Жіңішке дауыстылар. Ешкі. Бөрте лақ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 487
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 31/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20732


Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
«№4 Шонжы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Куджакулова Алмагуль Кенжебековна
Ана тілі. 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жіңішке дауыстылар. Ешкі. Бөрте лақ.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды жіңішке дауыстылармен таныстыру. Төрт түлікті таныстыру,ешкі, лақ туралы түсіндіру.
2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту.
3.ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік суреттері, аңдардың суреттері.
Әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, СКТ, тірек-схема.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Психологиялық дайындық.
Сүйемін туған тілді –анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
III. Қонақтармен амандасу.
IV. Үй тапсырмасын тексеру.
a) «Қозы» өлеңін жатқа сұрау.
ә) 36-жаттығуды талдау.
V. Өткенді қайталау.
1. Дыбыстарды не істейміз? (айтамыз, естиміз)
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (8)
3.Әріптерді не істейміз? (көреміз, жазамыз)
4. Жуан дауыстыларды ата (а,о, ұ, ы)
5. Сөздік диктант жаздыру: сүт, айран, қаймақ, сиыр, қозы, өріс, лақ, бұзау, қой. Мал өрісте. Қой қорада.
VI. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. Бүгін жіңішке дауыстылармен танысамыз. Жіңішке дауысты дыбыстар:ә,ө,ү,і,е.
Жұмбақ шешу:
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса тағы сақалы
Секеңдеуді қоймайды (ешкі)
-Ешкінің төлін қалай атайды?
-Балалар, лақ енесінен адасыпты. Орманда аңдар көп. Енесіне бару үшін орманнан өту керек. Аңдар лаққа: «Лақ, лақ сен біздің тапсырмамызды орындасаң біз сені жібереміз» -деп айтады.
Балалар, лақ бізден көмек сұрайды, көмектесеміз бе?
2. Қоянның тапсырмасы: «Сұрақ-жауап»
а)Төрт түлік деп нелерді айтамыз? (түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі)
ә) Төрт түлік төлдерін қалай атайды? (түйе-бота, жылқы-құлын, сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі-лақ)
б)Түйе туралы не білеміз?
в) Сиыр туралы не білеміз?
г) Қой туралы не білеміз?
3. Қасқырдың тапсырмасы: «жаттығу жұмыстарын орындату»
37-жаттығу. 1) Сөздерді дауыстап оқыту, көшірту: қой, ешкі, серке, қозы. Тоқты, лақ.
2) Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сыздыру.
VII. Сергіту сәті: «Төлдер әні»
Аюдың тапсырмасы: «Мәтінмен жұмыс» «Ешкі»
а) Таныстыру, оқып білу.
ә) Оқушыларға тізбектей оқыту.
б) Ешкіге мінездеме беру:
Ешкі –Жүрдек
-өсімтал
-сезімтал
-қорқақ
в) Пайдасы: еті-тамақ; түбіті-шәлі,шұлық, қолғап;сүті- ем.
Балалар, біз сынып болып барлық тапсырмаларды орындадық, лақ енесіне жетті ме?
Қуанған ешкі лағын көріп, былай дейді:
«Бөрте лақ»
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме,деміңді ал
Селтеңдемей құлағың.
Марқа туған бөрте лақ
Әңгімеме сал құлақ.
Ойнай көрме тым ұзап,
Боп жүрмесін бөрі тап.
VIII. Бекіту.
1. Төрт түлікке нелер жатады?
2. Ешкі туралы не білеміз?
3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
IX. Үйге тапсырма 40-42 бет оқу, 38 жаттығу.
X. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Жіңішке дауыстылар. Ешкі. Бөрте лақ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Куджакулова Алмагуль Кенжебековна

Пікірлер: 0

avatar