Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жақан Смақов «Отан»
  • 08.02.2017
  • 104 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21601

Әдебиеттік оқу
Мұғалім: Скендирова Гүлжанат
Сыныбы:2-сынып
Мектеп:№21
Сабақтың тақырыбы: Жақан Смақов «Отан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға Отан туралы түсінік беру. Отан өзінің тұратын жері ретінде түсіндіру.
Дамытушылық. Оқушылардың туған елі, Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды Отанын сүйетін, патриот болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекілік: Суреттер,сөзжұмбақ,кестелер.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!

2. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Қартқожаның туған жері
- Мәтін не туралы?
- Осы мәтіннен кешкі ауыл көріністерін айтып беріңдерші?
- Қартқожаға кешкі ауыл суреті қалай көрінді?
-ауыл адамдары қандай қарбалас үстінде?
- Қартқожаға нелер қатты әсер етті?
- Ол өз туған жерін жақсы көрді ме?
- Өз туған жерін сүймейтін қандай адам?
( санасыз, ақылсыз, ақымақ, жетесіз,, зердесіз адам)

Ж.Аймауытов
- Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Туған ел, туған жерсіз адамның күні жоқ.
- Туған ел, туған жер деген сөздер адамның жүрегіне жылы әсер етеді.
- Туған елін, өскен жерін сүю әр адамның парызы.
- Әр адам туып өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады

3.Сабақты қорытындылау
Картамен жұмыс
- Тақтадан не көріп тұрмыз балалар?
- Бұл Қазақстанның картасы
- Неше бөліктен тұрады?
- Астана қай жерде орналасқан? ( солтүстікте)
- Біздің тұрған жеріміз ше? (Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігіне орналасқан)

4.Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу
- Қазір бізге балалар сөзжұмбақ берілген. Сол сөзжұмбақты шешу арқылы біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білеміз
1. Ұлттар бірлігі, татулығы
2. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі
3. Ұлттың аты
4. Сені өмірге әкелген мейірімді жан
Қара түсті торкөздің ішіндегі сөзді бәріміз дауыстап оқиық. Отан
- Ендеше балалар бүгін біз сендермен белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың отан деген өлеңін өтеміз. Жазушы ағамыз өзінің Отанға деген ыстық сезімін өлеңмен жеткізеді.
- ( Дәптерге күнді жазып, тақырыпты жаздыру)
(автор туралы түсінік беру)
Смақов Жақан Смақов Жақан (1932 - 1974)
Смақов Жақан 1932 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында туған.
Жақан Смақовтың елуінші - алпысыншы жылдары «Сыйлық», «Қаз - қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар», «Күлдірген», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлеңдер жинағы басылды. Бұлардан басқа «Біздің атай Түсекең, қартаймайтын кісі екен», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деп аталған сурет кітапшаларын бастырды.
Ақын поэзиясының айрықша бір саласы - жұмбақтары. Бұларда мәнді мазмұн, тапқырлық, көркемдік сырлары бар.
Осы тәрізді жұмбақтарын оқи бергің келеді. Ж. Смақовтың қазақ балалар әдебиетіне енгізген тағы бір жаңалығы - әсерлі, әрекетті ойындар. Бұл ретте халықтың «Соқыр теке», «Талапай» сияқты ойындарын да шебер жандандыра білген.

5. Сергіту сәті
6. Оқулықпен жұмыс
А) мұғалімнің оқуы
Ә) оқушылардың оқуы
Иә балалар. Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы
Біздің ата -*бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен, суымен асырады. Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа мемлекеттер көп. бірақ ана әр адамда біреу – ақ. Ендеше Отан - ана да ол үшін біреу.
Б) осы өлеңді ақын қандай көңіл күнмен жазған деп ойлайсыңдар?
В) Ақын отанды неге теңейді?

8. Дәптермен жұмыс
Өлеңді пайдаланып Отанға, аспанға, тауға, гүлге қатысты көркем сөздерді тауып жазу
Отан – Ұлы Отан, мөп - мөлдір аспан, асқар тау, қауызын ашқан гүл

9.Жалғасын тап ойыны
1. Отан үшін отқа түс..........
2.Отансыз адам -................
3.Отан оттан да..................
10. Қорытынды
- Сонымен балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Отан деген не?

- қазір тақтаға күн шығады. Сол күннің сәулесіндегі теңеулерді барлығымыз бірге айтамыз.
Қонақжай
Баршамызға қымбат
Батыр
Кең пейіл
Көп ұлтты
Өнерлі табиғаты тамаша
Қарқынды даму үстінде
- Бұл туы көкте желбіреп, шыңдары аспанмен таласқан біздің отанымыз Қазақстан Республикасы
Өз Отандарыңның көркеюіне сендер қандай үлес қосудасыңдар?
- Мектепке келіп, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі болу
Үйге тапсырма
Тақпақты жаттау. 8 тапсырманы үйде орындау
Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Жақан Смақов «Отан» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Скендирова Гүлжанат

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Жақан, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, «Отан», Смақов
Көрсетілім: 104 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar