Жасай бер, тәуелсіз – Қазақстан!

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 547
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 17/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23056


Сабақтың тақырыбы: Жасай бер, тәуелсіз – Қазақстан !

Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули

отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін,

тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.

Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер,компьютер, сахналық қойылым киімдері,слайд,қанатты сөздер,гүлдер, көгершіндер, шарлар.

Қанатты сөздер: 1.«Мәңгілік мақтан,

2. «Жасай бер, жаса,

Дауылпаз дастан – Қазақстан!»

Тәуелсіз ел – Қазақстан!»

3.«Тәуелсіздікке 25 жыл!»

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

- Құрметті оқушылар, ата-аналар!

«Тәуелсіздікке 25 жыл!» мерекесіне арналған «Жасай бер, жаса,Тәуелсіз ел-Қазақстан!» атты 4 сыныптың ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Халқымыздың өткен өмір жолдарына қарасақ,әр жылдың өз шежіресі,өз сыры, өз тарихы бар.

 

(Көрініс «Қалмақ ханы Қоңтажы ханға сөз байласуға баруы»)

Хан ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:

  • Ия,қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса айтыңдар,-депті.

Қазақтан Тайкелтір би:

Өлеңді өзгеге бердік,

Өрлікті төменге бердік.

Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.

Берсең алдық,

Бермесең қалдық.

Сөзді өзіңе салдық!-деп сөзді тастай берді.

Қоңтажы хан Тайкелтірдің төмендеп сөйлеген сөзіне мерейі үстем болып:

  • Олай болса, кешке шейін бір жауап қайырармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас,-депті.
  • Ел ебелек емес, ер көбелек емес, дат!- деді Қазыбек.
  • Өй, өзің жөніңді айтшы, атың кім?- депті Қоңтажы хан.
  • Атым Қазыбек, халқым қазақ руым Қаракесек,- депті.
  • Дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы!- депті хан.

Сонда Қазыбек:

  • Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпанға басындырмаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз.Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сеғн темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз, қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең шабысқалы келгенбіз, сен Қабылан болсаң, мен Арыстан, алысқалы келгенбіз, берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!-депті. Сонда Қоңтажы не дерін білмей сасып қалыпты.

 

  1. бастаушы:

Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,

Елі үшін жорық жасап жан кешті.

Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай,

Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.

Би « Қазақтың қара баласы» (10 оқушы қазақ батырларының киімін киіп билейді)

2-бастаушы:

Біздің туған жеріміз,алтын бесігіміз - кеңбайтақ Қазақстан. Қазақстан біздің Отанымыз.

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс кейпін,

Достым білгің келе ме ?

 

Хор «Қазақ жігіттері»

1-бастаушы:

-Ежелден елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ.

Өз тілін, мәдениетін дамытамын деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді.

1986 жылы 16-желтоқсанда қан төгіс шайқасқа жалғасты.

-Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толды. Бүгінгі жарқын өміріміз сол қаралы күндердің жеңісті жемісі.

1-оқушы:

“Нашақор” деп, “Ұлтшыл” деп, Қазаққа күйе жаққан күн.

Қайғыға халық батқан күн.

Озбырлық күштен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер-Қайрат қыршын кеткен күн.

 

 

2-оқушы: Отыз жеті! Есік бұзар кез кірді,

“Халық жауы!”-естімедік өзге үнді.

Бірінен соң бірі атылған боздақтар,

Тәуелсіздік күнді аңсаумен көз жұмды.

 

2-бастаушы:

-Көз қуанышы, құшағы кең, қонақжай қазақ елінің пейіліне бола берілген:көңіл шуағы, жер жаннаты Алтай мен Атырау, көгілдір Көкше мен Жетісу, Баянауыл мен Қарқаралы, Сарыарқа сынды алып аймақты бауырына басып, Есілі мен Ертісін ағызған қазақтың алып даласы-бабалардың бізге қалдырған аманаты.

7-оқушы:

«Арғы атам- ер түрік,Біз - қазақ еліміз.

Самал тау, шалқар көл,Сарыарқа жеріміз.

Сай-сайлап, мал айдап,

Арқаның ерке өскен

Еркесі-серіміз.»

1-бастаушы: Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күнімен.

Тәуелсіз еліміздің Отаншыл ұрпағын ортаға шақырайық.

Ән «Туған ел» (8 оқушы әскери киім киген, маршпен әнді орындап жүріп, би билейді)

 

Хормен:

Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де,

Өзіңді – өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төрінде.

Өзіңдікі-Туың да,

От пен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буында.

 

 

2-бастаушы:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері бізге аманат.

Еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ,Тәуелсіз елдің азаматы болатынымызға сенеміз.

Хор «Әрқашан күн сөнбесін!»

Тәрбие.орг сайтынан Жасай бер, тәуелсіз – Қазақстан! Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Маликова Актоты Дулатовна

«Теміртау көпсалалы «МИРАС» колледжі» ЖММ Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar