Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жолда жүру ережесін сақтайық
  • 08.04.2016
  • 490 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18536

Білім беру саласы : Таным .Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі : Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы : Жолда жүру ережесін сақтайық.
Мақсаты: Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы , жол жиегіндегі жол( тротуар) ,жол қиылысы , медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : телефон ,дәрігерлік көмек көрсету пунктінің, автобус аялдамасының белгілері,үйлердің макеті, бағдаршам, түрлі –түсті қарындаштар,бағдаршамға және жол ережелеріне қатысты мультфилм.Бағдаршамның үш көзіне сәйкес,үш түсті жетондар.
Шаттық шеңбері:
Мен бағдаршам
Кезек-кезек жанған шам
Жөн сілтейтін бағдаршам
Жөндеп қарап ал маған.
Тәрбиеші:
Бағдаршам сұрағы
-Сендер көшеде қай жолмен жүресіңдер?
-Жиек жолмен.
-Жолдың қай жағымен жүру керек?
-Оң қол жақпен жүреміз.
-Ата –аналарыңмен, автобусқа
мінерде қай жерде отырып көлік күтесіңдер?
-Аялдамада отырамыз.

Бағдаршамның қызметі қандай ?
-Жол тәртібін реттеуші.
-Бағдаршам сендерге хат жолдапты, ашып көрейік, не жазыпты?
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Жүргізуші: Балалар жүргіншілер мынадай сұрақ қойыпты.
-Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
-Жиек жолмен жүреміз.
-Жиек жол болмағанда ше?
-Жер асты жолымен.
-Жолдың қай жағымен жүру керек?
-Оң қол жақпен жүреміз.
-Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
-Аялдамадан отырамыз.
Тәрбиеші: -Өте жақсы ,бағдаршамның берген сұрақтарына жауап
Бердіңдер.
-Балалар бағдаршамға арналған тақпақтарымызды айтайық.
Мади: Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін,
Тоқта,сақтан, жол ашық.
Жүрме жолға таласып,
Дінаман : Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Қызыл жанды,тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Дәрия: Сары жанды дайындал,
Айналаңа қарап ал,
Айзере: Жасыл жанды,тыңдағын,
Жолың ашық,тұрмағын.
Азамат: Мен көшеден өтерде,
Бағдаршамға қараймын.
Қоймаған ғой бекерге,
Жәрдемшісі ол талайдың.
Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөлінеді
Біріншісі: Бағдаршамның суретін бояйды;
Екінші: Бағдаршамның суретін жапсырады;
Сергіту сәті : Бағдаршам –қызыл жанғанда тыныш тұрады,сары жанғанда қол шапалақтайды, жасыл жанғанда бір орында тұрып жүреді.
Тәрбиеші : Балалар енді ашық сабағымызды қорытындылап алу үшін экранға назар аударайық. Көгілдір экраннан жол ережесіне арналған мультфилмді тамашалайды. Балалар қызыл, сары, жасыл түсті жетондарды пайдаланып, өздерінің көңіл-күйлерінің қандай екенін көрсетеді.Қызыл түс өте жақсы,сары түс жақсы,жасыл түс орташа дегенді білдіреді.Жақсы балалар.Осымен ашық сабағымыз аяқталды,сендерге үлкен рахмет.
Тәрбиеші Қосыбаева Дариға Ермекбаевна Тәрбие.орг сайтынан Жолда жүру ережесін сақтайық Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қосыбаевав Дариға Ермекбаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 490 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar