§38.Түр. Түр критерийлері. Популяция.

  • Жүктеулер: 39
  • Көрсетілім: 3249
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 02/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19855


Сабақтың тақырыбы: §38.Түр. Түр критерийлері. Популяция.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Түр, түр критерийлері (морфологиялық, физиологиялық, генетикалық,
экологиялық) популяция туралы білім беру.
Дамытушылық – түр тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі өлшем бірлігі туралы көзқарастарын
дамыту, оқушылардың белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды бір - бірін сыйлауға, ақылдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақ түрі: Ой дамыту сабағы
Сабақ беру әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, үйрету.
Көрнекілігі: Тақта, сурет, таблица, бағалау парақшасы, слайд «Түр».
Пайдаланған әдебиеттер: 1. М.Қ. Гильманов. А.Р.Соловьева, Л.Ү.Әбшенова – Биология 9
2. Ж. Шілдебаев, Ж. Қожантаев, Л. Аманжолова – Биология-9
3. Дарвинизм
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
а)Тест сұрақтары
б)«Біліміңді сына» Сұрақтарға жауап беру.
3. Жаңа білімді меңгерту.
а) Қызығуды ояту сатысы.
4. Мәтінмен және тірек сөздермен жұмыс
5. Білімді өз бетінше қолдану (қарама-қарсы сұрақтар)
6. Бағалау және өзін-өзі бағалау
7. Қорытындылау
8. Үй тапсырмасы.

1.Ұйымдастыру.
-Саламатсыздар ма оқушылар!
-Бүгін кім кезекші, тақтаны сүртіп қой!
-Сабақта бүгін кім жоқ!
-Бүгінгі күннің жадын дәптерлеріңізге жазып алыңдар.
Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру және қорытындылау.
Балалар, біз бүгін сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлеміз.Әртопта топ жетекшілері анықталып, оларға бағалау парағы таратылады. Сол арқылы топ жетекшілер оқушылардың берген жауаптарын қадағалап, бағалап отырады.

2.Үй тапсырмасын сұрау.
а) «Тест» сұрақтарына ауызша жауап беру.
1. Органикалық әлем эволюциясы неше дәлелдемеден тұрады?
А) 5 В) 6 С) 7 Д) 4 Е) 8
2. ............ дегеніміз филогенезді қысқаша және толық емес қайталау.
А) Филогенез В) Дәлелдеме С) Эмбриологиялық дәлел Д) Онтогенез Е) Өтпелі форма
3. Өліп біткен тірі ағзалардың қазынды қалдықтарына негізделген дәлелдеме.
А) Эмбриологиялық В)Палеонтологиялық С) Анатомиялық Д) Генетикалық Е)Биогеографиялық
4.Хромосомалардың құрлысын, саны мен мөлшерін салыстыруға негізделген дәлелдеме.
А) Генетикалық В) Эмбриологиялық С) Палеонтологиялық Д) Биогеографиялық Е) Анатомиялық
5. Адамда неше жұп хромосома болады.
А) 48 В)21 С) 48 Д) 17 Е)23
6. Адамның хромосомаларының мөлшері мен пішіні ғана емес, реңінеде бір-біріне сай келетін қай жануардың хромосомасы
А) тышқан В) маймыл С) Шегіртке Д) Жылқы Е)Балық
7. Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрлысы мен шығу тегі басқа мүшелер.
А) Гомологиялық В) Анатомиялық С)Аналогиялық Д)Эмбриологиялық Е) Генетикалық
8. Көпжасушалы организмдердің барлығы қандай жұмыртқа жасушасынан жетіледі?
А) Ұрықтанбаған В) Ұрықтанған С)Жартылай ұрықтанған Д)Толық түрленген Е) Толық емес түрленген
9.Ағылшын ғалымы А.Р. Уоллесь неше биогеографиялық аймақты атап көрсетті.
А) 5 В)8 С) 7 Д) 6 Е) 12
10. Бұрынғы заманда тіршілік еткен жорғалаушылардың құйрық неш омыртқадан тұрады.
А) 2 В) 17 С) 20 Д) 70 Е) 75
1. А 2. Д 3.В 4.А 5. Е 6. В 7. С 8.В 9. Д 10.С

б)«Біліміңді сына» Сұрақтарға жауап беру.
1.Онтогенез дегеніміз не? Бір дарақтың туу үдерісінен өлгенге дейінгі жеке дамуы.
2.Филогенез? Барлық тірлік атаулының тарихи даму үдерісі.
3.Полеонтологиялық дәлел? Өліп біткен тірі ағзаның қазынды қалдықтарына негізделген.
4.Анатомиялық дәлел? Жеке мүшелер және тұтас ағзаларды салыстырып, қатарлап орналастыруға негізделген.
5.Генетикалық дәлел? Хромосомалық құрылысын, саны мен мөлшерін салыстыруға негізделген.
6.Биогеографиялық дәлелдер? Тірі ағзаның ғаламшарларға таралып орнығуының заңдылықтарын зерттеу ғылымы.

3. Жаңа білімді меңгерту.
а) Қызығуды ояту сатысы.
Популяция туралы түсінік Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.
«Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды. «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.
Бір популяцияға жататын азғалар бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда тұраралық қарым- қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік туріші қарым қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата- аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар.
Түрдің популяциялық құрылымы
Түрдің популяциялық құрылымы Әрбір түр белгілі бер территорияда (ареалда) тіршілік ете отырып сол территорияда популяциялар жүйесі ретінде көрінеді. Түр тіршілік еткен ареал неғұрлым күрделі, бөлшектенген болса популяциялар арасындағы алшақтық та соғұрлым жоғары болады. Алайда түрдің популяциялық құрылымын оның биологиялық ерекшеліктері - особьтардың қозғалу белсенділігі, табиғи кедергілерді, тосқауылдарды жеңе білуі және т.б. анықтайды. Егер түр мүшелері үлкен кеңістікте үнемі қозғалып, араласың жатса мұндай түр аз ғана ірі-ірі популяциялардан тұратын түр болып сипаттталады. Көшіп-қону (миграция) қабілеттілігімен әдетте солтүстік бұғылары, Африка саванналарындағы тұяқты жануарлар ерекшеленеді. Олар маусымдық көшіп-қону кезінде жүздеген шақырым жерлерді артқа тастайды. Мұндай түрге жататын популяциялардың шекаралары әдетте, үлкен географиялық тосқауыл, бөгеттер - үлкен өзендер, тау жоталары т.б. бойынша өтеді.
1. Морфологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыс белгілерінің ұқсастығын көрсетеді. Дегенмен табиғатта морфологиялық жағынан ұқсас болғанымен бір түрге жатпайтын, хромосомолар жиынтығы әр түрлі бір-бірімен шағылыса алмайтын түр "қосарлары" да кездеседі. Осы уакытқа дейін бір түр деп есептеп келген "безгек масасының" 15 түр қосары табылды. Тек дене тұрқы, реңі, т.б. белгілеріне қарап түрлерді анықтау жеткіліксіз.
2. Генетикалық критерий — әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері болады. Сондықтан бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды. Егер тұраралық шағылысу бола қалған жағдайда, олардан тіршілік етуге кабілетсіз гаметалар,зиготалар, ұрықтар және ұрпақтар пайда болады. Тіпті тұраралық шағылысудан жақсы жетіліп туған ұрпақтың өзі (бие мен әңгі есектің шағылысуынан шыққан қашыр) бедеу, яғни ұрпақ бермейді. Әрбір түрдің генотипі эволюциялық жолмен дамитын және биологиялық бейімделушілікті көрсететін күрделі жүйе. Түрдің барлық критерийлерін бір-бірімен байланыста қолдану әрбір жеке түрді бір- бірінен ажыратып, сипаттап толық анықтауға мүмкіндік береді.
3. Физиологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың тіршілік әрекеттерінің (зат алмасу, көбею, тітіркену және т.б.) ұқсастығын сипаттауға негізделген.
4. Биохимиялық критерий — түрлердің сан алуан болуы нәруыздың құрылысы мен құрамының түрліше болуына байланысты байқалады. Сондықтан биохимиялық критерий әр түрдің жеке топтарында олардың өзіне тән жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделуімен ерекшеленеді.Биохимиялық (тірі материяның химиялық құрамы) өлшем деп те атайды. Бұл өлшемді дарақтардың белгілі бір түрге тиесілігін анықтаған кезде оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану деп түсіндіріледі. Атап айтқанда егіз-түрлер осылай айқындалып, ажыратылды. Осы және генетиқалық өлшемді қолдану соңынан кейбір дербес түр деп есеп- телгендер біріктірілді.
5. Географиялық критерий — түрдің таралу аймағын анықтайды. Әрбір жеке түр белгілі бір кеңістікте тіршілік етеді. Кейбір түрлер көбірек көлемді жерлерге таралса, екінші бір түр шағын кеңістікте кездеседі. Түрдің таралу аймағы үлкен немесе кіші, тұтас немесе оқшау болуы мүмкін. Мысалы, мамонт ағашы мен мәңгі жасыл секвойя мезозой заманының бор кезеңінде пайда болған. Бұл көне замандық түрлер кайнозой заманының үштік кезеңінде Солтүстік жарты шарда кеңінен таралды. Ал казіргі кезде олар Солтүстік Америка, Калифорния жағалауларында жергілікті түр болып сақталып калды.
6. Экологиялық критерий — әp түрдің нақты алып жатқан орнын (мекен ортасын) анықтайды. Мысалы, қоян туысының 3 түрі бар: орқоян — далалы аймақты, аққоян — орманды алқапты, ал құмқояны — шөлді, шөлейтті жерлерді мекендейді. Бір түрге жататын даралардың басқа түр дараларынан айырмашылығы қоректенуі мен мекен ететін ортасына байланысты ажыратылады. Бір түрге жатса да қасқырлардың тундрада және орманды дала аймағында мекендейтіндерінің тіршілік жағдайында айырмашылықтар бар. Сондықтан тек экологиялық критериймен түрлердің ерекшеліктерін анықтау жеткіліксіз.
7. Этологиялық критерий — организмдердің бір-бірінен мінез- қылығының айырмашылығымен айқындалады. Жақын түрлердің мінез-қылығындагы айырмашылықтар, әсіресе жыныстық қатынаста бір-бірімен жақындасып жанасар кезінде байкалады. Мысалы, әр түрлі қимылдар жасап "күй ойнақ" салуы, сайрағыш құстардың сайрау кезінде дыбыстарын құбылтуы, т.б.

4. Мәтінмен және тірек сөздермен жұмыс
Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады.
Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталып, тақтаға жазылады:
1.Түр.
2. Микроэволюция.
3. Популяция
4. Критерий (өлшем)
5. Морфологиялық өлшем
6. Сыртқы белгісінің жиынтығы.
7. Физиологиялық өлшем
8. Генетикалық өлшем
9.Экологиялық өлшем
10.Генефонд
1. Түр – құрлысы ұқсас, шығу тегі бір, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ бере алатын даралар жиынтығн айтады.
2. Микроэволюция – эволюциялық әрекеттер мен процестердің бастапқы кезеңдерін айтады.
3. Популяция – Бұл эволюцияның элементар бірлігі. Түр дараларының оқшауланған шағын топтары.
4. Критерий өлшем – кез келген түр даралары басқа түрлерден тек өздеріне тән белгілері және қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
5. Морфологиялық өлшем – бір түрге жататын даралардың ішкі және сыртқы құрлысының ұқсастығын сипаттайды.
6. Сыртқы белгісінің жиынтығы – фенотип.
7. Физиологиялық өлшем – Бір түр дараларының барлық тіршілік әрекеттерінің ұқсастығын көрсетеді.
8. Генетикалық өлшем – әр түрдің өзіне ғана тән хромосомалар жиынтығын және ДНҚ-дағы нуклеотидтер құрамын сипаттайды.
9. Генефонд –популяциядағы гендердің жиынтығын айтады.
10. Экологиялық өлшем – түрдің тіршілік еткен аумағын айтады.
Кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс.

5. Білімді өз бетінше қолдану (қарама-қарсы сұрақтар)
Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.
Қарама-қарсы сұрақтар:
1.Түр дегеніміз не? (түр-тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық өлшем бірлігі)
2.Түр ұғымының негізін қалаған ғалым(К.Линней)
3.Қазіргі заманғы түсінік бойынша түр дегеніміз (Бұл сыртқы белгілері мен тіршілік әрекеттерінің үдерістері бойынша ұқсас ,біркелкі жағдайларға мұқтаж, белгілі аумақта топтасып-популяция түрінде мекендейтін және өзге түрлермен будан түзбейтін дарақтардың тобы)
4.Түрге тағы да қалай анықтама беруге болады (Бұл төрт өлшем бойынша ұқсас дарақтар тобы)
5.Түрдің өлшемдерін атап айтыңдар (морфологиялық, физиологиялық, генетикалық, экологиялық)
6.Морфологиялық өлшем дегеніміз не (Бұл тірі ағзалардың сыртқы және ішкі құрылыстарының ұқсастығы)
7.Егіз – түрлер дегеніміз не (Бұл сыртқы айырмашылықтары айқын білінбейтін жануарлар немесе өсімдіктердің мүлде дербес түрлері)
8.Егіз түрлер қалай айқындалып, ажыратылады? (Оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану арқылы ажыратады)
9.Бүгінгі күні негізгі болып есептелетін түр өлшемі? (генетикалық)
10.Адам түраралық будандастыруда қандай кедергілерді жеңді ( биологиялық кедергіні)
11.Жануарлардың түр аралық будандарының ең басты ерекшелігінеде, мысал келтіріңіз
( ұрпақ бере алмауы)
12.Түрдің таралу аймағына табиғи жағдайлар жиынтығы қамтылатын өлшем (экологиялықі)
13.Түрлердің барлығы өзінің таралу сапасы бойынша неше топқа бөлінеді (2)
14.Кез келген түр табиғатта қалай өмір сүреді? (оқшауланған дарақтар түрінде)
15.Таралу аймағының белгілі бөлігінде тіршілік ететін ,үнемі еркін шағылысатын бір түр дарақтарының тобы қалай аталады? (Популяция)
16.Түр иеленушілікті сенімді түрде анықтау үшін қандай өлшемді алу керек? (өлшемдер жиынтығының барлығын қолдану қажет)

6. Бағалау және өзін-өзі бағалау
Тез және сапалы жұмыс жасаған, толық жауап берген оқушыларды мадақтау. Сабаққа қатысып отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау. Барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. Топбасшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

7. Қорытындылау.
Популяция – бұл таралу аймағының белгілі бөлігінде тіршілік ететін, үнемі еркін шағыласатын бір түр дарақтарының тобы. Бүгінгі сабақты осы тақырыпен аяқтаймыз.

8. Үй тапсырмасы.
1. §38.Түр. Түр критерийлері. Популяция.
2. А, В, С деңгейлік сұрақтар жауап беру. Тәрбие.орг сайтынан §38.Түр. Түр критерийлері. Популяция. Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Саттыкличева Айнур Каирбеккызы

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты Биология және химия пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar