Ғарыш дегеніміз не?

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 1023
  • Бастауыш сыныпқа арналған презентациялар
  • 19/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21126


Сабақтың мақсаты Ғарыштың шексіздігін, Жердің ғарыштың бір бөлшегі екендігін және оның орнын интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып айқындау. Проблемалық тапсырмалардың шешімін табу, талдау, заңдылықтарды аша білу, танымдық, іздемпаздық,зерттеу қабілеттерін дамыту
Сабақта қолданылатын материалдар Интерактивтік тақта, тапсырмалар жүйесі, оқулық, қосымша әдебиеттер,бейнелі суреттер, бейне ролик
Оқыту әдістері Түсіндіру, мазмұндау, сұрақ-жауап, талдау әдісі.
Оқу нәтижесі Оқушылар сабақта өз ойларын ашық айтып , бір-бірімен ой бөлісіп,оны өмірмен байланыстыра алады, мәтінді зерттеп, талқылап, талдау жасай алатын болады. Сыни ойлауға үйренеді.
Ұйымдастыру кезеңі 1. Психологиялық ахуал .
Көңіл күйлеріңіз қалай? –Керемет! Сабаққа дайындықтарыңыз қалай? -Тамаша! Ынталарыңыз ше? -Ғажап!
2.Ынтымақтастық атмосферасын құру.
(Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын, хатшысын сайлау)
Топ ережесі: Бірін-бірі тыңдау Ойларын ашық айту Сабаққа түгел қатысу Ұйымшыл болу Уақытқа бағыну

Біліммен қаруланған адам-жеңімпаз адам
М. Горький

Үй тапсырмасын тексеру 1.Сілтеме кесте арқылы үй жұмысын тексеру.
Таулы жер табиғаты Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау

2.«Сұрақ менен, жауап сенен » оқушылардың дайындаған сұрақтары
3. «Жұлдызды сәт» ойыны арқылы өткен тарауды қорытындылау.
Балалар, біз қандай бөлімді аяқтадық? бұл бөлімде біз қандай тақырыппен таныстық және қандай білім қалыптастырдық? Не істеуге үйрендік?
Оқушылар жауабы тыңдалады.


Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті: Сабақтағы модулдер
Қызығушылығын ояту III. Сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ шешу арқылы шығару.
Сөзжұмбақ
1.Көп оқыған адам. 2.Аяулы жан. 3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. 4. Ғарыш айлағы. 5. Қыс көлігі.
Жауабы: Ғарыш

-Астрономия деген сөзді естідіңдер ме?-Түсіндірме сөздікте былай деп түсінік беріпті: Астрономия-ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым. Астроном-астрономия маманы. Алғашқы астрономдарды жұлдыз санағыштар деп атаған.
Дәйек сөз.
Астрономдар: «Жұлдызды аспан-табиғаттың ұлы кітабы. Оны оқи алған адам, бізді қоршаған ғарыштың есепсіз байлығының сырын ашады» дейді.
Күн ретін , тақырыпты тақтаға жазу.

Оқушылар өз пікірлерін айтады.
Мағынаны тану

1.Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздар-ды көреміз. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды.Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағыы отты елестетеді.Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене ноқат сияқты болып көрінеді.Негізінен, олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған , тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен 3мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ғалымдардың болжауынша , жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді екен. Жерге ең жақын жұлдыз –Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері планеталар айналып жүреді . (Планета-грекше адасушы жұлдыз деген сөз).
Планеталар-өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Түнгі аспанда оларда жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі-Ай. Жердің ғарыштағы көрінісі көгілдір болып көрінеді еккен себебі, жердің 3-тен 2бөлігін су алып жатқанынан екен.Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.
Күн жүйесі-Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар көп-миллиондап саналады.
Ғарыштың құрамдас бөліктеріне: жұлдыздық жүйелер-галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң-тозаң мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір-түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер жатады. Жер де Әлем денесі.
Оның Әлемдегі орнын қысқаша былай өрнектеуге болады: Жер шары-Күн жүйесі-Галактика-Галактикалар тобы-Әлем (Ғарыш)
Ал, ғарыш дегеніміз не? деген сұраққа келетін болсақ: Жерді қоршаған бүкіл дүние-Әлем немесе Ғарыш деп аталады. 1.Видео ролик. Сен білесің бе?
2. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға іштей оқыту.
3. Тақырыпқа байланысты
Қызықты мәлімет, жұмбақ, тыйым сөздер
4.”Ойлан, тап!”
Ғарышкер, Ғаламшар, Шоқжұлдыз деген сөздерден жаңа сөз туындату


.

Сыни тұрғыдан ойлау,
Ой толғау
2. «Ғылыми жоба»
3топқа тақырып беріледі, сол тақырыпқа кіші ғылыми жоба дайындап, қорғау.
“Күн”тобы: Ғарыш деген ғажайып
“Ай”тобы: Ғарышты зерттеу қай жылдан басталды?
“Жер”тобы: Басқа ғаламшарда өмір сүруге бола ма?
Сабақты қорыту.
Ғылымның жолы-ғажайып!
Ғибрат сабақ алайық.
Ғұмыр бойы ізденіп,
Ғанибет ашу-жаңалық.
Ғылымға құмар қалпыммен,
Ғарышкер болам, бәлкім мен:
Ғұмырлы қазақ елінің,
Ғарышқа жаяр салтын кең...
(Өтепберген Ақыпбекұлы) Бірнеше сөз құрап жазады.

Флипчартқа жазып қорғайды.

Оқушылар өлеңді тыңдап ой түйіндейді Дарынды-талантты

Рефлексия Екі жұлдыз, бір тілек Сабақтан алған әсерлерін білдіреді Көшбасшы-лық
Үйге тапсырма “С”- Аспан әлемі менің ойымша... Эссе жазу.
“В”-”Ғарыш әлемі” альбом жасау.
“А”- “Ғарыш кемесі” сурет салу. Күнделігіне жазады.
Бағалау Бағалау парағы, мұғалімнің бағалауы Бірін-бірі формативті бағалайды Фоматифті бағалау, сумативті бағалауы Тәрбие.орг сайтынан Ғарыш дегеніміз не? Бастауыш сыныпқа арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нургалиева Ырысалды Бегайдарқызы

Қостанай облысы Аманкелді ауданы Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar