Зат есімнің жіктелуі кіріктірілген сабақ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 395
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 08/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21612


Ақмола облысы Зеренді ауданы
«Айдабол орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Дәмелі Хабдиқызы

Күні: 26.01.17ж.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 3-4
Сабақтың тақырыбы: Зат есім. (3 сынып)
Зат есімнің жіктелуі (4 сынып)
Сабақтың мақсаты: Зат есім және зат есімнің жіктелуі туралы түсінік меңгерту. Жіктік жалғаулы сөз бастауышпен байланысып, үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалатынын ұғындыру.
Зат есімнің жіктіктелуінің мәнді белгілерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Пәндік нәтиже: Зат есімнің жіктелуін меңгереді, үш жақта жекеше,көпше түрде жіктей алады. Зат есімді ажырата біледі. Өзара пікір алмасады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық , тақта, тірек-сызбалар.
Сабақтың әдісі: СТО, диологтік оқыту, жеке, жұппен жұмыс.
Сабақтың барысы:
3 сынып 4 сынып
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Біз қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Үлкенді біз көргенде
Ізетпенен иіліп,
Біздер сәлем береміз.
Қызығушылығын ояту.
Психологиялық ахуал: «Нұрға бөлену»
2. Өткенді пысықтау.
Ой қозғау . Өткен сабақты пысықтау. «Топтастыру»
Зат есім туралы не білеміз ( 3-4 сыныпқа бірдей тапсырма.
Әр сынып өз білетіні бойынша топтастырады)
Заттың атын білдіреді
Жер,су,қала аттары Мамандық аттары
Кім? Не? Зат есім Кімдер?
Нелер?
Жан-жануарларға Адам аттары
қойылған аттары Жалқы, жалпы есім Заттың аты білдіреді
Тәуелденеді Септеледі
Кім? Не? Зат есім Жалқы, жалпы
Кімдер?
Нелер? Туынды,негізгі
Дара, күрделі

II .Мағынаны ашу. Жаңа сабақ

Өздік жұмыс.
1-жаттығудағы сөзжұмбақты шеше отырып, оқушылар зат есім туралы бұрынғы алған білімін еске түсіреді, зат есімге сұрақ қояды, зат есімнің ережесін қайталайды.


Мұғалім өзін көрсетіп:Мен ұстазбын.
Бір оқушыны көрсетіп: Сен оқушысың
Үшінші бір баланы көрсетіп:Ол бала
Ендеше көпше түрде: Біз ұстазбыз
Сендер оқушыларсыңдар
Олар балалар.
-Ұстаз, оқушы, бала қай сөз табына жатады.?(Зат есім) Ендеше мен зат есімдерді жаңа қайттім? (Жіктедіңіз)
Бүгінгі танысатын сабағымыз «Зат есімнің жіктелуі» « Зат есімнің жіктелуі » туралы ережені түсіндіру.
Жіктік жалғауы адамның кім екнін , кәсібін көрсететін зат есімдерге жалғанады . Мысалы мен оқушы мын , сен бишісің , сіз мұғалімсіз , ол әнші Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда , оған I,II жақта жіктік жалғау жалғанады. Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше , көпше түрде жалғанады :
Зат есімнің жіктелу үлгісі
Жақ Қосымшалары
Жекеше Көпше
І
ІІ
ІІІ -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін
-сың, -сің,-сыз, -сіз
Жалғауы жоқ -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз
-сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер
Жалғауы жоқ

Оқулықпен жұмыс.
Жұппен жұмыс.
2-жаттығуда берілген мәтіннің мазмұны талданғаннан кейін, оқушылар мәтінді зат есімдерсіз оқып көреді. Содан кейін сөйлем ішінде ең көп кездесетін сөз табы - зат есім екендігі, ол сөздерсіз сөйлемнің мағынасыз болатыны туралы қорытынды жасайды.
Өздік жұмыс.
1-жаттығу .Өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірімен қосымшасын тап, сөйлемнің қай мүшесі екенін айт.
Дәптермен жұмыс. Дәптерге күнді жазу. Көркем жазу.
Қ қ Қ қ Қ қ Қ қ Қ қ Қ қ Қ қ
Желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс айлары .
3-жаттығу.Сөздер тобына тағы үш сөзден қосып жаз.
Адамдар: кім?
Өсімдіктер: не?
Құстар: не?
Балықтар: не?
Аңдар: не?
Еңбек құралдары: не?
Көлік: не? 2- жаттығу.Берілген сөздерді жекеше түрде жіктеп жаз.
Заңгер, домбырашы,сатушы, дәрігер.

Сергіту сәті.

Ой толғаныс
Тест тапсырмалары. Сәйкестендіру тесті

1.Заттың атын білдіретін сөздерді тап:
А) күн ә) биле б) суық
2. Кім? деген сұраққа ауап беретін сөзді көрсет.
А) ән ә) күн б) әнші
3. Не? Сұрағына жауап беретін сөзді көрсет.
А) ақын ә) жер б) адам
4. Жан-жануарға қойылатын сұрақты көрсет.
А) кім? ә) не? Б) кімдер?
5. Адамға қойылатын сұрақты көрсет.
А) не? ә) кім? б) нелер? Зат есімдерді тиісті жалғауларымен сәйкестендір.
ақын - сіңдер
студент - міз
аспаз - быз
әнші - сыңдар
күйші - піз
ұста - бын
бала - сың



Үйге тапсырма:
5-жаттығу 4,5-жаттығу.21 бет
Рефлексия
Бүгін не өттік? Нені меңгердіңдер?
Сабақ ұнады ма?
Сабаққа қалай қатыстыңдар?
Өзін-өзі бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Зат есімнің жіктелуі кіріктірілген сабақ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дәмелі Хабдиқызы

Ақмола облысы Зеренді ауданы "Айдабол орта мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar