Математика. Сағат

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 634
  • Бастауыш сыныпқа арналған презентациялар
  • 21/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21195


Пәні: Математика Сабақ тақырыбы: Сағат
Күні : 19.01.2017ж. Мұғалімнің есімі: Аккалиева Г.
СЫНЫП: 1 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары: 1.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай
Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар
1 минут, 1 сағат, 1 күн, 1 апта сияқты белгілі бір уақыт кескіндері аралығында болуы мүмкін оқиғаларды талқылай алады
Пәндік лексика және терминология
• минут, сағат, жиырма төрт сағат, күн, апта күндері, ай, жыл
• алдында, кейін, бұрында, кешірек, содан кейін, бұдан әрі, ақырында
• қанша уақыт/қаншалықты ұзақ, қашан, дейін
• бір кездері, ертеде
Диалог/ жазылым үшін пайдалы тіркестер сериясы
Талқылау:
• Түскі асқа қанша уақыт бөлесіз?
• Келесі аптаға дейін мен 10 см-ге өсемін бе?
• Бүгіннен бастап бір күннен соң қанша уақыт өтеді?
Себебін айта аласыз ба...?
• ... біз сөйлесіп жатырмыз, "бір сағат күте тұрасыз ба" емес, "бір минут аялдай тұрасыз ба"?
• ... кейбір есептерді шығаруға 1 минут уақыт кетсе, басқаларын шешу үшін 1 сағаттан көбірек уақыт кетеді ме?
• ... біз адам жасын апталармен емес, жылдармен есептейміз бе?
Жазылым:
• Бүгін атқарған жұмыстардың барлығын тізбектеп жазып шығыңыз.
• Апта күндерін дұрыс ретімен жазып шығыңыз.
• Жұмысты орындау үшін нұсқаулықтар тізімін жазып шығыңыз.
Бағалау критерийлері: - циферблат бойынша уақытты анықтайды;
- уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады;
Тірек сөздер Сағат
Алдыңғы оқу Минут, Өзіндік жұмыс
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 минут Сабаққа дайындық
Оқу-құралдарын түгендеу. Кең кеңістік
4-11 минут МК;Ө; Қ
«Ағаш көлеңкесі»Ол үшін оқушыларды күн ашықта аулаға алып шығу. Алдын ала көлеңкесін бормен сызуға болатындай ағашты немесе басқа нысанды таңдап алу. Көлеңкені сызбас бұрын оқушылар назарын Күнге және ағаш көлеңкесіне аудару. Әр оқушының сызықтың ағаш көлеңкесімен дәл беттесетініне назарын аударғанына көзіңізді жеткізу.. Содан кейін оқушыларға 1 сағаттан кейін сыртқа шығып, көлеңкенің қалай өзгергенін бақылайтындарын айту. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз және бақылаудың қорытындысын жасаңыз. 1 сағаттың 1 минуттан ұзақ уақыт мөлшері екенін айту. Осы уақыт аралығында көптеген әрекеттерді жасап үлгеруге болады. Тіпті осы уақыт ішінде Жердің Күнге қатысты орны да өзгереді.Уақытты арнайы құралдың­ көмегімен минутпен, сағатпен өлшеуге болатынын айту. Осы құралды (сағатты) көрсету. Алаң, ағаш, көлеңке бор
12-17 минут МК; Ө; Т; Қ
«Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр?» Тапсырманы орындауға оқушылардың барлығы қатысуы керек. Оқушылардан барлық сағаттағы тілдердің орналасуындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табуды сұрау. Барлық сағатта минуттық тілдер 12-ні көрсетіп тұр, ал сағаттық тілдер әртүрлі жағдайда орналасқан. Олай болса, сағаттағы уақыт 3-ті, 11-ді, 8-ді, 1-ді, 7-ні, 4-ті көрсетіп тұр деп қорытындылау Оқулық
Сағат

Сергіту сәті
17-19 минут Көңілді әуен ырғағымен жатығу жасату. Музыка
Сабақтың ортасы
20- 32 минут МК; Ө;Қ
«Орындап көр» Бұл айдардағы тапсырма оқу­ шылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сондықтан оны әр бала өз бетінше орындауы керек. Әр оқушы алдын ала дайындалған бөлшектерден сағат моделін жасайды. Тапсырма ны орындауға қажет қатырма қағаздан жасалған дөңгелек, сағаттың екі тілі, сым темір (сағатқа тілдерін бекіту үшін) және 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар алдын ала дайындалуы тиіс.
МК; Ж; Қ
«Шығарып көр» Оқушылар жұптаса отырып, сағат модельдері бойынша әр қыздың үй тапсырмасын неше минутта орындағанын анықтайды. Тапсырманы орындау үшін оқушылар сағат пен минуттың өлшем бірліктері арасындағы қатынас туралы білімдерін қолдануы қажет. Жауабы:
Маржан — 60 минут; Айжан — 50 минут.
Ойлан. Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Сондықтан әр баланың өздігінен орындауын талап етіңіз. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылар уақыттың өлшем бірліктері арасындағы арақатынасты біледі.
Жауабы:
сағаттың жартысы 30 минутқа тең.
Сен білесің бе? Бұл айдарда Астана қаласындағы “Күн сағаты” туралы айтып өтіңіз. Толық мәліметті сабаққа қатысты деректі материалдардан алуыңызға болады Оқулық
Сағат моделі
Сым, сандар
Қағаз қалам сызғыш

33-40минут Күн тәртібі.
Тапсырманы орындау барысында оқушылар кейбір іс-әрекеттерді күнделікті бір уақытта қайта­лап істейтінін түсінеді. Сондықтан күн тәртібін кесте түрінде көрсетуге болады. Оқушыларға:­
— олардың әрқайсысы қай уақытта оянатынын;
— сабақ қай уақытта басталатынын;
— сабақ қай уақытта аяқталатынын;
— қай уақытта ойнауға баратынын;
— қай уақытта олардың сүйікті бағдарламалары басталатынын;
— қай уақытта олардың ұйқыға жататынын көрсету керек. Қағаз қалам
41-45 минут Оқушылар сабақ соңында:
минут, сағат туралы түсінік қалыптастырады;
сағатқа қарап уақытты анықтайды және минут пен сағат бірліктері арасындағы арақатынасты
меңгереді.
Оқушылардың жаңа сабақты меңгергенін тексеру үшін “Әткеншек” ойынын ойнатыңыз. Бұл ойын оқушыларды өз ойы мен көзқарасын айтуға дағды­ ландырады. Ойынға сыныптың барлық оқушылары қатысады. Ойын шарты: оқушылар бірінші, екінші деп санап екі топқа бөлінеді. Екі шеңбер құрып, бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады. Ішкі шеңбердегі оқушылар шеңбердің ортасына арқаларымен қарап тұруы шарт. Олардың бәріне ортақ бір сұрақ қойылады. Мысалы: бүгін сен немен таныстың? Ал қарама-қарсы қарап тұрған екі оқушы кезек-кезек бір-біріне осы сұраққа жауап береді. Содан соң сыртқы шеңбердегі оқушылар өздерінің орнында қалады, ал ішкі шеңбердегі оқушылар сағат тілімен жылжиды. Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойып, жауап ала аласыз. Балалардың жанына барып, олардың әрқайсысының жауабына көңіл бөлу.
Төмендегідей сұрақтарды қоюыңызға болады:
— Бүгін сен немен таныстың?
— Сағат дегеніміз не?
— Сағат не үшін қажет?
— Сағаттың қандай пайдасы бар?
— 1 сағатта не істеуге болады?
— Сендер қалай ойлайсыңдар, 1 сағат ішінде не істеп үлгеруге болады?
— 1 сағатта неше минут бар?
— 1 сағаттың жартысы неше минутқа тең?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өзін бағалату. Смайликтер
Қосымша деректер
Астананың 15 жылдығына орай Есіл өзенінің жағасындағы Жеңіс саябағына “Күн сағаты” орнатылды. Сағат стелла тәрізді. Сағат тілдері мен циферблаты қоладан жасалған. Стелланың биіктігі 10 метр. Нақты уақытты анықтау үшін стелладан циферблатқа түскен көлеңкеге назар аудару қажет. Циферблатта көлеңке түсетін 6, 9, 12, 15 және 18:00 сағаттары белгіленген. Жоба авторы — қазақстандық сәулетші Антон Максимов. Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Математикалық тілде сауатты сөйлеуі мен өзін-өзі бағалау дағдысын дамыту үшін оқушыларға жауапты толық беруге, өз ойларын еркін айтуға көмектесіңіз. Тәрбие.орг сайтынан Математика. Сағат Бастауыш сыныпқа арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аккалиева Гульхан

Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar