Жалаң және жайылма сөйлем

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 534
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22619


Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№ 188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Қазақбаева Перхан
Cабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
1. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөліну ітұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
2.Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру; Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын қалыптастыру .
3.Сөз қорын байытып, ауызекі және жазба сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Оқыту әдісі: көрнекі, талдау, салыстыру,жинақтау, өз бетінше жұмыс, ізденіс әдісі, ойын.
Көрнекілік: тірек – сызба, слайд, кесте,суреттер.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек,бізге қонақтар келіп отыр тұрып сәлемдесейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге бас иеміз біз!
-Жақсы,балалар отыра қойыңдар!
Психологиялық дайындық: Слайдта Ы. Алтынсариннің портреті шығады.
Мұғалім сөзі:
-Балалар, бұл суретте кім? Ол адам туралы не білеміз?
Балалар жауабы.(Ы.Алтынсарин-ұстаз,алғаш мектеп ашқан,Торғай облысы,қазіргі Қостанай облысынан, «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазған.
-Қандай өлеңін білесіңдер?(Өнер, білім бар жұрттар»,Өзен, «Кел,балалар оқылық!)
Хормен айту.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенін алдынан
Іздемей – ақ табылар!
Балалар, мен сендерге бүгінгі сабақта оқып білгендеріңді көңілдеріне ықыласпен тоқуларына тілектеспін! Сәттілік тілеймін!
II.Мақсат қою кезеңі: «Кім көп біледі?»ойыны
Берілген сұрақтарға жауап беру
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Қазір қыс мезгілі.
-Қыс мезгіліндегі қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?
-Қыс мезгілі суық, аязды, боранды болады.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар қыста не қалайды?
-Аққала.
-Балалар ендеше мен сендерді Аққала қалауға шақырамын ол үшін сендер өткен сабақ бойынша алған білімдерімізді көрсете білулерің керек?
-Қәне, кім шығады?
«Аққала» ойыны арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
Сөйлемнің негізгі белгілерін атайықшы.
1.Сөздер мағына жақтан байланысты болады.
2.Аяқталған ойды білдіреді.
3.Бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
5.соңына (.), (!),(?)қойылады.
6.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
7.Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
8. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
9. Бастауыш деген не?
10. Баяндауыш дегеніміз не?
11.Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
(оқушылар сұрақтарға жауап береді) дұрыс жауапқа қаршалар алады.
ІІІ. Жаңа сабақ
-Жақсы,балалар сендер өткен сабақ бойынша білімдеріңді көрсете білдіңдер.
Аққала да сендерге разы.
Тірек сызба көрсетіледі:
III.Жаңа тақырып:
Жалаң және жайылма сөйлем
-Балалар, оқулықтарыңның 88-бетін ашып Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиық.Ол үшін тақтаға екі оқушы шығып Негеш пен Білімбектің рольдерінде болады.Қалғанымыз мұқият тыңдайық. Олар не жайында айтты екен.Біз дұрыс ереже құрдық па?
(Екі оқушы шығып диалог түрінде Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиды.
Екеуара әңгімеге сүйеніп, сызбаны толтырады қорытынды шығарып.)
Ереже.Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Дидактикалық ойын
97- жаттығуды «Тиісті пойызға орналастыр» ойыны түрінде орындайды.
Сөздерден сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдап, жалаң немесе жайылма екенін анықтайды. Содан соң тиісті пойызға сөйлемдерді орналастырады. Болғанан кейін дұрыстығын слайдтан тексереді.
Бұл сөйлемдердің бір –бірінен ерекшелігі неде?(ережені пысықтау)
Дәптермен жұмыс
-Балалар енді дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазамыз.

Желтоқсанның бесі
Жалаң және жайылма сөйлем
Көркем жазу

Оқулықпен жұмыс.
98 - жаттығу. Қима қағаздағы сөйлемдерді балаларға таратып, тақтадағы екі себетке, яғни жалаң және жайылма белгісіне байланысты сөйлемдерді себетке салады не ажыратып тұсына іледі. Дәптерлеріне жазып алады. Сөйлем мүшелеріне талдап, тиісті сызықпен сызады.

Өзіндік жұмыс
99 - жаттығу.Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жазады.
Оқушылар кездесті.(Оқушылар ардагерлермен кездесті.) Жолаушылар жақындады.(Жолаушылар автобусқа жақындады.)Ұстаз түсіндірді. (Ұстаз сабақ түсіндірді.)Айдын қатысты.(Айдын жарысқа қатысты.)
Оқушылар өз бетінше жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жазады.

IV. Жаңа материал бойынша түсінгендерін тексеру кезеңі:

100-жаттығу.Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендіреді.
Әр оқушыда сәйкестендіру тесті бар.Слайдпен тексеру.



V.Бекіту. Семантикалық картамен жұмыс жүргізу:
Семантикалық картамен жұмыс.
Сөйлемдер Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Мал өрістенкелді
Кептер ұшты
Арман суға шомылды
Жазира киноға барды
Жаңбыржауды
Гүл ашылды

Сөйлемдер Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Әжем дүкенге барды
Балық жүзді
Балалар өзенге шомылды
Мұғалім келді
Боран соқты
Сәуле ыдысты жуды

Венн диаграммасы арқылы түсініктерін пысықтау:



VI. Үй тапсырмасы.Күнделігімізді ашамыз үйге:
1.101 – жаттығудағы. Ребусты шешу.Сөйлем мүшелеріне талдап, сөйлем түріне ажыратады.
2.Шығармашылық тапсырма «Қыс»тақырыбына қысқа әңгіме жазу
Оқушылардың білімін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Жалаң және жайылма сөйлем Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қазақбаева Перхан

Пікірлер: 0

avatar