Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ж. Өмірбеков «Асығым»
  • 22.04.2016
  • 356 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18791

Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар ауылы
№29 орта мектеп МКМ
Бастауыш сынып мұғалімі Тайлақбаева Жадыра
Күні: 12.04.2016ж.
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ж. Өмірбеков «Асығым»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының ұлттық ойыны асық туралы жалпы түсінік беру. Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырта отырып, бабаларымыздың ойыны туралы түсініктерін түсіндіру.
Дамытушылық: Өлеңді түсініп оқу арқылы оқушыларды өз ойын еркін айтуға, кез келген мәселені сыни тұрғыда өзінше шешуге жағдай туғызу. Мәтінді өз бетімен зерттей оқу арқылы ойлануға, спорттық әлемдік деңгейдегі ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлей білуге,
дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап,
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Оқушыларды түгендеу, амандасу. Қажетті құрал - жабдықтарды тағайындап, олармен таныстыру, психологиялық дайындық.
Сабақты біз бастайық,
Артта қалып қоймайық!
Қандай сұрақ болса да,
Жауап таппай қоймайық!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)
Дәстүріңді таны, салтыңды сақта! Сайгүлік Құл-Керім Елемес, Жаңылтпаш жатқа сұрау
3-4 оқушыдан мазмұнын сұрау. Бір-бірлеріне сұрақтар қою.
ІІІ. Білімді жан-жақты сұрау тексеру кезеңі (3 мин)
-Төрт-түлікке байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.
-Жылқы малының бізге қандай пайдасы бар?
-Сүйегі асыл дегенді қалай түсіндіңдер?
-Ақбозды осындай жағдайға жеткізген адамға не айтар едің?
Тулақ- малдың кепкен терісі
Көтерем-әбден жүдеген мал
Көбең ат-қоңды, тойынғат ат.
IV.Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі (5 мин)
Қазақ халқының көптеген ұлттық ойын түрлері кездеседі. «Орамал тастау»,«Ақ сандық, көк сандық»,«Ұшты-ұшты»,«Түйілген орамал»,«Жасырынбақ»,«Бестас»,«Асық ойындары»,«Сақина тастау»,«Хан талапай»,«Соқыртеке»,«Тоғызқұмалақ» . Осы ойындарының ішінде асыққа ойындарына тоқталсақ.
Мұғалім:
- Асық туралы не білеміз?
Оқушылар:
- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны
- Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.
- Балалардың ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған.
INSERT- кестесін толтыру. Екі бөлігін толтыру
Білемін Білгім келеді? Білдім



V.Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі (20 мин)
Мұғалім: 1920 жылы 20 қарашада Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының «Бесоба» кеңшарына қарайтын Қоңыртөбе тауының бауырында туған. Қарағандының қазіргі Жамбыл атындағы қазақ мектебінде, мұғалімдер институтында оқиды. Сосын Тельман ауданының мектептерінде ұстаздық етеді.
- Компьютер ойындары баланы ашушаң, қатігез, мейрімсіз етеді. Көз жанарын бұзады. Қазір екі баланың бірі көзілдірік киеді, ал Асық ойыны бұрын батырларымызды мергендікке тәрбиелеген.Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Асықты ұзақ уақыт сақтау үшін қынамен бояған.Сонда шірімейді,иісі шықпай ұзақ уақыт сақтаған.Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Қазақы ортада сақалар құнды бұйым ретінде ойыншылардың арасында әртүрлі айырбасқа түсіп отырды. Мысалы, бір сақа екі асыққа айырбасталды. Ал құлжаның сақасы үш асыққа тең болған деген сияқты. Ойыншылар асықтың күтіміне ерекше мән берді. Әсіресе, әртүрлі түске боялған асықтар да жоғары бағаланды. Қазақ әйелдері жүн бояғанда бояудың басыртқысына немесе қалған қалдығына асықтарды салып бояған.Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. – Ойын барысында:
• жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т. б. қимыл-қозғалыстар жатады.
Оқулықпен жұмыс (4 мин)
А) Мұғалімнің оқуы
Ә) Оқушылардың оқуы Оқи отырып өздеріңе түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеп отыру
Сөздікпен жұмыс (2 мин)
Сөздік жұмысы
1.Кеней-ұсақ асық
2. Құлжа - арқардың аталығының асығы
3. Сақа - арқардың асығы
4.. Жабайт – еліктің асығы
5. Асық - қой мен ешкінің асық жілігінен
6.. Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы
Сергіту сәті

Біздің күлкіміз көңілді,
Жеткізсін жылу мен шаттықты.
Бөліскен жақсы ғой өмірде,
Қуаныш, мейірім, бақытты.
Тізбектей оқу
Түртіп алу стратегиясы

V І.Жаңа материалдан түсінгенін тексеру кезеңі (10 мин)
– Асық туралы не білеміз?
– Асық ойнаған кезде қандай қимыл қозғалыстар болады?
- Ақын алшы тұрған асық үшін неге қуанды?
- Өлеңде асықтың тұрыстары туралы не айтылған?
Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады:
1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың /
2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі)
3. Екбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/
4. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/
5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» / омақаса құлаған /
6. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын /қырынан жату/ деп аталады.
V. Асыққа байланысты ырымдар:

Ә. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін, ауырмасын - көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар, болсын дегені. Қыз баланың бесігіне - еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар көркі болсын дегені.
Б: Ерте кездегі табиғаттың қатал, аңдардың олжаға оңай ілікпейтіндігін, аңшының адал еңбегі, ер азаматтың қайраты мен жау жүректілігі екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да аңның асығы қадірлі болады.
Бекіту:- Сақа асықты қалай дайындайды?
VІІІ. Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру кезеңі ( 3 мин)
1 минуттық эссе ( 1 мин)
Маған ... түсінікті болды
Маған ... қиын болды
Маған ... ұнады.
Маған ... оңай болды.
IX. Үй тапсырмасын беру: Барлық асыққа байланысты қазақ халқының мақал – мәтелдерін біліп келу. Өлеңді жаттау.

Сақа асықты қалай дайындайды?

Неліктен ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын қояды?

Асықтың ең сәтті тұрған атауы қалай аталады?

Асық ойнау кезінде қандай қимыл қозғалыстар болады?

Асығым өлеңін жазған кім?

Кеней деген не?

Қазақтың ұлттық ойындарын ата?

Жаппар Өмірбеков қай жерде дүниеге келді? Тәрбие.орг сайтынан Ж. Өмірбеков «Асығым» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тайлақбаева Жадыра

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 356 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar