Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жануарлар жемін қалай аулайды (2-сынып)
  • 10.05.2016
  • 459 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18970

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар жемін қалай аулайды?

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жануарлар тіршілігінде байқала
бермейтін көріністерді оқушының терең сезінуіне
бағыт беру. Жануарлар жемін қалай аулайтыны
жайында мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың алған білімдері
бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым
қорытынды шығара білуге қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардыңтабиғаттың жанашыры
болып қорғауға, туған жер табиғатына деген
сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың көрнекілігі:түрлі суреттер,сызба,ойын,топографиялық диктант, тест.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,түсіндіру,әңгімелеу,ой қозғау,топпен жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) дайындығын қадағалау
б) назарларын сабаққа аудару.
Табиғат тіршіліксіз тұнып тұран,
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің,
Сен ормансың,
Сен бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Сен жарықсың,
Сен жерсің,
Сен ауасың,
Сен анамсың,
Бәрі менің өмірім сен сыйлаған.
-Балалар қалай ойлайсыңдар, өлең не туралы? (табиғат)
-Табиғат туралы қай оқулықтан оқып білеміз? (дүниетану)
Олай болса, балалар қазір біз дүниетану сабағын бастаймыз.
Мен сіздерді үш топқа бөлемін.
І-топ «Қасқырлар»
ІІ-топ «Түлкілер»
ІІІ-топ «Қояндар»
ІІ. Үй жұмысын тексеру
«Жануарлар немен қоректенеді?»
Ой қозғау стратегиясы:
Сурет бойынша әңгіме құрау. (89-бет)
І топ 1. Құстардың тұмсығын қара. Ол шырша бүрін шағып жеуге ыңғайлы ма?
2. Аю немен қоректенеді?
ІІ топ 1. Жануарлармен қоректенетін аңдар мен құстарды ата.
2. Өсімдіктермен қоректенетін жануарларды ата.
ІІІ топ 1. Бунақденелілермен қоректенетін жануарларды ата.
2.Шегірткенің түсі өзі отырған шөптің түсімен бірдей. Бұл нені білдіреді?
Мағынаны тану.
Жұмбақ шешу.
І-топ Мысық бітімді,
Қоян құйрықты,
Ит жүрісті ол не? (сілеусін)
ІІ-топ Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да, шу. (түлкі)
ІІІ-топ Сылдырданқорқады,
Шошынып жортады. (қоян)
Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы жануарлардың жемін қалай аулайтыны туралы әңгімелейміз.
V. Дәптермен жұмыс.
(күннің жадын, тақырыпты жазу)
VІ. Жаңа сабақ.
1)мәтіндегі суреттер бойынша әңгімелеу;
2)мәтінді тізбектей оқыту;
3)әр топтан бір оқушыға өз ойын қысқаша баяндату.
VІІ. Топтық жұмыс.
І-топ Жыртқыштарға қандай жануарлар жататынын ата. Оларды неге
жыртқыштар дейтінін түсіндір.
Жолбарыс, қасқыр, арыстан, түлкі жыртқышқа жатады. Олар
етпен қоректенеді. Адамға, малға шабуыл жасайды.
ІІ-топ Өсімдік қоректі жануарларды еске түсір.
Бұғы, құлан, киік, үй жануарлары өсімдікпен қоректенеді.
ІІІ-топ Халық ертегілерінде, тіпті ауыл адамдарында қазір де қасқырды
«жауыз,ұры,қарақшы» деп жек көреді. Неге? Сен қасқыр туралы
өз пікіріңді айт. Себебі олар далада, ауылда отырған
малшылардың қойларына, ірі қара малдарына шабуыл жасап
жегенін жеп, жемегенін өлтіріп кетеді. Сондықтан оны «жауыз,
қарақшы» деп атайды.
VІІІ. Сергіту сәті. Кі- кі- кі бұлғаңдайды түлкі,
Ю- ю- ю қорбаңдайды аю,
Ян- ян- ян секіреді қоян,
Ыр- ыр- ыр ырылдайды қасқыр.
ІХ. Шығармашылық тапсырма. «Қалпына келтіру»
Балалар мына өлең жолдарын мағынасына қарай қалпына келтірейік.
… қонжығы, Түйеге …
… бөлтірігі, Ешкіге …
… көжегі, Қойға …
… жәутігі, Сиырға …
Анаға баласы,
Бәрінен қымбат.
ХІV. Қорытынды.
Тест.
1.Сүтқоректілерге қайсысы жатады? а) балық, құс;
ә) сиыр, бұғы;
2.Жыртқыш аңдарды тап? а) арқар, құлан, түйе;
ә) қасқыр, түлкі, аю;
3.Тиін немен қоректенеді? а) бидай, арпа, сұлы;
ә) саңырауқұлақ, жаңғақ;
4.Балықтар қайда тіршілік етеді? а) суда;
ә) орманда;
5.Бауырмен жорғалаушы қайсысы? а) жылан, кесіртке;
ә) қоңыз, көбелек;
6.Бақа жануарлардың қай түріне жатады? а) қосмекенді;
ә) бауырмен жорғалаушы;
7.Жыл құстарын ата? а) қарға, көгершін, сауысқан;
ә ) қарлығаш,тырна, қараторғай;
8.Қоян неге түлейді? а) жауынан қорғану үшін;
ә) сәндік үшін;
9. «Құралай» деп нені айтады? а) аюдың баласын;
ә) киіктің баласын;
ХV. Жануарлар туралы өлең оқу.
Жануарларды атпаймыз,
Жасыл шөпті баспаймыз.
Табиғатты қорғаймыз,
Ағаштарды сатпаймыз.
ХVІ. Үйге тапсырма.
ХVІІ. Бағалау. (жұлдызша арқылы) Тәрбие.орг сайтынан Жануарлар жемін қалай аулайды (2-сынып) Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Толесинова Адемі

Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы №10 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 459 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar