Жеміс бағында

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 359
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 13/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20485


Сабақтың тақырыбы:Жеміс бағында.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестігін сәйкестендіру,табиғат- тіршілік көзі екенін,оны қорғау туралы мағлумат беру,экологиялық,эстетикалық тәрбие қалыптастыру.
Көрнекілігі:суреттер,кеспе қағаздар,
Сабақтың әдісі:түсінік,сұрақ-жауап,
Сабақтың түрі:топтық жұмыс
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:
Жаңа сабақ:Жеміс бағында.
Бүгін балалар біз сіздермен жеміс бағына барамыз.Алайда біз баратын бақ сіздер ойлағандай құстары сайраған,қалың жапырақты,сырғыған жемісі бар,иісі мұрын жарар әсем емес,керісінше,құс атаулы ұшпайтын,жемісі атымен жоқ,жапырақтары түсіп қалған,ал ағаштары қураудың сәл алдында тұрған өте аянышты халдегі бақ.Біз бұл баққа көмекке барамыз.Біздің баққа берер көмегіміз,бұл біздің ақыл-ойымыздың арқасында берілген сұрақтарға дұрыс және тиянақты жауап беруіміз болып табылады.
Бұл үшін мен сіздерді үш топқа бөліп алдым.Әрбір топтың дұрыс жауабы баққа бір өзгешелік енгізеді.Бұл өзгешелік дегеніміз,жапырақтар өседі,жемістер пайда болады,гүлдер өседі,көбелектер,құстар ұшады,күн шығады.Олай болса көмекті бастайық.

1-кезең. «Жүйрік болсаң,шауып көр».
Кемпірқосақтың жеті түрі сияқты әр топқа жеті сұрақ беріледі.
1-топқа сұрақтар:
1.Тері қандай қызмет атқарады? Қорғаныш
2.Адамда неше жұп қабырға болады? 12 жұп
3.Құлақ қандай мүше? Есту мүшесі
4.Тәжірибе не үшін жасалады? Бір заттан екіншісін айыру үшін.
5.Табиғат құбылыстарын ата.Жаңбыр,самал,боран,қар.
6.Су қандай күйде кездеседі?Қатты,сұйық,газ.
7.Аяқ сүйектерін ата.Ортан жілік,асық жілік,кәрі жілік.
2-топқа сұрақтар:
1.Адам денесінің тірегі не? Қаңқа
2.Адамда неше жұп тіс болады? 32 жұп тіс
3.Көз қандай мүше? Көру мүшесі.
4.Термометр қандай құрал?Ауа райын өлшейді.
5.Ауа қандай зат?Түссіз,газ,мөлдір
6.Ішкі мүшелерді ата.Ми,жүрек,өкпе,бауыр,бүйрек,ішек,қарын.
7.Ас қорыту мүшесі не?Асқазан
3-топқа сұрақтар:
1.Адам денесінің моторы не? Жүрек
2.Сезім мүшелеріне нелер жатады? Мұрын,құлақ,көз,тіл,тері.2222222
3.Тіл қандай мүше? Дәм сезу мүшесі
4.Орман дәрігері не?Тоқылдақ
5.Көне тарихи ескерткіш не?Алтын Адам
6.Адам денесін қимыл-қозғалысқа келтіретін не?Бұлшық ет
7.Көктем сайын мүйізін жоғалтатын не?Бұғы.

2-кезең. «Мықты болсаң,тауып көр»
1-топқа:
1.Іздеген мұратына жетер--------------------(жалқаудың өмірі босқа өтер)
2.Ағаш ексең аялап,----------------------------(басыңда болар сая бақ)
3.Ақыл дария,алсаң да таусылмайды,-------------------------------------------
(жер қазына,сатсаң да таусылмайды)
4.Өнерлінің қолы алтын--------------------(өлеңшінің сөзі алтын)
5.Бабасы еккенді-------------------------------------(баласы орады)
2-топқа:
1.Алтын болмаса,зергер қор болады,-------------------------------------------
(жер болмаса ,диқан қор болады)
2.Көлдің көркі құрақ,-------------------------------(таудың көркі бұлақ)
3.Құстың жайын салған білер,-------------------------(құдық жайын қазған білер)
4.Ағаш жапырағымен көрікті--------------------------«жер топырағымен көрікті)
5.Өнерлі бала елдің көркі,---------------------------------(үкілі қамыс көлдің көркі)
3-топқа:
1.Өсер жастың алдын кеспе---------------------(өсер ағаштың бұтағын кеспе)
2.Жаздың бір күні--------------------(қыстың мың күнін асырайды)
3.Сабағы жаман жемістің--------------------------------(дәні де жаман)
4.Туған жердей жер болмас-------------------(туған елдей ел болмас)
5.Туған жердің күні де ыстық--------------------(түні де ыстық)

3-кезең.
Шешен 1-топқа:
----------------------өсеміз.
----------------------пісеміз.
------------------------------
-------------------түсеміз.
2-топқа:
-------------------қызыл,сарымын.
-------------------------------------
----------------------көп бала
-----------------------баршаға.
3-топқа:
-----------------------------қабаққа.
---------------------ағашта
-----------------------------------------
------------------сабаққа.

4-кезең.
«Қаншалықты білемін?»
Кімнің өлеңінен үзінді:
1.Балалар,оқуға бар,жатпа қарап,
Жуынып,киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана,әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.(Ахмет Байтұрсынұлы.Оқуға шақыру)

2.Өнер,білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.(Ыбырай Алтынсарин.Өнер,білім бар жұрттар)

3.Болмасаң да ұссап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз. (Абай Құнанбаев.Адам болам десеңіз)

4.Мынау менің сезгенім,
Ол-сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің,
Баласы оның баласы. (Қадыр Мырза Әли.Мұғалима)

5.Адамдық борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақжолдан айнымай,
Ар сақта,оны біл. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

6.Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Кім мықты ?-десе біреу,-Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба ?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен. (Мұқағали Мақатаев.Үш бақытым)

7.Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. (Диқан Әбілов.Туған тілім)

8.Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана.
Демеп жүрер,жебеп жүрер арқадан,
Болу керек құдіретті төрт ана: (Мұхтар Шаханов.Төрт ана)

9.Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын,бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда. (Абай.Жаз)

5-кезең.
«Кім көп біледі?» сайысы
1-топқа:
1.Қазақтың үш биін ата.
2.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
3.Алғашқы қазақ әліппесін жасаған және алғашқы оқу құралын жазған кім?
4.Қазақтың бас ақыны
5.Жиен деп кімді айтамыз?
2-топқа:
1.Алғаш мектеп ашқан атамызды ата.
2.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
3.Құрманғазының шәкірті кім?
4.Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы-этнограф
5.Бөле деп кімді айтамыз?
3-топқа:
1.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата.
2.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні
3.Күй атасы кім?
4.Дүние жүзі чемпионы атағын алған қазақ балуаны
5.Нағашы деп кімді айтамыз?

6-кезең.
«Мен әдепті баламын»
1-топқа:
1.Не істеуге болмайды?
2.Жамандық неден болады?
2-топқа:
1.Не істеу керек?
2.Жақсылық деген не?
3-топқа:
1.Сен қандай баласың?
2.Жаман әдеттерге нелер жатады?

7-кезең:
«Бәрінен күшті білімің»
Әр топқа ребус беріледі.Сол ребусты шешіп,жауабын оқиды.
1.Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырайды.
2.Өтірік сөз өрге баспайды.
3.Малыңа сүйенбе,арыңа сүйен.

8-кезең.
«Қайталау-білім анасы»
Әр топқа біреуден сурет беріледі.Сол суреттің тақырыбы және қысқаша мазмұнын айтып беру керек.
1.Бүркіт.
2.Бетпақдала.
3.Киіктің айласы.
Топтардың жұмыстарын бағалау,марапаттау. Тәрбие.орг сайтынан Жеміс бағында Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Курбанбаева Маржанай Садвакасовна

Жамбыл облысы,Қордай ауданы,№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar