Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жануарлардың тіршілігі. Жануарлар әлемінің әртүрлілігі.
  • 13.11.2016
  • 446 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20018

Дүниетану пәні
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілігі. Жануарлар әлемінің әртүрлілігі.
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың әртүрлілігі, пайдасы туралы қарапайым түсініктерін тереңдетіп, олардың алуан түрлі екенін белгілеріне қарай ажырата білуге, түрін анықтауға үйрету.
Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қоршаған орта туралы ұғымдарын жетілдіру, сөздік қорын молайту.
Жануарларды сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың өту әдісі: иллюстрациялық баяндау, топтастыру, сұрақ-жауап, іздендіру, жүйелеу, үш тілде жаңа сөздерді қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, деректі фильм, сызбалар, аудиоматериал, АКТ.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.
Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі (3минут)
Шаттық шеңбері.
Қуанамын мен де, (Өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (Жанындағы досын көрсетеді)
Қуанайық достарым, (Бір-бірінің қолдарын ұстайды)
Арайлап атқан күнге! (Қолдарын жоғары көтереді)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (4 минут)
Сызба арқылы үй тапсырмасын бекіту (аңдардың ізі).
1) Қызыл кітап дегеніміз не? (Қызыл кітап – жер бетінен жойылу қаупі бар көптеген өсімдіктердің түрлері еңгізілетін кітап)
2) Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі қандай? Мысалы? (Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі әртүрлі. Мысалы: бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық).
3) Жер бетінен жойылып бара жатқан өсімдіктер бар ма? Қандай? (бар, олар шырша ағашы, дермене, таусағыз, грейг қызғалдағы, т.б.).
4) Өсімдік өсуі үшін қандай жағдайлар қажет?(Жарық, жылу, су, ауа)
5) Өз жеріңдегі өсімдіктерді қорғау үшін қандай шаралар жасар едің?(Табиғатқа қамқорлық жасау, көгалдандыру, ағаштарын түбін әктеу).
6) Өсімдіктің адамға қандай пайдасы бар? Олар? (Көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегіні шығарады).
Аудиоматериал арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

ІІІ. Жаңа сабақ
Аудиоматериал бойынша сұрақтар қойылады.
Кіріспе:
- Әлемді өзіміз жасап көрейік. Қолыма үрленбеген шарды алайын да, үрленгенше үрлеймін. Бұл – әлем. Әлем дегеніміз – ғалам, жер шары, дүние. Онда өмір сүріп жатқан адамдар. Адамдар бір-біріне қамқорлық жасап, мейірімді қарым-қатынас жасаса, сонда ғана әлемде бейбітшілік орнайды. Шардың үстіне ұсақталған түрлі-түсті қағаздар жабыстырамыз. Бұл – жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі. Олардың барлығы жер бетінде тіршілік етеді. Өсімдіктер әлемімен танысып кеттік, енді жануарлар әлемімен танысамыз.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрлері белгілі. «Жануар» сөзі парсы тілінен алғанда «джан-джанвар» сөзінен алғанда қазақша жануар әлемі, яғни дүниежүзіндегі тірі тіршілік иесі деген мағынан береді. Жануарлар жүре алатын және сезе алатын тіршілік иелері. Жануарлар жер бетінде балдырлар мен саңырауқұлақтардан кейін пайда болған.
Жануарлар тіршілік ететін ортасына байланысты жабайы және үй жануарлары деп бөлінеді.(слайдта бір қатар жабайы жануарлар, екінші қатар үй жануарлары көрсетіледі).
2-Слайд. Жануарлардың топтары.
- Сүтқоректілер – 5000 түрі бар. Айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
- Құстар – 8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.
- Жорғалаушылар – 8000 түрі бар. Айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
- Қосмекенділер – 4000 түрі бар. Айырмашылығы құрлықта да суда да тіршілік етеді.
- Балықтар – 20 000 түрі бар. Айырмашылығы жүзеді.
- Бунақденелілер – 1 млн түрі бар. Айырмашылығы ызылдайды, қанатты және қанатсыз болып бөлінеді.

- Оқушылар берілген жануарлардың суреттері арқылы жануарларды 2 топқа топтастырады.

Үй жануарлары Жабайы жануарлар
Сиыр, қой, ешкі, жылқы, тауық, Аю, қасқыр, түлкі, қоян, жылан,

3-Слайд. Жануарлардың қорегі туралы сурет
Қызықты хабарлама.
Өсімдіктер туралы өткенімізді еске түсірейік. Алдымызда құлпырып өсіп тұрған өсімдік тұр.
- Қоректі қайдан алады?
- Өсімдік қоректі табиғи заттардан алады. Су, топырақ, ауа, күн жылуы, жарық.
- Өсімдік қоректі табиғат заттарынан алса, жануарлар өсімдіктерді жейді немесе бірін-бірі жейді.
Жыртқыш жануарлар Өсімдікқоректі жануарлар Жәндікқоректі жануарлар
Қасқыр,арыстан, жолбарыс Жылқы, тиін, қоян Кірпі, борсық, бақа
Жануарлардың қорегі туралы қысқаша мәлімет беру.
- Қане, балалар, оқулығымыздың 81 бетін ашайық. Мен сендерге карточка таратамын, карточкада берілген суреттегі жануардың қорегін оқулықтан тауып, жазыңдар. (Жүріп-жүріп дәптерлерді тексеру, жазуды қадағалау, 2-3 оқушыға жазғанын оқыту)
4-Слайд. Жануарлардың тіршілік ететін мекені туралы бейнесюжет көрсетіледі.
А)Видео бойынша жануарлардың мекені жайлы сурет экранға беріледі.
«картика қою»
- Байқаған боларсыңдар, жануарлардың түрлері өте көп. Олар әртүрлі жерлерде өмір сүруге бейімделген. Егер, өздеріне қолайлы өмір сүретін ортасы жойыла бастаса, жануарлар құрып кетеді.
- Қане, балалар, естеріңе түсіріп көріңдерші, әдебиеттік оқу пәнінен жануарлардың мекені жайлы қандай мәтінмен таныстық?
- «Кімнің мекені жақсы?» Сәкен Жүнісов.
- Иә, балалар, Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы» деген мәтінмен танысқан болатынбыз. Олай болса, балалар, сол мәтіннің үзіндісін қабыл алыңдар. (көрініс болады, суреттері слайдта көрсетіледі, 3 кейіпкердің бетпердесін киген оқушылар көрініс көрсетеді(6-слайд)).

- Дұрыс, сонымен бізге таныс 3 кейіпкер жақсы мекен, жайлы қоныс тапты ма? (мәтіндегі суретті экранға шығару).
- Иә, тапты.
- Мәтіннен көкейіңе не түйдің?
- Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
Сөздікпен жұмыс.(7-Слайд)
Апан – аюдың үйі
Кәрез – араның ұясы
Ін – түлкінің үйі
Ұя – құстың ұясы
Сергіту сәті.
Берілген суретте жануарлардың тұрағын анықтау. Тапқан дұрыс жауаптарын үш тілде айту.
Мысалы, қазақша – аю, орысша – медведь, ағылшынша – bear.
8-Слайд. 82 беттегі сурет.
- Жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайларды суретке қарай отырып, дәптерге теріп жазыңдар. (2-3 оқушы түсіндіреді).
ІV.Пысықтау.
9-Слайд. «Ұяшық таңдау» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріп, сабақты пысықтау.
1-ұ. Жануарлар топтарын ата.
2-ұ. Аюдың суреті.
3-ұ. Ең қорқақ жануар? (қоян)
4-ұ.Жануарлар тіршілігіне не қажет?
5-ұ.Сиырдың суреті.
V.Бекіту.
Үй тапсырмасы: Өздеріңе ұнаған жануарлар туралы ақпарат іздеп, жинақтау. (10-Слайд)
Дәптерге суретін салу. 80-82 бет оқу, мазмұндау.
Бағалау.(Жұлдызшалар арқылы)

«Бекітемін Тәрбие.орг сайтынан Жануарлардың тіршілігі. Жануарлар әлемінің әртүрлілігі. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сағымбаева Жансая

ШҚО Семей қаласы №27 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 446 | Жүктеулер: 10
Барлық пікірлер: 0
avatar