Жарық- жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай Жануарлар қыста қалай жылынады?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 358
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22618


Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№ 188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Байзыханова Рамила Слямхановна
Пәні:дүниетану Уақыты: Кабинет:40
Сабақтың атауы Жарық- жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жануарлар қыста қалай жылынады?
Мақсаты • жануарлардың тіршілігіне қажет жағдайларды түсінеді;
• ұйқыға кететін жануарларды біледі.
• жануарлардың қысқа қалай бейімделетінін айтады;
түлеу дегеннің не екенін түсінеді.

Топпен жұмыс,жұптық жұмыс,сұрақ- жауап, Балмұздақ әдісі, Джигсо әдісі.

Жануарлар суреттері, маркер,А3,постер.
Күтілетін нәтиже

Қолданылатын әдістер

Ресурстар

Психологиялық ахуал Тағы сабақ басталды,
«Бес» алуға аз қалды.
Бəрін айтып жасқанбай,
Риза қылғын басқаны.
Үлгілі де бола біл, Жақсыны сен көре біл!
Таңдандырып үй-ішін
Жақсылық сыйлап, өсе біл
Қызығушылықты ояту Қазақстанның қандай жануарларын білесіңдер?
–Жануарлар тіршілік ету үшін не қажет?
– Жануарлар мекендейтін жерлерін не үшін ауыстырады?
Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз?
«Дыбысты ажырат» ойыны
Жануарлардың дыбысын салу арқылы қай жануар екенін ажырату керек. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Топтық жұмыс.
Оқушылар топпен талдап, адам әр үй жануарлары
үшін не істей алатыныдығын сәйкестендіреді және
таныстырылым әзірлейді. Әр топқа бір жануарды
таңдап алып, ол туралы мәлімет дайындайды.
Оқулықпен жұмыс
Джигсо - ұжымдық оқыту әдісі
Жануарларға тіршілік үшін жылу, тамақ, су жəне ауа керек. Күздің келуімен тамақ азаяды, өйткені майда кеміргіштер ұяларына, жəндіктер ағаштар қабығына тығылады, саңырауқұлақтар мен жемістер өспейді, қар бүкіл жер бетін жауып қалады. Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің індеріне тығылады. Бұл індер тышқан, суыр, борсық сияқты жануарлардың баспанасы. Ауа райы салқын суық кездерде олар соған кіріп жылынып жатады. Қоян түлкі, тиін, қасқырдың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі. Қыста аюдың апаны, борсықтың іні жылуды сақтап тұрады.
Жорғалаушылар мен қосмекенділер, бунақденелілер сияқты жануарлар да жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскен соң ақ олар еш нәрсеге шамасы келмей, қимылсыз қатып қалады. Күн жылынғанда олар қайта тіріледі.
Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ та қыстап, қысқы ұйқыға жатады. Кірпі тіпті жылдың жартысын ұйқымен өткізеді.
Аю да қысқы ұйқыға тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан соң жатады. Сол сияқты жыл құстары да жылы жаққа азық жеткіліксіз болғандықтан ұшып кетеді.
Дәптермен жұмыс.
Жануарлар - ұя, ін, апан - мамық, жүн
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,
шаршағандары
басылады
Ой толғаныс «Балмұздақ» әдісі бойынша сұрақтар беремін.
1.Жарықтың жануарлар тіршілігі үшін маңызы
2.Қандай жануарлар күн көзінің жарығынсыз өмір сүруге бейімделген?
3.Егер жануарлар қысқы азығын дайындамаса, олардың жағдайы не болар еді?
4.Қандай жануарлар ешнәрсеге шамасы келмей қатып қалады?
5.Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін аңдарды ата
6. Қандай аңдардың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн шығады?
Үйге тапсырма
Бағалау Мәтінді оқу, мазмұндау.Өзіңе ұнаған жануардың суретін салу.88 бет Тәрбие.орг сайтынан Жарық- жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай Жануарлар қыста қалай жылынады? Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байзыханова Рамила Слямхановна

Пікірлер: 0

avatar