Жануарлар жемін қалай аулайды?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 227
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 25/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22980


Сабақтың тақырыбы: Жануарлар жемін қалай аулайды?
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жануарлар тіршілігінде байқала
бермейтін көріністерді оқушының терең сезінуіне
бағыт беру. Жануарлар жемін қалай аулайтыны
жайында мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың алған білімдері
бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым
қорытынды шығара білуге қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардыңтабиғаттың жанашыры
болып қорғауға, туған жер табиғатына деген
сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың көрнекілігі:түрлі суреттер,видеотаспа,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,түсіндіру,әңгімелеу,ой қозғау,топпен жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) дайындығын қадағалау
б) назарларын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Армысың, шапағатты күніміз!
Армысың, мейірімді жеріміз!
Армысың, табиғат-анамыз!
Келді Сізге, өзіңіздің балаңыз!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-Жануарлар немен қоректенеді.
- Суреттегі жануарлардың атын атап, немен қоректенетінін айту.
V. Жаңа сабақ.
Жануарлар жемін қалай аулайды?)
1.Бейнетаспа: (Жануарлар жемін қалай аулайды?)
Мұғалім түсіндірмесі
Оқулықпен жұмыс
-Мәтінді тізбектей оқыту.
-Мәтін мазмұнын қысқаша баяндату.
-Мәтіндегі суреттер бойынша әңгімелеу.
Сергіту сәті:
Жануарлар әлемі
Табиғаттың сәні еді
Бәрі-бәрі ғажайып
Әдемі ғой, әдемі.
Аң патшасы арыстан
Сұлу аң жоқ барыстан
Қыр да биік бөкен де
Желмен бірге жарысқан.
Дәптермен жұмыс:
Жыртқыш жануарлар: жолбарыс, қасқыр, сілеусін, түлкі.
Жыртқыш құстар: жапалақ, дала бүркіті.
Қызықты деректер
-Піл - төрт тізесі бар жалғыз жануар.
-Жирафтың баласы туылғанда 1,5 метр биіктіктен құлап түседі.
-Өркешінің қисықтығына қарамастан түйенің омыртқасы түзу келеді.
-Бірінші дүнежүзілік соғыз кезінде Оңтүстік Африкалық бір маймыл медальға және капрал деген әскери атаққа ие болды.
-Егеуқұйрықтар жер бетінде адамдардан 48 миллион жыл бұрын пайда болды.
-Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.
-Көртышқандар бір түнде 76 метрлік тоннель қаза алады.
-Ұлудың 25 000-нан аса тісі бар.
-Ежелгі мысырлықтар бабуиндерді даяшылыққа үйреткен екен.
-Түйеқұстың жұмыртқасын суда пісіруге 40 минут уақыт кетеді.
-Колибри жүре алмайды.
-Поляр ақ аюлары сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады.
-Жер бетінде өмір сүрген жануарлардың 99% жойылып кетті.
Шығармашылық тапсырма.
1. Ерте, ерте, ертеде бір ашыққан қасқыр келе жатып жайылып жүрген
қойға кезігіпті. ...
2. Ертеде таудың құзында отырған бүркіт, төмендегі қоянды көреді. ...
3. Етеде қарны әбден ашқан түлкі, кірпіге жолығыпты. ...
VI.Сабақты қорыту.
Тобықтай түйін.
“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
«Менің қабылдайтын шешімдерім»
Жануарларды атпаймыз,
Жасыл шөпті баспаймыз.
Табиғатты қорғаймыз,
Ағаштарды сатпаймыз.
VІІ. Үйге тапсырма.
VIII. Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Жануарлар жемін қалай аулайды? Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Машенбаева Назгул Колдасовна

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar