ӘЖЕСІН ҚАЙСЫСЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 779
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 30/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19833


Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Әжесін қайсысы жақсы көреді?
Сабақтың мақсаты: «Әжесін қайсысы жақсы көреді?» тақырыбымен таныстыру.
Оқушыларды мәнерлеп оқуға, өз ойларын қорытып айта білуга дағдыландыру.
Қамқор болуға, қайырымдылққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың түрі: БжС технологиясы. Ауызша – 1 картасы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі психологиялық дайындық
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
1 – кезең. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар қойылады. (Ө.т.б.қ.қ.с)
2 – кезең. Тірек сөздерді еске түсіру (тірек сөздер кіргізу)
(Т.с.е.с)
3 – кезең. Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар.
(Ж.т.б.қ.қ.с)
4 – кезең. Сыни тұрғыда сұрақтар қою. (С.т.с.қ)
5 – кезең. Сөздік қорын тексеру. (С.қ.т.)
Рефлексия.
Үй тапсырмасын тексеру
1 – кезең. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар қойылады. (Ө.т.б.қ.қ.с) Оқушылардан үй тапсырмасын қарама-қарсы сұрақтар арқылы тексеру
Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар:
1. Мұғалім қандай мейрамға қарсы оқушыларға тапсырма берді?
2. Мәтіннің тақырыбын ата
3. Мұғалім оқушыларға үйге қандай тапсырма берді?
4. Мұғалім тақырыпты айтты ма?
5. Үй тапсырмасын қашан тексерді?
6. Кезек кімге келді?
7. Ол қалай бастады?
8. Мұғалім не істеді?
9. Мұғалім не деді?
10. Оқушылар не істеді?
11. Қыз не деп жауап берді?
12. Бұл «бос сөз» деген кім?
13. Алғашқы екі қолы кім үшін дейді?
14. Отбасында неше бала бар?
15. Әрқайсысы үшін неше қол болды?
16. Асүй, қора, ақша үшін де екі қолдан неше қол?
17. Дұға үшін неше қол?
18. Тура неше қол болады?
19. Мәтінді аударған кім?
Тірек сөздермен жұмыс. Есте сақтау: 1 минут беріледі, жаттайды.
*1минут жазу
*тексеру матрицада белгілеу + - 63 пайыз
*1-2 оқушыға оқыту
*тақтадан толықтырып жазып алу
*түйіндеу
2 – кезең. Тірек сөздерді еске түсіру (тірек сөздер кіргізу)
(Т.с.е.с)
3 – кезең. Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар.
(Ж.т.б.қ.қ.с) Жаңа тақырыпты оқу оқушыларға тапсырылады.
1бетке 4минут уақыт беріледі. Оқушылар тақырыпты оқып шыққаннан кейін оларға тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар қойылады . Әр оқушыға бір-бір сұрақтан қойылады. Оқушы 3сек ішінде қойылған сұраққа жауап беруі тиіс, сұрақ қайталанып оқылмайды.
Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар:
1. Мәтіннің тақырыбы қандай?
2. Балалардың атын ата.
3. Олар әжесінің жанында не істеп отыр?
4. Бірінші боп әжесін кім құшақтады?
5. Әжесінің екінші жағына шыққан кім?
6. Болат Қанатқа не деді?
7. Балалардың егіскеніне риза болған кім?
8. Әжеге не болды?
9. Қанат қорыққаннан не істеді?
10. Жедел жәрдем шықырған кім?
11. Болат жедел жәрдемге неден хабарласады?
12. Үйге кім келді?
13. Дәрігер не істеді?
14. Әжесі басын көтеріп не деді?
15. Дәрігер Болат пен Қанаттан нені сұрайды?
16. Дәрігердің сұрағына кім жауап береді?
17. Ол не дейді?
18. Дәрігердің жауабын айт.
19. Мәтіннің авторы кім?
20. Көзі бұлдырап, қысылып, диванға қисая кеткен кім?
4 – кезең. Сыни тұрғыда сұрақтар қою. (С.т.с.қ)
Сыни сұрақтар:
1. Қанат пен Болат әжесінің жанында ұйықтап жатыр
2. Мен сен сияқты әжемнің басын қатырмаймын деді Болат
3. Әжей немерелерінің егескеніне ызасы түсіп отырды
4. Бір кезде қарияның көзі бұлдырап, қысылып, диванға қисая кетті
5. Болат бақырып жылап жіберді
6. Қанат абыржыған жоқ
7. Болат үлкен кісіше телефонға барып, «полиция» шақырды
8. Ақ халатты дәрігер келді
9. Әжесіне ине шаншып, дәрі берді
10. Әжесі ұйықтап қалды
11. Телефонмен жедел жәрдем шақырған кім дер сұрады дәрігер
12. Қанат мен мін деді
13. Дәрігер ақымақ бала екенсің деді
14. Әжеңді жақсы көреді екенсің деді
15. Мәтіннің авторы Мәдіхат Төрежанов
16. Балалар әжелерін қатты жақсы көреді
17. Қанаттың зәресі ұшып, бақырып жылап жіберді
18. Болат абыржымады
19. Әжесі басын көтеріп, дәрігерге алғыс айтты
20. Болат телефонға барып, жедел жәрдем шақырды
Ақылды бала екенсің деді полиция қызметкері
5 – кезең. Сөздік қорын тексеру. (С.қ.т.) 5 минут
Дәптер алмасу, тексеру 37 сөз 1 оқушыға оқыту
Матрицада белгілеу
*Рефлексия.
*Үйге тапсырма: 101-102 бет оқу, мазмұндау
*Бағалау Тәрбие.орг сайтынан ӘЖЕСІН ҚАЙСЫСЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Еспаева Гаухар Амангелдіқызы

ШҚО Семей қаласы " №18 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar