Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 293
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 23/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20166


Тақырыбы: Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы.

Мақсаты:
1. Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабымен таныса отырып, жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы ақпарат алуға үйрету.
2. Тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысы туралы білімдерін жетілдіру; оқушылардың экологиялық білімдерін дамыту.
3. Табиғатты қорғауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас
Сабақтың көрнекіліктері: «Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы» тақырыбындағы сандық ресурстар, интерактивті тақтада жазылған тапсырмалар, слайд түрлері, үлестірме материалдар, ШҚО–ның физикалық картасы, жануарлардың атрибут-суреттері.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен материалды қайталау.
Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа тақырып.
1. Дайындық кезеңі.
«Шеңбер аясында» рөлдік ойын-жаттығуы.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Бейнефильм, слайдтар бойынша жануарлармен танысу.
ә) Мәтінмен жұмыс
Сергіту сәті.
б) Бақылау күнделігі бойынша жұмыс
в) Экологиялық есептер
ІV. Бекіту.
«Жануарлар» тарауы бойынша тест тапсырмаларын компьютерде орындау.
V. Қорытынды. Оқушылардың білімдерін бағалау.
Рефлексия «Табиғат жанашырлары» акциясын ұйымдастыру.
Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар бір-біріне қол шапалақтап, жағымды көңіл-күй сыйлайды.
ІІ. Өткен материалды қайталау.
- Балалар, біз қазір тіршілік иелерінің қай түрлері бойынша жұмыс жүргізудеміз? (Жануарлар туралы)
- Ендеше сабағымызды осы жануарларға байланысты сөзжұмбақ шешуден бастаймыз. Ол үшін мен сендерге жұмбақтар жасырамын, ал сендер жауабын интерактивті тақтадағы ұяшықтарға жазып отырасыңдар. Тәрбие.орг сайтынан Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Касымжанова Акмарал Салыковна

Семей қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar