Жұрнақ пен жалғау

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 717
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 31/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19417


Сабақтың тақырыбы :Өткенді қайталау.Өзіңді-өзің тексер.
Сабақтың мақсаты:1) Сөз және сөз құрлымы туралы білетіндерін жинақтап,практикалық тұрғыдан тексеру,жұрнақ пен жалғауды ажырата білулерін нақтылау.
2)Тапсырмалар,сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын,ойлау қабілеттерін,сөздік қорын дамыту.
3)Сауатты,көркем жазуға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық:
Қазақ тілі - бал тілім, Өзің бар да шалқыдым. Тіліммен бірге самалмын, Тіліме кім тағар мін.
Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты пысықтау. 1) Сөз құрамы неден тұрады? 2) Түбір деген не? 3) Жұрнақ,жалғаудың қызметі. 4) Сөз құрамына талдау. Егіншілердің,суретшілер,дәріханада. 5)Түбірлес сөздер деген не?
ОЙ БАС

ойна ойла ойыншық бастық басшы басқыш

КӨР

көрші көру көргіш
6) Кітаппен жұмыс: 1-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу,қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау. Суда,жүзгіш,сүңгігіш.
2-жаттығу. Мәтінді оқып шығу,ат қою. а)Екі сөйлемді жазып,сөйлем мүшесіне талдау. Құлақты кірпі шөлді жерлерді мекендейді.Кірпі жемін түнде аулайды. ә)Жалаң,жайылма сөйлем деген не?Мысал келтір.
4-жаттығу. Сурет бойынша «Сырғанақта» мәтіні бойынша шағын әңгіме жазу. Қарлы,төбешікке сөздерін сөз құрамына талдау.
5-жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу.Көп нүктенің орнына қ,ғ әріптерін қою. Дыбыс нешеге бөлінеді? Дыбыстық талдау жасау.
6-жаттығу. Төртінші сөйлемді жатқа жазу.
7) Сабақты бекіту.
Жұрнақ Жалғау


8) Үй тапсырмасы: 3-жаттығу Тәрбие.орг сайтынан Жұрнақ пен жалғау Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кулсугурова Қаламқас

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хлебодаровка орта мектебі бастауыш класс мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar