Жасанды жарық көздері дегеніміз не?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 450
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 20/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23112


Сабақ тақырыбы:

Жасанды жарық көздері дегеніміз не?

Мектеп:

Күні :

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;

 

Оқушылардың басым бөлігі:жасанды жарық көздерінің қажеттілігін білу

Кейбір оқушылар:және жасанды жарық көздерін анықтау.

Ресурстар:

 

тірек сөз жазылған үлестірмелі материалдар жиынтығы;

 

аппликациямен жұмыс жасау кезінде пайдала­ натын жиынтық;

 

алғашқы жарық көздерінің суреттері. Интернет-ресурстар. http://svet58.ru/ru/articles/34).

 

Күтілетін нәтижелер:

күнделікті өмірде адамдардың жасанды жарық көздерін пайдаланатынын біледі;

 

кейбір жасанды жарық көздерін (шамшырақ, белгі беретін құрал және шамдарды) белгі беру үшін пайдаланатынын біледі;

 

cабақ барысында оқушының белсенді оқуы ар­ қылы сыни тұрғыдан ойлауын және коммуника­­ тивті дағдысын қалыптастырады.

 

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар

 

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Табиғи жарық көздері әрдайым қажетті жерлерге түсе бермейді. Адам баласына жарықтың қажеттілігі артып, ерте заманнан бері жасанды жарық көздерін ойлап таба бастады. Алдымен от, алау, шырпы шам, кейіннен шырақ, майлы және керосинді шамдар, XIX ғасырдың соңында электр шамы пайда болды. От ең алғашқы жасанды жарық көзі болып саналады. Уақыт өте келе адамдар сапалы жарық көзін майлы тұқымды ағаштарды, майды және табиғи шайырды жағып алуға болатынын білді. Металл өңдеу технологиясын дамыту, шақпақ арқылы тез арада тұтату әдістері алғашқы жасанды жарық көздерін шығаруға және жетілдіруге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде жарықты кез келген жерге орнатуға, орнын ауыстыруға, жанар­ маймен зарядтауға мүмкін болды. Мұнайды, майды және балауызды өңдеудегі жетістіктер отын­ның керекті фракцияларын (тазартылған балауыз, пара­ фин, стеарин, пальмитин, керосин және т.б.) айыруға көмектесті. Осындай жарық көздеріне шырақ, алау,

майлы шам, кейіннен пайда болған мұнай шамы жатады.

 

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Кіріспе тапсырма. Жарық көздерін зерттеу үшінтоптарға бөліп, саяхатқа аттануды ұсынуға болады. Саяхат барысында топ оқушылары тапсырмаларды орындай отырып ұпай жинай алады. Көбірек ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

 

“Кенеттен жел соғып, дауыл тұрды, теңізшілер болжамды бағытынан ауытқып кетті”.

Оқушылар топты құтқару үшін жағалаудың қай жақта екенін анықтап, оқулықтағы тапсырмаларға назар аударып, дұрыс шешімді табуы керек.

Қала көшесі. Тапсырмада оқушыларға фото­суреттердегі жарық көздерін қарастыру және салыстыру ұсынылады. Бірінші суретте күндізгі уақыт бейнеленген, ал екінші суретте табиғи жарық көзі — жұлдыздар. Бірақ олардың жарығы әлсіз. Алайда қала көшелері жақсы жарықтандырылған. Оқушылар­ көшеге жарық беріп тұрған жарық көздерін атай алады.

 

Мұғалім қорытындылай келе, екінші суретте адам қолымен жасалған жарық көздері көрсетілгенін айтуы тиіс. Осындай жарық көздері жасанды жарық деп аталатынын түсіндіреді.

 

Дұрыс орындалған тапсырма топқа ұпай әкеледі.

Сен білесің бе? Оқушылардан құтыда өмірсүретін жын туралы араб ертегісін еске түсіруді сұраңыз. Саяхатты жалғастырарда оқушылар алғашқы жасанды жарық көздерінің пайда болуы туралы тарихи тұрғыда дәлелді суреттерді қолданады.

Жасанды жарық көздері. Оқулықтағы суреткеқарауды ұсыныңыз. Оқушылар күнделікті қолданып жүрген жарық көздерін еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді. Жарық көздерінің қайсысын жиі кездестіресің? Бұл жарық көздерін қайдан көруге болады? Оқушылар күнделікті қандай жарық көздерін қолданады? Топ ішінде тізім құруды ұсыныңыз. Оқушылардың жауабы ұпайларын арттыруға көмектеседі.

 

Түнде жұмыс істейтін адамдар қандай жарық көзін пайдаланатынын айтыңыз, мысалы, наубайханада, зауытта және фабрикада. Оқушылардан қандай маман иелері түнде жұмыс істейтінін сұраңыз. Біреуі­ нің ата-анасы түнгі уақытта жұмыс істесе, жұмыс ту­ ралы егжей-тегжейлі біліп, сыныпқа айтуды ұсыныңыз.

 

Жасанды жарық көзі не үшін қажет? Оқушы­ларға тапсырманың сұрақтарына жауап беруді ұсыныңыз. Талқылау барысында оқушылар кейбір жарық көздерін қолдану арқылы біреудің өмірін сақтап қалуға болатынын түсінеді. Оқушыларды саяхат жасауға шақырыңыз.

 

“Дауыл күшейіп келеді. Экипаждың өмірін сақтап қалу үшін тез арада дұрыс шешім қабылдау қажет”.

 

Суретке қарап, жарық көздерінің қаншалықты маңызды екенін сұраңыз. Шамшырақ пен белгі

беретін құралға ерекше көңіл аудару керек. Адам өмірін сақтап қалу үшін жарық көзінің қаншалықты маңызы бар?

 

Жауабы

 

Шамшырақ. Кемелер жартастарға соғылмау немесе суасты үңгірлеріне түсіп кетпеу үшін және жағалаудың­ қауіпті аумағын жарықтандырy үшін қажет.

Үлкен аспашам. Бөлмені жарықтандыру үшін керек.

Көше шамдары. Түнгі уақытта көшені жарық­ тандыру үшін қажет.

Белгі беретін құрал. Белгілі бір арақашықтықта белгі беру үшін керек.

“Теңізшілер шамшырақтың (маяк) жарығын көрді”. “Шамшырақ” атты жаттығуды орындауды ұсыныңыз

(орындарынан тұрып орындайды).

“Көздеріңді жұмыңдар. Терең тыныс алыңдар. Теңіздің ортасында жартасты жағалау бар деп елестетіңдер. Аралдың ең биік нүктесінде шамшырақ тұр. Әркім өзін адамдарға көмектесетін шамшырақпын деп есептесін. Аралда күшті жел тұрғанда сен қозғалмайсың. Күн демей, түн демей сен мұнара басынан жарық сәулесін шашып тұрасың. Саған адамдар сенеді, көмекке дайын тұратыныңды бағалайды, көздеріңді ашыңдар”.

Сұраңыз: “Шамшырақтың орнында өзіңді қалай сезіндің? Теңізшілерге жол көрсетy сендерге ұнай ма? Сендерге қандай жағдайда сенім артуға болады?”

Ойлан! Оқушылардан далада жанған алауды көргені болса, еске түсіріп, от жалынының күшеюін қимылмен көрсетуді ұсыныңыз. Алаудың қандай жарық көзіне жататынын сұраңыз.

Жауабы

Алау — жасанды жарық көзі. Алау отының жалыны жасанды жарық көзіне жатады.

 

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

“Жарық көзі” ойынын өткізіңіз. Әр топта жарықкөздері бейнеленген бірдей үлестірмелі парақшалар болуы керек. Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, суреттерін жасанды және табиғи жарық көздері деп, екі топқа топтастырады. Қай топ тапсырманы қатесіз әрі жылдам орындаса, сол топ жеңіске жетеді.

 

 

жасанды жарық көздері туралы білетін боласың;

 

жасанды жарық көзін табиғи жарық көзінен ажырата аласың.

 

Пәнаралық байланыс

 

Қосымша тапсырмалар

 

Көркем еңбек. Шамшырақтың аппликациясы.

“Білгір” ойыны. Оқушылар екі топқа бөлініп, жасанды жарық көзін атау бойынша жарысады. Кім қатесіз көп сөз атайды, сол жеңімпаз болады.

 

Жауабы: шырақ, от, алау, ошақ, белгі беретін құрал, отшашу, шамшырақ, торшер, шам, аспашам, қолшам және т.б.

Бағалау

 

Оқушылар адамның қандай жасанды жарық көз­ дерін қолданатынын білетін болады.

Үйіміздегі жарық көзі

Оқушылар өз отбасында қолданылатын жасанды жарық көздерінің суретін салады.

Адам өміріндегі жасанды жарық көзінің маңыз­ дылығын түсінеді.

Аппликация

Жұмбақ шешкенде жұмыс парағына аппликация­ дан шамшырақ жасап көрсетеді.

Оқушылардың тапсырманы орындауын қадағала­ ңыз. Егер оқушы табиғи және жасанды жарық көздерін айыра алатын болса, демек ол тақырыпты жақсы түсін­ гені. Ал айыра алмаса, зерттелген затты қайта көрсетіп­ түсіндіру қажет.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

 

         
Тәрбие.орг сайтынан Жасанды жарық көздері дегеніміз не? Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ерман Күнсұлу Елубайқызы

«№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar