен жұмыс жасауға үйрету.
2)Ойлау қабілеттерін,тілдерін,көрке жазуды дамыту.Топпен
жұмыс істеуге бейімдеу.
3)Ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:суреттер,үлестірме қағаздар,интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.Сабаққа дайындық.
Сабақтың ұраны:
Біз көңілді баламыз, сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз-білім алу,міндетіміз-еңбектену.
Еңбектену арқылы,білімге қол жеткізу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Бос орындарға қ әрпінен басталатын сөздер жазу.
III.Жаңа сабақ . Ойға жаттығу.
1)Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
2)Дыбыс нешеге бөлінеді?
3)Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
4)Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
5)Мәтіннің қандай түрлері бар?
6)Сөйлемнің қандай түрлері бар?
7)Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?
8)Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?
9)Кісінің аты-жөніне,жер-су аттарына,жануарларға қойылған атаулар қалай аталады?
10)Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді қалай атайды?
-Балалар бұл ненің суреті?
-Бұл алма.
-Ал мынау ?
-Алмалар.
-Егер зат немесе адам біреу болса оған кім? не? деген сұрақтар қоямыз.Ал егер олар
Бірнешеу болса кімдер? нелер? деген сұрақтар қоямыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есімінің жекеше және көпше түрі.
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Зат есім жекеше ,көпше түрде айтылады.Кім?Не? сұрақта-
рына жауап беретін сөздеоді зат есімнің жекеше түрі дейміз:мысалы;биші,аға,тау
Кімдер?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.
Мысалы:бишілер,ағалар,таулар т.б
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу (ауызша)
2-жаттығу (тақтада) Екі бағанға бөліп жазу.
Топқа бөліну. «Жемістер» әдісі бойынша
Экраннан мақал-мәтел көрсетіледі,соны аяқтау,мағыасын түсіндіріп өту.
Ұқыптының тоны тозбас, ............................
Мәтінмен жұмыс «Өкініш»
1-тапсырма:Мәтінді оқу,мазмұнын айтып беру.
2-тапсырма:Мәтінді толық мазмұндау.
3-тапсырма: Мәтінге басқа ат қою. Мәтінге сұрақтар құрастыру.

Сергіту сәті:Қарлығаш болып ұшамыз
Қоян болып қашамыз
Аю болып қорбаңдап,
Орнымызды табамыз
4-тапсырма: Мәтіннің ішінен зат есімнің көпше түрлерін тауып көшіріп жазу
5-тапсырма: Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру.
6-тапсырма: Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру.

Сабақты бекіту: Кітапты күтіп ұстау туралы көріністі тамашалайық.

Барлығы хормен: Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста,кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.

Сабақты қорыту:-Сонымен балалар біз бүгін не үйрендік?

-Зат есімнің жекеше және көпше түрін.

-Мәтінге сұрақтар қоюды.
-Мәтін ішінен зат есімнің жекеше және көпше түрін табуды.
Бағалау:топ басшылары бағалайды.
Үйге тапсырма:Зат есімнің жекеше және көпше түріне мысал құрастыру. Тәрбие.орг сайтынан ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖЕКЕШЕ ЖӘНЕ КӨПШЕ ТҮРІ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Атетова Кенжегуль Амангельдиевна

СҚО Тайынша ауданы КММ "Ильичевка орта мектебі" Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar