Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Тез ойла, тез ойна"
  • 13.11.2016
  • 322 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20012

Тақырыбы: Логикалық ізденіс тапсырмалары
Мақсаты: Оқушылардың логикалық әлемінен алған білімдерін сайыс барысында ортаға салу.Танымдық көзқарастарын, логикалық ойлау, шапшандық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлімі
1.Сайыс кезеңдерімен таныстыру
І кезең: «Бәйге»
ІІ кезең «Тез ойла, тез ойна!»
ІІІ кезең «Сиқырлы фигуралар»
ІV кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
V кезең «Ұшқыр ой»
VI кезең «Кім жылдам?»
2. Топтардың аттарымен , ұранымен танысу.
Қима қағаздар тарату арқылы, берілген суреттерді құрастыру бойынша топқа бөлінеді.
І топтың аты - Топтың аты – «Тұлпар»
Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арыңды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды
ІІ топтың аты - Топтың аты – «Сұңқар»
Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз !
ІІІ топтың аты - Топтың аты- Қыран тобы.
Ұраны: Қырандай қалықтаймыз,
оқудан жалықпаймыз.
Бүгінгі кешімізге қатысушы топтармен таныс болыңыздар.
1– топ Тұлпар. 2– топ. Сұңқар. 3– топ. Қыран .
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста – деп сайысын бастаймыз.
Шеберлікті білімді,
Сараптап сендер көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер - дей отырып әділ қазылар алқасын бүгінгі мектеп қонақтары екендігін ескертейік.
ІІ. Негізгі бөлімі
І кезең: «Бәйге»
Құрметті сайыскерлер!
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Жұмабқтарын қиын болсын.
дей отырып, сайысымыздың «Бәйге» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бірінші «Бәйге» бөліміне қатысушылар қойылған жұмбақтарға тез және нақты жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа 10 ұпай. Сонымен оқушылар,
іске сәт.Бұл бөлімде 6 жұмбақ берілген: 10, 20, 30 деген сандарды суырып,
жұмбақтарға жауап беру. (Әр топ оқушылары қойылған жұмбақтарға 1 минут ішінде тез әрі дұрыс жауап беруі тиіс.)
ІІ кезең: «Тез ойла, тез ойна ! » ойыны . Берілген тапсырмаларды құрастыру керек. Дұрыс жауапқа 20 ұпай, толық есем жауапқа 10 ұпай беріледі.
ІІІ кезең: «Сиқырлы фигуралар». Таяқшалардан құрастырылған фигуралардың таяқшаларын өзгерту арқылы басқа бағытқа қаратып қою.
(үйшіктің 1 таяқшасын,, балық, шаяндардың 3 таяқшаларын ауыстыру)
Дұрыс жауапқа 30 ұпай, толық есем жауапқа 10немесе 20 ұпай беріледі.
ІV кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Берілген тапсырмаларшы шартымен орындау:
І- топ: 24 бірдей доп берілген. Әр қатарды 5 топтан болатындай етіп, барлық доптарды 6 қатарға орналастыр.
ІІ- топ:5 алманы 6 балаға бірдей етіп қалай бөліп беруге болады?
ІІІ- топ: Сөредегі кітаптар ретсіз орналасқан. Кітаптарды қатар тұрған 2 кітаптан алып, 3 рет орындарын ауыстырып, оларды ретімен қалай орналастыру керек?
Дұрыс жауапқа 40 ұпай, толық есем жауапқа 10 немесе 20 ұпай беріледі.
V кезең: «Ұшқыр ой».
Ой балалар, балалар
Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойындар
Мен берген тапсырманы
Бұлжытпай орындаңдар.
Топ басшылары әр түрлі тәсілмен сұрақтарды оқиды. Сол топтың оқушылары жауап береді. Дұрыс жауапқа 50 ұпай, толық есем жауапқа 10 немесе 20 ұпай беріледі.

VІ кезең: «Кім жылдам?» Тест сұрақтары берілген.
Ал,сайыскерлер келіңдер,
Біріне -бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Шешімін тауып көріңдер
Дұрыс жауапқа 50 ұпай, толық есем жауапқа 10 , 20, 30 ұпай беріледі.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз-дей отырып, жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Сайысқа қатысушыларды марапаттау.

Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!-де келе сайысымызды аяқтаймыз!
Баршыңызға сәттілік тілеймін! Тәрбие.орг сайтынан "Тез ойла, тез ойна" Бастауыш сыныпқа арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шотыбасова Анар Асановна

(Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы . « № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш мұғалім

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған презентациялар
Көрсетілім: 322 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar